Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Солдатта осынау ішкі арпалыс сәтте, таразының екі басы біресе бір, біресе екінші жағына қарай алма кезек ауытқи бастаған кезде, солдат осы екі бірдей сиқырлы сезімнің арбауына берілген сәтте бұйрық беріледі. Командирдің бұйрығы, оның әмірлі де қарсылықты басып тастайтын үні, сенімді де сабырлы дауыс ырғағы - жауынгер кеудесіне сенімділік ұялататын, оның ерік күшін, жүйкесін ширата түсетін, парызын орындауға серпін беретін, жауынгерді жүрексіздің қолынан масқара болудан аман алып қалатын, жауынгерлік рух беріп, солдаттың ар-ожданын алдамшы, бірақ та жаман психологиядан - қорқыныш сезімінен сақтап қалатын Отанның ұлдарына берген бұйрығы болып табылады.

Мен жоғарыда: «...ұрысты басқару - бұл жүйкені (психиканы) басқару» деп айтқан себебім сондықтан еді. Міне, сондықтан да ұрыс кезіндегі командирдің бұйрығының мәні тек қана басқару құралы ретінде ғана емес, сондай-ақ қорқыныш сезімін парыз сезімінің түпкілікті жеңу құралы ретінде де мәні баға жеткісіз.

Жауынгер қорқыныш сезімін жеңіп, көптеген қауіп-қатердің ішінде өзін сабырлы сезінеді (әрине, салыстырмалы түрде) ол өзінің қаруының күшіне сенеді және ұрыс даласында ақылмен, сабырлылықпен, есеппенен әрекет етеді, кейде тіпті өзі әбден азап шеккен, жауға деген әбден қайнаған ыза-кекпен аласұрып бас амандығын да ұмытып, қауіп- қатерге көзбе-көз ұмтылып, оны жеңіп шығады.

Біздің солдаттар баспасөзде, әсіресе, Қазақстан баспасөзі бетінде тым сұрқай түрде көрсетіледі. Сондықтан мен 1942 жылдың басында қазақ жазушылары мен журналистеріне хат жазуға мәжбүр болдым. Олардың көбі өткір жазылған хатты көңілдеріне алып, маған өкпелеп қалыпты.

Сәбит Мұқанов менің мына өлең жолдарыма қатты өкпелеп қалыпты:

Жер күңіреніп, су тасып, қара бұлт көшкенде, Ел күйзеліп, ер қажып қара түн басқа түскенде, Ата тегі жер үшін, туысқан-туған ел үшін, Ел ерлері майданда белуардан қан кешкенде Соғыс жазушыға не берді?

Жазушы соғысқа не берді?

Дау емес менің сұрауым, көптің бірі болған соң,Менің менім мен емес, мыңның мені болған соң.

Осында қатысып отырған екеу - Мұхтар мен Ғабит өз әріптесі мен председательге қосылуына тура келер, болмаса езінің творчестволық жазушылық арының алдында осы екі сұраққа жауап берер деп ойлаймын, (оларға бұрылып): Мына сын сағатта, бүгінгі ойран таңда, елдің елдігі, ердің ерлігі туралы қолыма мылтық ұстап жүрген мен жазамын ба, жоқ қалам ұстаған сендер жазасыңдар ма? Бел дүние, ол дүниеде жазу қайсымызға борыш?

Ойланып көріңіздерші. Өкпелеу үшін үлкен ақылдың керегі де жоқ. «Жазушыларға жазған хатымда» мен ең алдымен солдат адам және адамға тән барлық нәрселер оған да тән деп айтқым келген еді. Ұрыстағы ең қатерлі қару - адам жаны, оған қажетті оқ-дәрі - рухани азық болмақ. Бұл адам жан жүйесін түсіну үшін оның конструкциясын толық білу қажет, бұл қару-жарақты жабдықтау мен пайдалану үшін әрбір бұрандасының детальдарына дейін білу керек, оның арсеналы жүректі баурар жалынды сөз болуға тиіс. Біз солдаттың - адамның жан-жүйесін бейнелеп қару-жарақ деп атаған екенбіз, онда әрбір қару-жарақты система мен калибрге болу қажет. Солдаттардың құрамы әртүрлі, әртүрлі системалы және әртүрлі калибрлі. Гаубица сияқты жан жүйесі бар... оған винтовканың оғын жібереді, ал ұсақ калибрлі винтовкаға кенеттен снаряд жібере бастайды... Біздер жазушылардың творчествосын рухани азық деп атайды екенбіз, онда солдатқа жеңіл оқылатын, күлкіге қарық ететін барлық адам жөнінде, адамның адамгершілігі туралы ойландырып-толғандыратын кітап беру керек. Бұл жөнінде жазу, әрине, қиын, бірақ жазу қажет. Осындай пайымдауларға байланысты мен мұндай хатты жазуға мәжбүр болдым. Біздер алып тұратын майдан туралы жазылған орыс әдебиетінің 60 проценті де брак екенін айтқым келеді, ал қазақ әдебиетшілері болса, брактан қашып, мүлдем жазбауды ұйғарған. Рас, бұл - қаржыны үнемдеу, бірақ қазақ солдатының рухани азыққа деген мұқтажы, қажеті басқалардан кем емес.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий