Knigionline.co » Казахские книги » Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт

Книга «Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путешествия Гулливера» опубликовано автором в 1726 году. Несмотря на то, что книга была опубликована через несколько лет после «Робинзона Крузо», она была не менее популярна, чем история Дефо. Направленность произведения - общественно-политическая. Главный герой - Гулливер был пожарным, а после стал капитаном корабля. Автор своим сатирико-философским произведением вдохновляет и детей, и взрослых.

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бірсыпыралары мені аштан өлтіру керек немесе улы оқпен атып, уландырып өлтіру керек деген ұсыныстар енгізіпті. Енді біреулері өте алып дененің іріп-шіруінен астанада оба ауруы пайда болуы ықтимал, оның бүкіл корольдікке таралып кетуі мүмкін десіпті. Талас қызып жатқан кезде мәжіліс залы есігінің алдына бірнеше офицер келіпті, олардың екеуі мәжіліс залына кіруге рұқсат алып, манағы алты сотқарға менің көрсеткен кеңшілігімді баяндапты. Бұл хабар патшаға да, мемлекеттік кеңеске де үлкен әсер етіпті. Сол сағатта ұлы мәртебелі тақсыр астана маңында тұратын деревня халқы менің тамағым үшін әр күні ертемен алты өгіз, қырық қой, жетерлік мөлшерде түрлі азық-түлік пен шарап жеткізіп тұруға міндетті деп бұйрық шығарыпты. Маған жұмсалған азық-түліктің құнын кесімді баға бойынша ұлы мәртебелі тақсыр өз қазынасынан төлейтін болыпты.Бұл арада бір ескерте кететін нәрсе, ол патша өз шаруашылығының табысымен тұрады екен, ерекше жағдай кездескен уақыттарда ғана қол астындағы халықтан жәрдем сұрайды. Онысы, тек соғыс бола қалса, соғысқа баратын адамдар өз құралдарымен баруға міндеттілік. Мені азық-түлікпен қамтамасыз еткеннің үстіне, маған қызмет ету үшін алты жүз адам бөліп, оларға жеткілікті түрде жалақы төлейтін болды және менің үйімнің екі жағынан оларға лайықтап шатыр жасатты. Сондай-ақ, маған жергілікті үлгімен киім тігу үшін үш жүз тігінші бөлінсін және маған жергілікті тілді үйрету атақты алты ғалымға тапсырылсын деп те бұйрық берді. Осы бұйрықпен бірге патшаның өзіне қарасты және гвардиялық аттарды үйреткенде мені көбірек қатыстырып отырылсын деп тапсырылды. Ондағы мақсаты маған аттардың бойын ерте бастан үйретіп беру еді. Бұл бұйрықтар міндетті түрде мүлтіксіз орындалды. Ергежейлілер тілін үйрену жөнінде үш жұманың ішінде үлкен табысқа жеттім. Осы уақыттың ішінде ұлы мәртебелі тақсырдың өзі жиі-жиі келіп менің сабағыма қатысып тұрды. Біз енді өзара ұғынысатын болдық.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий