Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дауылдағы өртті қоздырып алмайық деп шошынған полиция Тұрарға тіктеп тиісе алмады. Соны көрген Тұрар дереу сатылы арбаға қарғып шығып, қалыңға қарап, жай отындай жарқылдады:

– Ей, жарандар! Біреудің үйі өртеніп жатса, біреу барып дереу сол өрттің отына қойдың басын үйітіп жатыр дейді. Міне, мына Айбар байлар сондай. Халық шілдедегі көлдей кеуіп, аштықтың тырнағына ілінгенде, Айбар байдың қамбалары астықтан шермиіп тұр. Әрбір қадағын әкесінің құнындай әуелете сатып, халықтың қасіретінен пайда тауып, байыған үстіне байып барады. Осы да әділет пе, ағайын?! Ол сенің табан ақы, маңдай терің. Большевиктер сол ақынды қайырып, аштарды ажалдан аман алып қалу үшін күреседі. Бұл Айбарға ұнамайды. Міне, шатақтың басы осы. Кешікпей, күнің туады, жұлдызың жанады, халқым. Уақытша үкімет құламай, күнің осы. Кешікпей кеңес жеңіп, бағың ашылады. Большевиктерді қолдаңдар, халқым. Жанашырың, басыңа бұлт төнгенде қол ұшын берер қамқорың сол. Мына Айбар сияқтылардың мал-мүлкін алып, кембағалдарға бөліп беріп, әділет ісіне көмектесіңдер. Аштықпен күрес үшін жорыққа шығыңдар! Жалғыз Әулие-Ата шаһары емес, бұл әділет майданын Күйікте де, Күркіреуде де, Мақпал мен Сәмбетте де, Талас пен Тастөбеде де, Үш Марал мен Үш Қорғанда да, Аспара мен Асада да – барлық болыстарда жүргізіңдер! Жер-жердегі кеңес ұйымына демеу болыңдар. Сонда азаттық таңы тез атпақ. Таңыңды тезірек атқыз, халайық!

Дауылдағы сексеуіл шоғындай жалындаған жас адамның мына сөзі өлі өзекке нәр жүгірткендей, жоқ-жұтаң жұрт теңіз толқынындай буырқанып, буыршындай ширыға түсті. Тұрар көзінің қиығымен Айбарды іздеп еді, қырғидан қорыққан бөденедей бүк түсіп, бойындағы ісік жел шығып кетіп, бір уыс, мыржиған жаман шал бола қалыпты. Сәлем берсең, жеңінің ұшын ұстататын, көзін марғау ашып-жұматын паңдықтан тамтық та көрінбейді. Көл тартылып шөл болғандай бір дәуір екен.

Баяғыда Меркенің Төрткүл базарында осы Айбарды Ақкөздің ақжал сары атының үстінде тұрып тұңғыш көргені есіне түсті. Бала қиялмен сонда Тұрар өзін Кутузовқа балап, Айбарды Наполеонға теңеп, қиял дариясын кешіп соғысып еді. Арада жылдар өтіп барып енді сол бала көңілдің бейкүнә қиялы шындық сияқты болғанын да ойлады. Онда Айбар айдарынан жел ескен, тырбық тапал төбесімен аспандағы жұлдыздарды тіреп тұрғандай тарпаң еді. Енді қартайған шағында да шаруасы шалқып, Меркенің кемеріне сыймай, Әулие-Атаның оязы емес, ояздан былай да емес, бүкіл қаланың сауда тағдырын өз қолына тұтып, уақытша үкіметтің бастығы Астаховқа айтқанын істетіп, айдыны шалқып тұрған шақ еді. Енді сол айдын шөлеңге айналған сияқты екен. Мұны көріп, Тұрар жақсы нышанға жорыды.

– Уа, халайық! Жаңа мына Айбар бай: «Жойылсын большевик!» – деп жағын жырта айқайлады. Неге ол большевикті ата жауынан да жек көреді? Неге большевик жойылсын! – дейді? Большевик деген кім өзі? Айбар айтқандай, шыннан қарақшы ма? Шыннан қаныпезер ме? Жоқ, бауырлар! Большевик сенің қорғаушың. Большевик сенің қамқоршың. Айбар жек көрсе, мал ашуы – жан ашуы деп жек көреді. Айбардың қамбаларында алты мың пұт бидай мен ұн жатыр. Ал, осының бәрі сол Айбардың маңдай терімен табылған астық па? Айбардың соқа соңында жүргенін көргендерің бар ма? Орақ орып, белі талып жүргенін көргендерің бар ма? Қырман бастырып, топан жұтып, қаталап жүргенін көргендерің бар ма? Айтыңдаршы, мен сұрап тұрмын ғой, көргендерің бар ма?!

– Жоқ!

– Жоқ! – деген жойқын дауыстан Атшабар алаңы солқ-солқ ете қалды. Шіркеудің пиязбас күмбездеріне, алтын кемерлеріне қонақтап отырған кептерлер зеңбірек үнінен үріккендей дүр- р-р көтеріліп, аспанда апыр-топыр ұшып жүрді.

– Ал ендеше сол Айбардың арам астығы – кедейлердің адал еңбегі. Большевиктер сол астықты шын иелеріне, мына аштан ісіп-кеуіп жатқандарға қайтарып береді. Жылан жылының қаһарына ұшырап, қос қолдарын төбесіне қойып, қоңыз теріп, алғы мен кеурек теріп жеп ашыққандарға бөліп береді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий