Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мухтару Ауэзову удалось раскрыть истинный образ писателя Абая, который оставил грядущим поколениям духовное наследие народа. Мухтар Ауэзов – великий мыслитель, он смог передать целую историю о жизни Абая. Чингиз Айтматов говорил: «Когда я еду в другую страну и переступаю порог других людей, есть два рода сокровищ, которые я всегда лелею и лелею с собою: одно — «Манас» и другое —Мухтар Ауэзов».

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мадияр, Мұхаметжан, Әжібай арасындағы астық дауын естігенде, оларды өзіне шақыртады. Мұхаметжанға: "елді бұзбағын, бұйырам" деп ұрысқанда, ол: "Ойбай, құдай! Өзің біл дегесін ал деген екен десем" депті. Күнту түсін айтып: "Мен өлем, Дүтбай да өледі", – дейді. Абай да Кәмешке көрген түсін өзі жориды: "Түсімде төрт кісі шақырып алып кетті. Үш айда өлем-ау – үш белден астым, үш ай сол", – деген. "Қысыр сауған жылы жазғытұрым Мағаш ауру болды. Мағаштың қасында боламын", – деп, Ақшоқыға кетіп қалды. Майдың 12-сінде Мағаш өлді. "Мағаштың өлімі ерлік пен ездікті сынайтын өлім ғой. Ез күнде өледі, ер бір күнде өледі", – дейді Тәкежанға. Ол өлгенде аулы Балашақпақта болады. Баяғы Құнанбайды Көкүйірімнен Ақшоқыға алып барғаны сияқты, Абайды да Балашақпақтан Жидебайдағы шешелерінің қасына әкеліп жерлейді.

Әдеттегі көркем туындыдан гөрі белгілі бір тұлға, соның ішінде белгілі ой адамы жөнінде шығарма жазу мол жауапкершілікті жүктейді. Дәуіріне, өскен ортасына, өмірі мен шығармашылығына, еңбектеріне байланысты деректерді мейлінше біліп, мейлінше жинақтағанымен, оның алды-артына терең үңіліп, мұқият көз салуды қажет ете берді, содан оның түрлі-түрлі жол, жоба-жоспарларын қарастыруы көбейе берді, тереңіне тарта берді. Негізгі қосымша деректер, әрқилы деңгейдегі әңгімелер, болжамдар болсын бір мақсат, бір сағадан табылуын қалайтындай көрінді де, әбден пысықтауға, алдымен мыналар сияқты қосымшалары қалай және қандай бағытта өрбитіндігін елестетті.

"Абай жолының" екінші кітабына қосымшалар:

I тарауға

1. Иман, халфелердің мешітте намазға сапқа тұрғандағы түстері аз сипатталу керек. Сармолламен алғашқы шайқасу кезіндегі яшық намазы аз суреттеледі. 32-бетке.

2. Ишан, соқыр қари, Самұрат мәзін: сәлде киіс, мұрт басу, көзді сүрмелеу ретінде сырт пішіндері жағынан кей тұстарда оқшауланып суреттелу керек. 50, 51, 54, 103, 108, 118, 119-бетке, 19-бетке Сармолла "Биуафа".

II тарауға

1. Абай мен халфелер айтысында сыртқы пішін, мүсін, киім, отырыс, қозғалыстың суреттері керек. 198, 199, 200-6.

2. Абай мен Әбіш екеуі сөйлескен кездерге автордың ремаркасы мен олардың бет-құбылыстар, отырыс-тұрыс, киім киіс ажарлары сипатталу керек. 202, 208-бетке.

3. Павловтың Сейіт үйінде жалпы грузчиктерге кездескен шағында үй-пәтер, көрініс, отырыс орын, сырт ажар суреттелу керек. 213-бетке.

4. Әбіштің Сейіт үйінде отырған отырысы, көзіне көп көрінген үй бұйымы, кішкене қара домбыра тәрізді нәрселер қосыла аталу, суреттелу керек. 168-бетке.

5. Осы бөлім соңында Мәкен мен Дәрменнің қиын кешуден өтіп, табысқан бақыты аз бейнелену керек. Бұл кездесу Әбеннің үйінде болу керек. 122-6.

Жаулар Дәрмен мен Мәкенді байлап әкеткеннен кейін Әбен үйіне жәрдемге келетін көрші орыс әйелі, ұстаның қатыны Марфа (Шура) болады. Бұл жаралы үйге көмекке Александра Яковлевна мен фельдшерді тауып әкеледі. Оның алдында Затонда баржада жұмыс істеп жүрген Сейіттерге жүгіріп барып, жаулар істеген жарлықты да өзі айтады. "Әлі ұзаған жоқ, жүгіріңдер", – деп, Сейіттің қолына келтектерді де өзі ұстатқан болады. Кейін өсекші қазақ кемпірін жерлейтін және осы Марфа болады.

III тарауға

1. Тараудың басында Әйгерім мен Мәкен іс тігетін суреттің алдында Мәкен мен Дәрменнің ендігі орналасқан Ақшоқыдағы мекен-жайы, отауы суреттелу керек. Сондағы таңертең тұрып, шай ішіп, шат көңілмен жақсы бір сәт аңғартқан күншуақ шағы суреттелу керек. 247-6.

2. Әбіштің қазасы үстінде Дәрмен Абайдың өз жайын, қайғы-уайымын қатты қасірет етіп, Мәкенге жазу керек. 318-6.

3. Әбіштің хабары Дәрмен мен Мәкеннің оңаша уайымы түрінде суреттелу керек. Мәкен Мағыштың жан досы екені екеуі бірігіп, Алматыға жазған хаттан көріну керек. 257-6.

4. Мағаш Алматыдан қайтқан сапарда жан сөзіндей жақын, ақын сөзімен көңіл айту керек. Бұл дағдылы көңіл айту түрі емес, көлденең бір мысал оқиғаны баяндағандай айтылу дұрыс. 315-6.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий