Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сол күні бесін ауған кезде Өлеңтідегі мал докторына келдік. Доктордың қасында мал фельдшері қазақ Құсайын Қожамберліұлы біздің ағайын. Менімен бір тұқымдас жігіт. Құсайын қатын-баласымен сол жерде екен. Енді соларға келіп, кенелдік те қалдық. Ол күні сонда қонып, ертеңінде Ақмолаға қарай жүріп кеттік. Сол Қанжығалының Ереймен елі деген екінші бір болысының ауылына келдік. Қазақ әбден ереуілдеп, атқа мініп алған. Қонған ауылдың еркектері көрінбейді. Бір жерде жиналыста болса керек. Бізді байдың қатындары мен малайлары бір иесіз үйіне түсірді. Қараңғы үйде жаттық. Ертеңінде бір жайдақ арбаға жаман түйені жегіп, екінші ауылға апарып салды. Бірте-бірте сатылап, алғашқыда айтқан Қанжығалының Ащыкөл басындағы бірінші болысының ауылына келдік. Әбден еліріп, атқа мініп алған ел. Гу-гу сөз. Топ-топ жиналыс. Жұрттың сөзі «солдатқа қазақты алу» әңгімесі, қазақтың оған «бармауға тиісті» екендігі. Көңілдеріне қиғаш сөз айтқанды дұшпан деп біледі. Жұрт әбден көтерілген.

Төлебай мен ағасы Олжабай және Барекеңмен әңгімелесіп, бой жазып қалдық.

Ол ауылдан шығып, қалаға қарай жүрдік. Топ-топ, кеу-кеулеген қазақ. Көзіне орыс көрінсе, жүндей түтпек. Бәрі қолдарына түкіреді. Кешке бір қазақтың ауылына келдік. Өте қорқынышты. Санақ алуға шыққанымызды біліп отырған елдің жастары бізге сенбейтін тәрізді. Қазақ енді лау бермек түгіл, өзімізді аман жіберуі екіталай. Біз түскен үй бізді танитын, баласы азырақ орысша оқыған Жаһуда деген кісінікі болып шықты. Біз үйге кіріп отырысымен, атқа мінген, елірген төрт-бес қазақ жігіттері үйге кіріп, бізді «тергеп», жөн-жобаларымызды сұрай бастады. Біз патшаның әділ емес екенін айтып, қазақтың кемшіліктерін айтып отырдық. Үйдің иесі Жаһуда ақсақал бізбен таныс кісі болған соң, біздің өзіміз патшаны жамандап отырған соң, көтерілген жастар бізден ешбір ілік таба алмаған соң желіккендік қыла алмады.

Енді орыс поселкелеріне кіріп, сол поселкелерді басып қалаға келдік. Қала үрейленген. Қала қорқуда екен. Жалпы қазақ көтерілген. «Қазақ қалаға келіп, қаланы шауып алмақ дейді» деген сөз жайылған. Қаланың тұрғын орыстарында үрей жоқ.

«...Тінәлі деген елге барған Иванушкин деген приставты Тінәлілер өлтіріп тастапты. Оған әскер шықпақ. Омбыдан әскер келеді» деген хабарды жұрт алып қашып жүр. «Губернатор Ечура Масальский келе жатыр» дейді. «Алыстағы қырдың қазақтары әскер даярлап жатыр. Өздері ортасынан пәлен жерде пәленді хан сайлапты. Түлен жерде түленді хан сайлапты. Өздері мылтық пен оқ-дәрі даярлап жатыр дейді. Найза, қанжар, айбалта істеп жатыр дейді. Оқ өтпейтін киімдер жасап алыпты дейді. Жастарды жинап әскер ісіне үйреніп жатыр дейді деген сөздер дүңк-дүңк етеді.

Қалада бір жұмадай болдым. Қала әбден елеңдеп, үрейленіп алыпты. Жұрттың бұрынғы ойын-күлкісі жоқ... Ақмола уезінің оңтүстік жағына доктор Асылбек Сейітұлы бас болып кеткен санақшылар да келді. Оларды Тінәлі-Темеш деген біздің елдер ұстап, ұрып, неше күн көгендеп байлап, шаштарын алғызып, намаз оқытып, қамап отырған жерінде, Ақмоладан барған бір Балуан Жұман деген саудагер босатып алыпты.

Губернатор келді. Управаға қазақтың даладағы және қаланың маңындағы ақсақалдарын, билерін, старшындарын, байларын жинап, губернатор сөз сөйледі. Жай бұқара халық та көп жиналды. Мен де губернатордың сөзін тыңдауға барып тұрдым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий