Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Губернатордың түсі жазғытұрғы күйттеніп шабынған бура тәрізді. Түсі суық, өте қаһарлы. Жұрт бөріктерін қолына ұстап, иін тіресіп жиналып тұрды. Байлары, билері алдында, тілмаш арқылы губернатордың бөріксіз бастарға айтқан сөзі мынау: «Ақмола қазақтары патшаның әскери қызметіне бармауға, патшаның жарлығына мойынсұнбай, бунт шығарып, көтеріліс жасамақ болып жатыр», — деген хабарды естіп келдім. Қазақтың мұнысы құтырғандық, ақымақтық. Орыстың әскеріне, орыстың қару-жарағына қазақ қарсы тұра ала ма?.. Қазақ бұл ақымақтығын тастасын!.. Сендер, ақсақалдар, болыстар, байлар — қазақ халқының қадірлі адамдарысыңдар. Сендер бір жұманың ішінде ел-елге шығып, қазақты әскер жұмысына баруға көндіріп келіңдер. Өйтіп келмесеңдер, өздеріңді жазаландырамын. Қырға, әр елге әскер шығарып, қазақты қойдай қырдырамын!.. Қазақты шалғымен шапқан шөпше шаптырамын! Пулемет дегенді білесіңдер ме, бір минутте пәлен оқ атады. Оқты жаңбырша жаудырады! Сол пулеметпен әскер шығарамын!.. Бір жұмада сендер барып, хабар алып келе алмасаңдар, әскерді қырға, жан-жаққа шығарып, жол бойы көрінген қазақты атқыза беремін! Пулеметтерді оқ өтпейтін автомобильге салып алып жүреді. Қазақ қойша қырылады... Есіттіңдер ме!.. Білдіңдер ме?.. Бір жұмада бәрің жан-жақтағы елге шауып, қазақты көндіріп келмесеңдер, өздеріңді абақтыға жабамын, қырға тұс-тұстан әскер шығарамын... 15 минут өзді-өздерің ақылдасыңдар. 15 минуттан соң маған жауап бересіңдер», — деді.

Жиналып тұрған ақсақалдардың, байлардың сұрлары кетті. Өңдері қашты, бәрі дағдарды. Жандары мұрындарының ұшына келді. Ақсақалдар қауқылдап састы. Тысқа шығып, қораның ішіне алқа-қотан, малдастарын құрып отырды. Жемтікке үймелеген күшігендерше қожырайып отырысып, сөйлесіп ақылдасты.

— Ой, Алла-ай, енді қалай қыламыз? — десті.

Кейбіреулері:

— Ұзағырақ мұрсатана сұрайық, елдің көбі алыс қой, — деді.

Дағдарған бастар жамырасып:

— Сүйтейік! Сүйтейік! — десті. Губернатордан бір жұмадан гөрі ұзағырақ мұрсатана сұрамақ болды. 15 минуттан соң бөріксіз бастар терең толқыған ағын тасқын судан қорқып үймелеген қойларша, топырласып губернаторға барып, ұзағырақ мұрсатана сұрап еді, губернатор көнбеді.

Губернаторға қарсы сөз айтар кісі қайда?.. Барлығы бір ауыздан, жандарын шүберекке түйіп, толқыған, көтерілген елді тыйып, тоқтатып, бір жұманың ішінде көндіріп келуге елге шықпақ болды. Көбі елдің көнбейтінін біледі. Бірақ бәрі де губернатордың қаһарына шыдай алмағандықтан елге шықпақшы.

Ақсақалдар, байлар қысылып, лаждары құрып, тез елге шықпақ болып, күңіреніп тарқады. Ауыр күрсініп «Ой, Алла-ай» десті.

Тез, аласұрып даярланып, әр «отағасы» өзінің «қадірі жүрер» деген еліне шықты.

Сүйтіп, ақсақалдар мен байлар шабуылдап кетті.

Мен де елдің хал-жайын көруге ақсақалдардың ізімен елге шықтым.

II. ҚАЗАҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ

(1916 жыл)

Ақмола қаласынан қырдағы елге қарай мен де жүрдім. Кейбір поселкелерді басып, көбінесе қазақ арасымен келе жатырмын. Қалаға таяу поселкелермен аралас отырған қазақ елі қорқып, бұғыңқырап, жай қобалжып отырған түрі бар. Бұл елдердің кейбір жігіттері ғана аттарын байлап, істің қалай болуын байқап отырған тәрізді. Ат байлаған жігіттердің бәрі-ақ реті келсе, алыстағы жасақ жинап жатыр деген елдің біріне қашып кетпек. Бірақ әйткенмен де қалаға таяу елдердің көбі онша көтерілген көрінбейді. Кейбір ауылдар ақырындап жылжып көшіп, іргелерін аударыңқырап отырған жайы бар. Бірақ жалпы елде бір түрлі ауыр меңіреу қайғы, меңіреу қорқыныш бар. Орыс пен қазақ арасы жаман.

Орыстар, поселке мұжықтары қазақтарға: «Көп жерге ие болып отырып, патшаның әмірі бойынша әскери жұмысқа бармай, наразылық білдіріп жатырсыңдар», — деп қас болады.

Қазақтар да: «Жерімізді, суымызды бір алды, енді адамымызды алып, германның оғына айдап шеп қылайын дегені — бізді біржола құртайын дегені. Германға барып қырылғанша, өз жерімізде шейіт боламыз», — деп, жалпы орыстарға қас.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий