Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Өкімет тарапынан жедел көмек. Ең жоғы – бір жарым миллион сом. Одан кейін аш кембағалдарды артельге ұйымдастыру. Осы көктемнен қалмай егін салдыру. Құрал-сайман, тұқыммен қамтамасыз ету. Патша заманының саясаты отырықшы елдің егін салуынан гөрі, мақта егуіне мүдделі болды да, астық азайды. Мақта да керек, ондай жағдайда Орталық бізге енді азық-түлікпен көмекке келуі керек.

– Орталық қазір ондай көмек бере алмайды, жолдас Рысқұлов, – деді Кобозев.

– О, оған салсаңыз, Түркістанда коммунизмді қазір орнатып бер дейді, – деп Кушекин Кобозевке қарап қутыңдап қалды.

Кобозев тұңғыш рет түрі сұстанып, жалпақ алақанымен Кушекиннің алдындағы үстелдің үстін сарт еткізіп бір салып қалды да, орнынан тұрды. Комиссарларға Кобозев Кушекиннің бетінен шапалақпен тартып жібергендей болып көрінді.

Рысқұловтың талабы бойынша ТүркЦИК қаулы алды:

1) Барлық совдептерде, кеңес мекемелерінде аштарға көмек мәселесі кезектен тыс, жедел қаралсын.

2) Аштарға көмек көрсету ісіне кедергі жасаған адамдар әскери трибуналға тартылсын.

3) Аштарға көмек үшін республика үкімет қазынасынан 1 миллион сом қаржы бөлінсін.

4) Осы қаулының мүлтіксіз орындалуына совдеп төрағалары тікелей жауап беретін болсын...

IV

Наташа қайтып көрінбей кетті. Рысқұлов көмекші Ләзизден күнде сұрайды.

– Жоқ, ол бикеш келмеді, – дейді Ләзиз.

– Онда сұрау салғыз: Ташкентте Наталья Приходько қайда тұрады?

– Приходько дейсіз бе, Тұрар ака? Ол бикештің фамилиясы басқа сияқты еді ғой... Мен жазып қойып едім-ау, – деп Ләзиз ауыз үйге шығып, өз үстелінде жатқан журналды ашып қарады да қайта кірді.

– Ол бикештің аты-жөні Наталья Колосовская, Тұрар ака.

Рысқұловтың қараторы реңі қуқыл тартқандай болды, Ләзиз өзі әзілге жорып жүргені жай әйел емес екенін сонда түсінді.

– Ко-ло-сов-ска-я?! Қалайша? Сен басқа біреумен шатыстырып тұрған жоқсың ба, Ләзиз? Колосовская деген қайдан шықты?

– Жоқ, бетіне шілтер тұтқан қыз. Мен жақсы білемін, – деп Ләзиз ресми жөнге көшті.

Рысқұлов содан бері дал: «Колосовская болғаны қалай? Әлде күйеуге тиіп, соның фамилиясына көшті ме екен?»

«Колосовская» деген ызың құлағынан кетпей қойды. Көзін жұмса да естіледі, құлағын басса да естіледі. Сөйтсе, оны естіп тұрған құлақ емес, жүрек екен. Ал жүректі қалай бітеп тастайсың?

«Тоқтай тұр, – деді Рысқұлов өзінен-өзі. – Колосовский, Колосовский... Оу, ол кешегі Шымкенттің оязы ғой. Уездной начальник. Қазір қарасын батырып, қашып кеткен. Сонда қалай? Әлде басқа Колосовский ме? Фамилиялас бола береді емес пе?».

Таңсәріден тұра салып, ТүркЦИК-ке барып, ішкі істер комиссарын шақырып алып, Колосовский фамилиялы адамдар туралы мәлімет алдырмаққа бекініп, төсекте бір аунап түсті. Тар темір төсектің пружинасы шиқылдады. Темір төсек жалғыз кісілік еді. Бөлме де тарының қауызындай ғана болатын. Наташа менің бұл бөлмемді қомсынып жүрмес пе екен? – деген күдік келді. – Жарайды, әуелі табылсын. «Ашыққан қарын тойынар, ашылған етек жабылар», – дейтін баяғыда әкесі. Әуелі Наташа қолға қонса, үй-жайдың бір мәнісі болар.

Тұрған жері жаман да емес. Жаңа Ташкенттің ортасы. Үкімет үйіне де жақын. Тыныш қана тұйық көше, Ташкент шілдесінің шырқыраған ыстығында сая болар шынар ағаштар, бау-бақшасы және бар. Бұл арадан губернатор бағы да алыс емес. Губернатор енді келмеске кетсе де, бұрынғы әдет бойынша жұрт әлі губернатор бағы деседі. Наташа екеуі жұмыстан соң шай ішіп алып, бір мезгіл қыдырып қайтқанға қандай! Әрине, дұрыс. Түркістанда Кеңес өкіметі орнағанына екі жыл толса да, генерал-губернатор ескерткіші ауыздықпен алысқан атқа мініп, күллі Түркістанның үстінен қылыш үйіріп, міз бақпастан тұрып алды.

– Ескерткішті құлатайық. Бұл лағынет атқан отаршылдықтың ескерткіші. Көзге шыққан сүйелдей етпей, алып тастайық,– деп Рысқұлов кезінде ұсыныс айтқанда Кушекин көнбей қойған-ды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий