Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Боз арғымақ ұзын мойнын ұшқан қудың сұңғағындай созып жіберген. Тастақ жерді тасырлатып, пыр - пырлап ұшып келеді. «Жануар - ай, қандай асыл мал едің». Мөңке қуғыншыларға тағы да бұрылып қарап еді. Көк қасқа атты түрікпен әлденеге кейіндеп қалған екен. Оның алдына енді кейінгі екеу түсіпті. Аттары жете алмасын білгесін үсті-үстіне оқ жаудырып келеді. Бір оқ атқа тиді. Боз арғымақ әлденеге сүрінгендей болды. Бойынан әл кетіп бара жатқанын сезген жануар соңғы рет жан ұшыра шұрқырады да, мойнын астына ала құлады. Мөңке мен Айғанша домалап түсті. Мөңке ұшып түрегелді. Жалма - жан қолынан ұшып кеткен бес атарға жармасып, бір тізелеп отыра қап алас -қапаста көздемей асығыс атып еді. «Тимеді - ау», - деп ойлап еді, жоқ, түрікпеннің қолындағы қылыш ұшып түсті. Тізгін де қолынан шығып, ат жалын құша құлады. Сөйткенше көк қасқа атты түрікпен келіп қалған екен. Екі жолдасының көз алдында оққа ұшқанын көрсе де беті қайтатын емес. Қауқиған қара бөрік астынан қадалған көзін қарт балықшыдан айырмай, тістері ақсиып кіжініп апты.

Мөңке онан бұрынырақ атып еді; бірақ оғы біткен мылтық от алмады, түрікпен атқан оқ Мөңкенің дәл кеудесінен тиді.

* * *

Артынан қуғыншы шықпасын білген Жөнеуіт ханның жігіттері ешкімнен айылын жимады. Өздері шапқан ауылдардың малын, жанын айдап ел көшкендей ызғытып улатып, шулатып қайтты. Арал, Каспий аралығындағы аң болмаса, адам аяғы баспаған Үстірттің маң жазығын бетке ұстай отырып елсіз түзбен асықпай, ақырын жүріп отырды. Тек мал -жан шөлден қатал қырылуға қарағанда, сонау ел шетінде шалғай жатқан Қасқа - жол, Қаратамақ тұсында тағы да теңізге құлады.

Бұл Арал теңізінің сыпыра батыс беті; осыдан Қарақалпаққа жеткенше тік жар, қатпар -қатпар көк шық. Құлауын тауып түспесе көлікті кісі түгіл жалғыз - жарым жаяулар да теңіз жағасына маңайлап бара алмайды. Көп жүрген қалашылар мен ел тонаушы ұрылар ғана теңізге төнген құз - шыңдардың белгілі - белгілі тұстарында көк тасты жарып шыққан мұздай бұлақ суын ойында ұстап, дәл үстінен құлатып отыратын.

Мыналар да теңіз жағалығындағы суы бар жердің бәрін біледі екен. Құз шыңның тіс сындырғандай мұздай суына мал-жанды қандырғасын сол араға бір түнеп, ертеңіне ертелете тұрып, өзара қауқылдасып атқа қонды. Арттан шаң шықпағасын асықпады. Жер аяғы алыс. Осы ыстықта көп малды тырқыратып қуалай бермей, үйір-үйір қып бөліп, отын алғызып әуенімен айдап отырды.

Мал айдайтын да, жүк артатын да қазақтар. Олармен бірге төрт-бес түрікпен үнемі мал басында. Көз жазбай торуылдап отыратын қатал. Алғашқы күні қашпақ болған бір жігітті табан аузында атып тастады. Сонан бері мал айдаушыларды алдарына салып, ілгері оздырып жіберіп, қыз-келіншектен дәмесі барлар кейінде, көш басында келеді. Олар алғашқы күні - ақ тұтқындағы қыз - келіншектерге сөз салды. Мұндай жердегі Жөнеуіт ханның салты бойынша қолы жеткені қалағанын әкетпей, таңдауды тұтқын қыздар мен келіншектердің өздеріне берді. Қыз - келіншектер ауылдан шыққалы шананың басына бүркеп, ат үстінде сыңсып келе жатқан-ды. Іштерінде үн шығармаған Балжан ғана. Балжан басына түскен үмітсіз халді біліп, бірден қатайып алды.

Түрікпендердің Жөнеуіт ханнан кейінгі басшысы сіңір қара болатын. Кешеден бері ол Айғаншаға қайта - қайта қиястап кеп қасынан кетпей қойып еді. Бірақ қыз тіл қатпады. Сіңір қара жақындаса сырт айналып, үнсіз безеріп ала бергесін, бір рет ол көк қасқа арғымақты тебініп қап үзеңгі қағыстырып кен, қыз астындағы аттың тізгінінен ұстады. Осы арада өжет қызды өзіне қарай қатты жұлқып бұрып алды. Айғанша тайсалмады. Сіңір қара түрікпен қара елтірі құрайыш астынан көзін қадап, демін ішіне ызғармен жұтып алған-ды. Ол күле білетінін де көрсеткісі келгендей, күтпеген жерден жымиды. Соның өзінде жылтыр қара беті жылымай, тек тістеніп алған жұп - жұқа ерін арасынан аппақ тістер ырсиды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий