Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл өзі бір кісіге дербес әлі келетін қарулы жігітті. Аттың құлағында ойнайды. Ат үстіндегі ұрысқа да мықты. Жүйрік ат, тигіш мылтық, бүркіт, тазы ұстаған Ұлықұм бойындағы атақты аңшы болатын. Ұлықұм бойының атақты көк алалары тақымына тиген бір топ жас жігіт түрікпендердің ізін өкшелеп тұра қуып, бірнешеуін ұрып жықты. Әли алды - артына қарамай қашқан түрікпеннің ішінен қара құрайышты сіңір қараны іздеді. Соны көзі шалған бойда өне бір ат үстінде дағдыланған машықпен қарауылға іліге бергенде ағызып келе жатып атып еді; «тимеді - ау», - деп қорқып еді; көзі алдынан дәрі түтіні сейіле бергенде сіңір қараның дағырадай тері құрайышы оның бір жағына қарай ауытқып, былғаң еткен басынан сыпырылып түсіп, ауада ұшып бара жатқанын көрді. Жауды сонан әрі қумай ат басын кейін бұрды. Бір топ кісімен кейінде қалған Еламанға кеп, аттан түсті. Еламанның оқ тиген иығының басына киіз күйдіріп басып, ақ шүберекпен қатты тартып байлапты.

− Мал - жандарды құтқара алдыңдар ма?

− Құтқардың, Елаға...

− Бәрін де ме?

− Жоқ, бәрі емес...

− Бізден шығын көп пе?

− Бір жігіт өлді, үш кісі жараланды. Осы кезде жау қолында тұтқында кеткен Рәйіс жүгіріп кеп, Еламанды бас салып, құшақтай алды:

− Ағаеке - ай, сендерді де көретін күн бар екен ғой...

− Қалғандарың қайда?

− Келе жатыр...

− Ай...

− Айғанша... Ол өткен түні қашқан...

Еламан жігіттердің бас-аяғын жинап алды да, дереу атқа қонды. Жүз қаралы кісі қайтар жолда қанатын жазып кең даланың қойнау - қойнауын, қуыс - қуысын, сайын жырасын сүзіп шықты. Жол-жөнекей кездескен биік - биіктің басына шығып, бірнеше кісі қатарласып тұра қап, дауыс қосып айқайлай айқайлай тамақтары қарлықты.

− Жан ұшырған қыз, бұл кезде ауылдан шыққан шығар, - деді Әли.

Осы қисынға көңілі ауды да, Еламан да ауылға жеткенше асықты. Шаршап -шалдыққандарына қарамай, олар түңгі салқынмен жортып отырып таң алдында ауылға жетіп еді; бірақ Еламан Әли мен Рәйіс бастаған он жігітті жасақтал, қызды іздeyгe аттандырды. Олар үш күн сабылып, ойдан-қырдан іздеп таба алмай, қайтып келді. «Сау болмады ғой», - деді Еламан. Ас - сусыз, көліксіз, аң болмаса, адам жүрмейтін жапан түзде бас сауғалап қашқан жас қыз аштан өлді ме? Әлде қара үзіп адасып кетті ме?

Еламан өрелі таңды көзінен атырды. Зіл басқан бойы ауырлап, басы мең - зең боп түрегелді. Рәйісті шақырып алды:

− Мөңке болса жоқ. Бұл ауылдың ендігі сенері өзіңсің. Не ойлап жүрсің, шырағым?

− Өзіңізбен ақылдассам деп едім.

− Менің айтарым: өлгеннің артынан өлмек жоқ;. Тірі тірлігін істеген. Қатын - бала күйзіп қалмасын. Талап қыл!

− Мақұл, Елаға. Өзіңіз... қалайсыз?

− Қайғыдан кісі өлмейді.

− Мүмкін, тірі шығар... Табылар...

− Әли қайратты жігіт көрінеді. Ендігі жерге сонымен ыңғайлас бол!

− Мақұл, Елаға.

− Ол пақырлардың күні қазір сендерден төмен. Теңізге үйреніп кеткенше қатын-балаларына қазандық балық беріп, қарасып тұрыңдар. Адам күні адаммен. Жә, енді бара бер!

Ертеңіне қаза болған кісілердің жетісін берді. Түс ауа үлкендер бастаған мол топ ауыл сыртындағы Қарамолаға барып Құран оқып қайтты. Бірін-бірі сүйемелдеп, «ой, бауырымдап» дауыс салып барады.

Қаратөбе басында Еламан жалғыз. Құран оқығанда отырған орнынан қозғалмай, иығы салбырап шөгіп қалған. Сыртынан қарағанда қыр басына қанаты талып кеп, төсін тасқа соғып қонған қыран тәрізді. Мола басынан тарап бара жатқан халықты көзімен жөнелтіп, тұнжырап отыр. «Ел боп еңсеңді көтере алмай - ақ, кез - келгеннің табаны астында кете берер ме екенсің? » - деді Еламан күрсініп.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий