Knigionline.co » Казахские книги » Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта повесть о приключениях маленького Ходжи, пережитыми ей в школьном возрасте. Несмотря на то, что он совершал плохие поступки, хочет стать человеком с хорошими качествами. Он уверен, что причиной его неудач, является то, что он рос без отца. Мальчик старается изменить себя. Значимую роль отведена детской любви Ходжи, он влюблен в Жанар, примерную ученицу. Ходжа сочиняет стихи для Жанар, в будущем мечтает стать писателем.

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Өмірде осы тәрізді әділетсіздіктер толып жатыр. Жуырда мен газеттен оқыдым: қытайлардың ат қоюы қызық болады екен. Бала бес-алты жасқа толғанша, оның тәуелді аты болмайды. «Ортаншым», «кенжем», «сүйіктім», «жұпарым» деген секілді шартты атаумен атап жүреді. Ал есі кіріп, бес-алты жасқа толғаннан ке­йін, бала өзіне қандай есім ұнаса, соны таңдап алады. Міне, әділдік деген. Осы дұрыс емес пе?

Жарайды, өткенге өкініш жоқ дегендей, істің тура­сына келелік. Менің атым Қожа. Көріп отырсыңдар, пәлендей әйдік ат емес.

Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген­ екен. Туу куәлігінің өзінде солай деп жазылған. Бірақ дүниеде не қилы ғажайып құбылыстар бола беретіні тәрізді, бертін келе «Қожабергеннің» құйрығы үзіліп тү­сіп қалыпты. Бұл құбылыстың дәл қай жылы, қай айда, қай күні болғанын тап басып ешкім де айтып бере алмайды.

Сонымен мен өзім ес білгелі Қожамын. Ауыл-аймақтың бәрі солай атайды.

Біз бір класта екі Қожа бармыз. Сүттібайдың үлкен баласының аты да Қожа. Оқушылар екеумізді шатасты­рып алмас үшін өңімізге қарап, мені Қара Қожа, оны Сары Қожа деп атайды.

Әуел баста мен бұған да шамданып қалатын едім. Бі­рақ жүре-бара құлағым үйреніп, дағдыланып кеттім. «Қара Қожа» дегендерге «әу» деп, жалт қарайтын болдым.­

Жантас тәрізді қужақтар осының өзін де дұрыс айт­пайды, әдейі бұзып, келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Мен байқамай қалып «әу!» деймін. Бірақ бұл қылығы үшін, бейшараның обалы не­шік, тиісті сыбағасын менен талай рет алды...

Фамилиям Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрдім. Бірақ жұрттың бәрі «ов» болып жатқан­да менің олардан ала-бөтен жырылып шыққаным жара­мас дедім де, «Қадыровқа» қайтып келдім.

Қадыр – менің әкем. Ех, шіркін дүние-ай, десейші! «Әке» деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айрыла жаздайды-ау. Қандай жақын, қандай ыстық. Балалар менің әкем өйтті, менің әкем бүйтті. Менің әкем ананы сатып­ әперетін болды деп, менің әкем мынаны сатып әперетін болды деп, мақтаныш етіп жатады. Ал мен болсам, әкемнің қандай адам екенін де білмеймін. Өйткені ол май­данға аттанғанда мен екі жастамын. Екі жасар ақы­мақ­ не біледі, не түсінеді? Сол кеткеннен абзал әкем мол кетті, оралмады...

Ех, қайран әкем. Егер сен тірі болсаң, мүмкін мен бұдан гөрі басқадай болар ма едім. Кім біледі, жер әлемді тулатып, сотқар Қожа атанып жүргенім әкесіз жетім өскендігімнен де шығар.

Кімге де болса бір әке әбден керек. Тіпті селкіл­де­ген шал­дардың өздері кейде «жарықтық, әкем анан­дай еді, әкем мынандай еді» деп, еске алып, армандап отырмай ма?

Ал, күйеу керек пе әйелге? Меніңше, әбден керек. Кейде Миллат мамам әкемнің суреттерін ақтарып қа­рап отырады да, мұңға батып, бір түрлі егіліп кеткендей­ болады. Кірпігі жасқа шыланады... Мен сол кезде мама­тайымды керемет аяп кетем. Бірақ аяғанмен не пайда, білем, сезем неге күйзелетінін.

Егер оның күйеуі, яғни менің әкем тірі болса, Қаратай ұятсыз мамама өзеуреп сөз айтпақ түгіл, оның маңынан жүре алар ма еді.

Сөйтіп, мен сендерге өзімнің аты-жөнімді айттым. Ал көркем шығармада кейіпкердің кім екені аталып қана қоймай, сырт бейнесі қоса сипатталатын дәстүр бар ғой. Енді соған көшейін. Тоқтаңыз, бұл үшін әуелі өзімді-өзім айнадан байыптап қарап алайын... Мынау, міне, мұрным. Әжем кейде менің атымды атамай «тәм­піш неме» дейді. Оның айтқаны ып-рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қосауыз мылтықтың аузындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз тәрізді доп-домалақ,­ тап-тақыр. Шашымды Әубәкір шал кеше ғана ұстарамен сыпырып алып тастаған.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа (1 шт.)

Жан
Жан
7 декабря 2023 13:55
Бұл кітап өте керемет,және қызықты!
Оставить комментарий