Knigionline.co » Казахские книги » Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта повесть о приключениях маленького Ходжи, пережитыми ей в школьном возрасте. Несмотря на то, что он совершал плохие поступки, хочет стать человеком с хорошими качествами. Он уверен, что причиной его неудач, является то, что он рос без отца. Мальчик старается изменить себя. Значимую роль отведена детской любви Ходжи, он влюблен в Жанар, примерную ученицу. Ходжа сочиняет стихи для Жанар, в будущем мечтает стать писателем.

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Даусым қатты шығып кетті. Мейлі, естісе, ести бер­сін. Есікті жұлқып ашып, кіріп келдім. Қаратай мен ма­мам терезе алдындағы столда, әдеттегіше, бетпе-бет әңгімелесіп отыр. Екеуі бірдей маған қарады. Қаратайдың жүзінде менің келуімді жаратпаған абыржу бар. Ал мамамның тіксініп шытына қараған қабағынан мына тасыр жүрісімнің оған да ұнамағанын бірден аңғардым.

Осы бойда бұрыштағы шкафыма қарай өтіп бара жатыр едім, Қаратай күлімсіреген дауыспен:

– Әй, Қожатай, сәлем қайда? – деді.

Жасы үлкен таныс адамға сәлем бермеу – көрген­сіз­діктің белгісі деп, мамам мені талай баулыған. Сол парызымды амалсыз өтеп:

– Саламатсыз ба, – дей салдым.

Үлкендердің үстіне бұйымтайсыз, етқызулықпен кі­ріп келгендіктен, енді амалсыздан бірдеңе істеуім керек болды. Ту сыртымды мамам мен Қаратайға беріп, шкафтың ең төменгі сөресіндегі газет-журналдарды мақсатсыз ақтарып, күйбеңдеп жатырмын. Нені іздеп, нені таба алмай жатқанымды бір құдай өзі біледі. Ал екі құлағым мамам мен Қаратайда.

– Иә, биылғы көктем жауынды болды, – деп бастады Қаратай ендігі әңгімесін. – Біздің «Коминтерннің» астығы да белуардан келіп, жайқалып тұр. Енді күзгі бұршақ-нөсерден аман болса, жұрт рызығы жаман бола қоймас.

Әңгіме желісінен жалт беріп, Қаратайдың не болса соны айтып кеткенін мен бірден түсіндім де, тағы не дер­ екен деп, еңсемді көтерместен, өзіммен өзім болған­сып, күйбеңдей бердім.

– Жаман бола қоймас, – деп қоштады мамам Қаратайды бейқам үнмен. Оның даусынан: «Ех, Қаратай, менің баламды өйтіп алдарқата алмайсың. Ол бәрін де сезеді, бәрін де түсінеді» деген мағына аңғарылатын еді.

Арада бірнеше минут үнсіз өтті. Кенет мамамның:

– Балам, – деген қатқыл үні естілді, – сенің сонша күйбеңдеп, таба алмай жатқанын, не зат?

Бұл сөз маған алты өрме қамшымен жоталата тартып жібергендей әсер етті. Әсіресе, «балам» деген сөздің зәрі күшті-ақ еді. Өйткені жайшылықта мамам менің атымды атайтын. «Балам» деген мынау ресми үні «үл­кен­дердің сөзіне тыңшылық істемек болған бұл сасық қулығыңды таста» деп, жекіргенмен бірдей еді. Соны тез ұқтым да, қолыма тиген бір журналды ұстап, тайып­ отырдым.

Қаратай бұл күні біздікіне кей-кейдегідей ұзақ отырып алған жоқ. Менің соңымнан кешікпей ол да шықты. Басқа уақытта, кетерінде, әжеммен көңілді қоштасып, маған да бірнеше жылы қалжың, ойын сөздер айтып, жаратпағаныма қарамастан арқа-басымнан қағып аттанатын. Кейде: кел, отыр, ауылды бір айналдырып, серуендетіп әкелейін, деп, жалбақтап, көңілімді тап­қысы келетін. Бұл жолы олай емес, қара сұр жүзі онан әрмен күреңітіп, еңсесі түсіп шықты. Ауыз үйдің төрін­де тамақ ішіп отырған мені қою қасты салбыраған ауыр қабағының астынан солғын ғана бір шолды да, үндемеді. «Бәйбіше, хош болыңыз», – деп, әжеме арнаған сөзін де әйтеуір міндет санап, иегінен оздырмай, жүрдім-бардым айтып, бөгелместен шығып кетті. Енді бір сәтте мотоциклдің пырс-пырс етіп, шашала оталған үні, оның соңынан мылтық атылғандай патырлап, құлақ тесерлік жайсыз бір іртік дауыстар естілді. Біздің қорадан суырыла шыққан осы үн үсті-үстіне жиілеп, көше­нің басына қарай алыстап бара жатты.

ҮШІНШІ ТАРАУДА

Мен өз ойымнан хабар беремін және құмдағы із жайлы сөз болады

Қаратайдың тез жөнелгеніне, жабырқап жөнелге­ні­не мен қуанышты едім. Осы кеткеннен қарасы бір­жолата өшсе.

Мамамның Қаратайға шынымен күйеуге шыққыс­ы келе ме? Мүмкін емес. Бөтен біреуге... тікенек сақал кәп-кәрі Қаратайға... жо, жо, ол оған шықпайды күйеу­ге. Тіпті жас болсын, қандай болса, сондай болсын, мамама керегі не бөтен күйеудің? Біз, әжем үшеуіміз, құдайға тәуба, онсыз да жаман тұрмаймыз ғой. Қарнымыз тоқ, көйлегіміз көк. Мен әлі оқу бітіріп, ер жете­мін, университетке түсем. Жазушы болам. Міне, сол кезде мен мамама, егер ажалы жетіп, өліп қалмаса әже­ме де, өмірдің нағыз бақытын көрсетемін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа (1 шт.)

Жан
Жан
7 декабря 2023 13:55
Бұл кітап өте керемет,және қызықты!
Оставить комментарий