Knigionline.co » Казахские книги » Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта повесть о приключениях маленького Ходжи, пережитыми ей в школьном возрасте. Несмотря на то, что он совершал плохие поступки, хочет стать человеком с хорошими качествами. Он уверен, что причиной его неудач, является то, что он рос без отца. Мальчик старается изменить себя. Значимую роль отведена детской любви Ходжи, он влюблен в Жанар, примерную ученицу. Ходжа сочиняет стихи для Жанар, в будущем мечтает стать писателем.

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Менің Қожашым тірі болса, ешкімнен кем болмайды. Өсе келе өзі-ақ түзеліп кетеді. Сабырбек нағашысына тартқан. Ол да жас кезінде осы секілді шыған­нан шыққан сотанақ еді. Бұл қайта оқу оқып, мұға­лім­дердің айтқанын орындап, кейде әтіншік боп жүр ғой. Ал Сабырбек нағашысы осындай күнінде молданы қақ басқа таяқпен бір салып қашқан болатын. Кейін есейіп, ба­лалы-шағалы бола бастағанда, өзі-ақ түзеліп кетті. Қо­жатай да сөйтеді. Бала күнінде баланың бәрі тентек, – деп әжем шатынап ала жөнелді.

– И-и-и-и, жарықтық-ай, – деп мамам қолын бірақ сілтеді. – Сіздің мына өсиетіңізді тыңдап өскен бала қалай оңсын.

ЖИЫРМА ҮШІНШІ ТАРАУДА

Кітаптағы ең бір қайғылы тарау болар деймін

– Келесі сабақта қайсың бақа ұстап әкелесіңдер? – деп сұрады зоология пәнінің мұғалімі Оспанов. – Мен әкелем, – дедім.– Қадыров, сен әкелесің. Ұмытып кетпе бірақ.

– Атай, неше бақа әкелейін?

– Бір... екеу әкелсең жетеді.

Мен бір, екеудің орнына тіс порошогінен босаған қаңылтыр қобдишаға толтырып, бес бақа әкелдім. Оның біреуі ғана үлкендеу еді де, басқалары кішкентай ұсақ бақалар болатын.

Бірінші сабақ қазақ тілі. Класқа Майқанова кірді де, класс журналы мен сумкасын менің алдыма стол үс­тіне қалдырып, өзі тысқа шығып кетті. Қоңырау әлі бола қоймаған. Сол кезде сап етіп, басыма бір қызық ой келе қалды. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сумкасына сүңгіттім де жібердім. Не болар екен?

Қоңырау соғылды, сабақ басталды. Тізім шақырып болғаннан кейін Майқанова сумкасын ашып, қол орамалын суырып алды. Сол кезде кішкентай қара сұр бақа қол орамалмен қоса секіріп шығып, секемшіл мұғалім­нің қолының дәл үстіне қонбасы бар ма. Майқанованың­ шаңқ еткен даусы бір-ақ шығып үлгерді. Өңі құп-қу болып, сылқ етіп құлап бара жатыр...

Майқанова содан сабаққа екі күн бойына келмеді. Шошынып ауырып қалыпты. Жұмысқа бүгін ғана шы­ғып отыр. Бүкіл мектепті даңғаза қылған бақа оқиғасының мән-жайы міне осындай.

...Көз байланып кетті. Жоңышқаның төбесінде дөң­бекшіп әлі жатырмын. Не істеймін? Қалай көрінемін мамама. Мынау Қаратай деген... мұндай да жабысқақ пәле болады екен. Көлеңкеше еріп, мамамның соңынан­ бір қалар емес. Япыр-ай, мамам осыған шынымен-ақ күйеуге шықпақшы ма? Жоқ, мүмкін емес.

Бірсыпыра уақыттан кейін үйден Қаратай мен мамам шықты. Қаратай мотоциклін от алдырып, көшеге қарай бұрды. «Кет. Жоғал. Тезірек кет!» мен оны көңі­ліммен желкелеймін. Бірақ Қаратай кете қоймады, мамаммен сөйлесіп тұрып алды. Олардың сөздерін трттрт еткен мотор үні маған жөндеп естіртпейді. Сөйлесе тұ­рып, Қаратайдың қалқиған денесі мамама біртін-біртін жақындап, тақала түсетін тәрізді. «Тоқта! Қайда кимелеп барасың?». Мен Қаратайды желкеден бүріп ұстаймын да, бар күшіммен жұлқылап, лақтырамын көшеге қарай. Өлген мысық тәрізденіп көшенің май шаңына барып, ол топ ете түседі.

Бұл да менің ойымда болып жатқан құбылыс.

Қаратай әрең дегенде «хош сау бол» айтысып, мото­цикліне отырып зырғыта жөнелді. Мамам оның соңынан біраз үнсіз қарап тұрды да үйге кіріп кетті.

Әр нәрсенің шегі бар, мен қашанға жата берейін. Тәуе­кел деп, үйге кірмекші болдым. Қораның арт жағынан түсіп, үстімнің шөбін қағып, бойымды тәртіпке келтіріп алдым. Жүрегім лүп-лүп етіп, алқымыма тығылады.

Есікті аша бергенімде тынысым мүлде бітіп жүре­гім­нің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі кел­бетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бір­деңеге ұқсар деймін. Ауыз үйден әжем ұшырасып:

– Сен қайда қаңғып жүрсің? Шешең келді, – деп төр үйді нұсқады. Сонан соң құлағыма сыбырлап: – Байқа, шешең саған ашулы, – деді.

Төр үйге кірдім. Мамам киімшең күйі өз төсегінде бір уыс болып, әрі қарап, бүк түсіп жатыр.

– Мама.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа (1 шт.)

Жан
Жан
7 декабря 2023 13:55
Бұл кітап өте керемет,және қызықты!
Оставить комментарий