Knigionline.co » Казахские книги » Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта повесть о приключениях маленького Ходжи, пережитыми ей в школьном возрасте. Несмотря на то, что он совершал плохие поступки, хочет стать человеком с хорошими качествами. Он уверен, что причиной его неудач, является то, что он рос без отца. Мальчик старается изменить себя. Значимую роль отведена детской любви Ходжи, он влюблен в Жанар, примерную ученицу. Ходжа сочиняет стихи для Жанар, в будущем мечтает стать писателем.

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Майқанова сөз алды. Оның не айтатыны маған былай да белгілі. «Қадыровты шығару керек мектептен!», «Мұндай баукеспе оңбағанға біздің тату коллек­тивіміздің арасында орын болмауға тиіс!» Отырғандардың бәрі күлді. Тісі жарқырап, мамам да езу тартты. Неге күледі? Иығы селк-селк етіп, Анфиса Михайловна басқалардан өзгеше мәз. Мысыққа ойын, тышқан­ға өлім деген осы да.

Тағы да мамам тұрып, басын изеп, мақұлдап бірдеңе айтты: «Шығарсаңдар, шығарыңдар мектептен! Кетсін қаңғып. Менің де жүйкемді жүн етіп, құртып бітті бұл оңбаған!».

Сөйлеушілердің не деп жатқанын мен өзімше осылай жорамалдаймын.

Педсовет аяқталды, жұрт тарай бастады. Мен ағаштан тезірек түсіп кетпекші болып едім, бір бәтіңкем екі бұтақтың арасына кептеліп қалып, шыға қойсыншы. Жұлқи тартып қалғанымда, мәссаған, табаны дыр етіп, қақырап түсті...

Мұғалімдердің алды тысқа шығып та үлгерді. Дымымды ішіме бүгіп, теректің діңіне жабысып, қаттым да қалдым. Ахметов пен Майқанова оқшауланып бермен қарай бұрылды. Екеуі мен тұрған теректің тура түбі­нен өтіп бара жатыр.

– Қадыров түбінде адам болатын бала, – дейді Майқа­нова.

– Оты бар, – деп, қостады Ахметов.

Екеуі былай ұзай беріп, мен жөнінде тағы бірде­ңелерді сөйлесіп бара жатты, бірақ мен анықтап ести алмадым. Әлгі естігенімнің өзі қолқа-жүрегімді солқ еткізгендей әсер қалдырды. Мен Майқанованы қас дұшпаным санап жүрсем, ол мені «түбінде адам болатын бала» деп, директорға мақтап бара жатқаны қалай? Ап-айқын, тап осылай деді. Міне жұмбақ...

ЖИЫРМА БЕСІНШІ ТАРАУДА

Класс жиылысы сөз болады

Мен байыбына бара алмаған жұмбақтың шешуін үйге келгеннен кейін мамам айтты:

– Балам, сен класс жетекшіңе бекер ренжисің. Май­қанова маған өш, мені жек көреді, қыр соңыма түсіп алды дегеніңнің бәрі бос сөз, – деді мамам. Жек көрген адам педсоветте саған жаны ашып, қорғап сөйлемеген болар еді. Ол сені жек көрмек түгіл жақсы көреді, осыны біл. Оған ұнамайтыны сенің тентектік қылықтарың. Жасында жетімдік өмірдің тауқыметін көп тартып, жүй­кесі жұқарып өскен адам тарынғыш, ашуланшақ болады. Сендердің әрбір жөнсіз қылықтарың оның миы­на инедей қадалып тұрады. Майқанованың шыж-быж етіп ұрса жөнелетіні осы себептен. Мінезі әлгіндей адамға сендер секілді жүгенсіз асаулармен арпалысу жеңіл тимейді. Сен ақымақтар осыны түсінулерің, мұға­лімді аяуларың керек.

Мамамның Майқанова жөнінде айтқандары маған ой салды. Шынында да, оның менімен өш боларлықтай­ алты аласы, бес бересісі бар ма? Шырылдаса, ұрысса, бізді адам болсын, жаман жолға түсіп кетпесін дейтін шығар. Иә, мамам айтпақшы біз бала деген ақымақ ха­лықпыз, шолақ ойлаймыз.

Мен Майқанованың жетім өскендігін білмеуші едім. Енді оған бір түрлі аяныш көзбен қарай бастағандаймын. Бәсе, денесі де сондай нәзік, киімі де жұпыны,­ қыстан бүрсеңдеп, жұқа пальтомен шықты. Оқу бітір­ге­ніне бір ғана жыл болған, қайтсін енді. Сонымен тақа­сып, әй, Қара Қожа, ақымақсың, шикісің әлі. Қарбызыңның ішінде судан басқа дәнеңе жоқ.

Менің Майқанова жөніндегі пікірімнің оңы – сол, солы – оң болып өзгере бастады.

– Педсовет, педсовет немен тынды?

– Сабыр ет, оқушым, қазір айтып берем. Педсовет­тің тиянағы мынадай: Қадыров жөніндегі мәселе класс жиналысында қаралсын. Егер алтыншы класс оқушылары Қадыров Қожаның бұдан былай ешқандай тәр­тіп­сіздік істемеймін, түзелемін деген уәдесіне сеніп, дирекция алдында кепілдік беретін болса, онда Қадыров­ осы мектепте сынға қалдырылсын. Ал егер олар ондай кепілдік бермесе, Қадыров Қожа осы аудандағы өзге мектептердің біріне ауыстырылсын.

Педсоветтің мен жөніндегі қаулысы осындай.

Класс жиналысы дүйсенбі күні сабақ соңынан шақырылды. Ахметов өзі де қатысты. Жиылысты ашып, бас­қарған Майқанова. Ол оқушыларды педсоветтің ­қау­лы­сымен таныстырды. Сонан соң мені алға шы­ғарды да:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа (1 шт.)

Жан
Жан
7 декабря 2023 13:55
Бұл кітап өте керемет,және қызықты!
Оставить комментарий