Knigionline.co » Казахские книги » Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта повесть о приключениях маленького Ходжи, пережитыми ей в школьном возрасте. Несмотря на то, что он совершал плохие поступки, хочет стать человеком с хорошими качествами. Он уверен, что причиной его неудач, является то, что он рос без отца. Мальчик старается изменить себя. Значимую роль отведена детской любви Ходжи, он влюблен в Жанар, примерную ученицу. Ходжа сочиняет стихи для Жанар, в будущем мечтает стать писателем.

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Мына жолдастарыңа не айтасың? – деді.

Не айтушы едім, педсоветте айтқанымды мұнда да қайталадым: ең соңғы рет кешіріңіздер. Бұдан былай тәртіпсіздік істесем, не шара қолдансаңыздар да ризамын, – дедім.

Бұдан соң сөз оқушыларға берілді.

Класта кім маған дос, кім қас – өзіме аян. Кім не айтуы мүмкін екенін күн ілгері топшылаймын. Соным, негізінен, тура шықты. Класком Темір сөйлеп, әуелі мені сынап алды да, сөзінің соңында түзеледі деген сенім білдірді.

– Егер біз Қадыровты бұл мектептен шығаратын болсақ, онда біз кім болғанымыз? Оған осы отырған бәріміздің ешқандай ықпал жасай алмағанымыз ба? Жоқ әлде жолдасқа жаны ашымайтын тасбауыр бол­ғанымыз ба? – деді Темір. Сөздері кітап сөзіндей мығым, әсерлі шықты.

– Біз Қадыровты тәрбиелеуіміз керек, менің ұсынысым оған ең соңғы рет қатты сөгіс берілсін. Мектепке қалдырылсын, – деді Темір.

Бұдан кейін үш-төрт адам сөйлеп еді. Бәрінің сөз сарыны осыған сайды. Темір оларға жол сызып, арна тартып кеткен тәрізді.

«Іс оңына басты» деген оймен мен жадырап сала бердім.

Тағы кімнің сөйлегісі келеді.

– Мен.

Қол көтерген Жантас еді.

Жантас орнынан түрегеле беріп, сампылдай жөнел­ді: – Қадыровты оқудан шығару керек. Ол уәдесін бергенмен орындамайды, былтыр да талай рет уәде берген. Майқанова апайды шошытып, өлтіріп қоя жаздады... Ол... ол... қыздарға хат жазады...

Соңғы сөз менің жүрегімді қақ айырып тіліп түс­кен­дей болды. Бүкіл класс мені жаңа көргендей ақтарыла маған қарап қалыпты. Не істерімді білместен дуыл­дап, өртеніп бара жатырмын.

– Қай қызға хат жазады? – деп сұрады Майқанова.­

– Білмеймін... Басына «Ж» деген әріп қойып, «екеу­іміз Қозы Көрпеш пен Баян сұлудай болайық» деп, жа­зып отырған.

Мен есімді жаңа жинап:

– Өтірік! – деп, дауыстап жібердім.

– Өтірік емей-ақ, рас. Әнеугүні сабақ үстінде, пар­таның астына жасырып жазып отырғансың.

– Өтірік!

Мен Жанарға жазған хатымның бірін Жантас қу қолына түсіріп алған екен ғой деп, шошып едім. Олай болмағанға «уһ» деп, өзіме өзім келгендей болдым. Жанар жаққа көз тастап едім, оның жүзін байқай ал­ма­дым, маңдайын қос қолдап таянған қалпы төмен қарап отыр.

Абиыр болғанда, хат жайына ешкім мән бермеді. Сірә, өсекші Жантастың тағы бір зу еткізгені деп ойлап қалса керек.

– Тағы кім сөйлейді? – деді Майқанова. Басқа сөйлеуші болмады.

Ақыры мәселе дауысқа салынды.

– Бірінші ұсыныс: Қадыров мектептен шығарылмасын. Ең соңғы қатты сөгіс беріліп, қалдырылсын!

Көпшілік.

– Екінші ұсыныс: Қадыров мектептен шығарылсын! Бір ғана адам қол көтерді, ол – Жантас.

ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ТАРАУДА

Жиырма жетінші тарауға бастап апарады

Астын-үстіне келтіріп, дауыл сапырған көк теңіздің тепкісінде жалғыз қайықшы қаңғалақ ойнайды. Бірін-бірі тықсырған арқырауық ақжал толқындар әлгіні бір­де жаңқадай ұшырып, аспанға алып шығады да, бірде теңіздің шыңырау түбіне тастап келіп жібереді. Қайық­шы байғұстың қайраты сарқылған, амалы таусылған. Төніп келген қатерге бақырая қарап тосып алғаннан бас­қа шарасы жоқ. Тағдырының немен тынарына көзі жетпей жегідей жеген күйзеліс минуттары...

Мен өзімнің соңғы күндері бастан кешкен халімді көз алдыма осылай әкелемін. Дауыл сапырып өтті, жан қалды. Енді ес жиып ойлауыма, өзіме-өзім есеп беріп, толғануыма болады!

Әрине, бәріне өзім айыптымын. Осының бәрі тәр­тіпсіздіктің, мінез-құлқымның нашарлығының кесапаты. Әйтпесе, ана Темір құсап өзімді өзім үлгілі ұстап, тек жүріп, тек тұрсам, мұндай жағдай болар ма еді. Аяу­лы алтын мамам арып-талып жайлаудан жұмысын тастап келер ме еді! Қасірет шегіп, қапаланар ма еді? Жоқ, жетеді! Ақымақтықты енді доғаруым керек! Түзе­луім керек.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа (1 шт.)

Жан
Жан
7 декабря 2023 13:55
Бұл кітап өте керемет,және қызықты!
Оставить комментарий