Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Содан кейінгі болған Жұма мен аюдың арасындағы шайқастың ерекше әрі қан қыздырар таң-тамашасынан асқан көріністі елестету де мүмкін емес еді. Басында біз менің адал қызметшім үшін әрі таңғалып, әрі қорқып кетсек те, олардың арасындағы шайқас біздің бәріміздің көңілімізді көтерді. Аю – қасқыр секілді, зулай жөнелуге қабілетсіз, епті әрі жеңіл жүгіре алмайтын ауыр, ебедейсіз мақлұқат; есесіне онда әдетте оның әрекеттерін басқарып отыратын екі арнайы қасиеті бар. Біріншіден, жалпы ол адамға шабуыл жасамайды, жалпы дейтінім, дәл қазіргі жағдайдағыдай, төңіректің бәрін қар басқанда аштық оны қандай жағдайға душар қыла алатынын мен білмеймін, – тағы да қайталап айтамын, адам өзі шабуыл жасамаса, аю бірінші болып шабуыл жасамайды; егер сіздер оны орманда кездестіріп қалып, оған тиіспесеңіздер, ол да сіздерге тиіспейді, бірақ сіздер онымен өте сыпайы болып жол беруге тиіссіздер, өйткені ол барып тұрған нағыз мырза және корольдің өзіне де жол бермейді. Ал егер сіздер қорқып қалсаңыздар, онда, абзалы, жүрістеріңізді баяулатпай, басқа жаққа қарау керек, өйткені сіз аялдап, оған көз тоқтатып қарайтын болсаңыз, ол ренжіп қалуы мүмкін; ал егер сіз әйтеуір бір нәрсені, – тіпті ол саусағыңыздың жуандығына да жетпейтін бұтақ болса да, – лақтырып оған тигізетін болсаңыз, онда ол міндетті түрде ашуланып, бар істерін тастап, сізден кегін алуға кіріседі, – өйткені ол намыс мәселесінде өте шікәмшіл, – және бұл оның бірінші қасиеті. Ал екіншісі, ол егер өзін ренішті сезінер болса, ол енді сізді жайыңызға қалдырмайды, күні-түні артыңыздан қалмай ірі желіспен желіп отырып, сізді қуып жетіп, кегін қайтарғанша тыншымайды.

Сонымен, Жұма бейшара жолсерікті біз жақындаған минутта бәледен құтқарып қалды, өйткені байғұс қорқыныш пен жарадан – зардап шеккеннен гөрі қорыққаны басым – әлсіреп қалғаны сондай, оған аттан түсуге көмектесіп жатты. Кенет орман ішінен шығып келе жатқан аюды көрдік; бұл жойдасыз зор аң болатын; мұндай алыпты мен әлі ешқашан көрмеп едім. Енді үлкендігі адам таңғаларлықтай аң екен. Мұншалықты үлкен аюды көзіммен көріп тұрғаным осы. Оның шыға келгеніне бәріміз таңғалдық, бірақ Жұманың жүзінде аңды көргенде қуаныш пен батылдық ойнап шыға келді. Ол: “О! О!, О! деп үш рет айқайлап жіберіп, аңды нұсқады: «О, мырзам, маған онымен амандасуға рұқсат ет, мен сені жақсы күлдірет!».

Оның неге сонша қуанып тұрғанын түсінбей, таңғалдым.

«Сен ақымақсың! Ол сені жеп қояды ғой!». – «Мені жеу!, мені жеу! Менікі оны жеді: менікі сізді жақсы күлдірет болат!» Сіздер бәріңіз осы жерде тұрыңыздар, меніки сіздерге қызық көрсетеді». Ол жерге отырды, көз ілеспес жылдамдықпен етігін шешіп, қалтасында жатқан төплиін киді (үндістер киетін жалпақ башмақтар), атын қызметшіге беріп, мылтығын оңтайлап желдей зулай жөнелді.

Аю ешкімге тиіспей маң-маң басып келеді; бірақ Жұма оған тым жақын жүгіріп барып, ол оны бір түсінетіндей былай деді:

«Тыңда! Тыңда! Менікі саған айтады!» Біз оның артынан аулақтау жүріп отырдық. Осы кезде біз гасконь беткейімен төмен түсіп келе жатыр едік, ағаштар көп болғанмен, олар селдірей өскеннен алдымыздағы көз жетер жердің бәрі көрініп тұрды. Жұма, алдында айтқанымыздай, аюдың соңынан қалмай өкшелеп жүріп отырып, ақыры онымен теңесті, теңескен бойда жерден бір үлкен тас алып аюды жіберіп ұрды. Тас аңның басына тиді; оның зардабы, мысалы, қабырғаға соғылғандай ғана болса да, дегенмен Жұма дегеніне жетті – қу жігіт одан зәредей де қорыққан жоқ, ол осының бәрін аю соңымнан қусын, тамашалаған жұрт қызыққа батсын деп істеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий