Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бірақ та осы шешімге келуім үшін бірнеше ай қажет болды; сондықтан да, өзімнің бұрынғы жарылқаушым, қарт капитанды риза қылған соң, марқұм күйеуі маған өлшеусіз жақсылық жасаған, өзі де күш-қуаты бар кезде менің адал қамқоршым мен кеңесшім болған капитанның байғұс жесірі туралы да ойландым. Менің ең әуелгі жасаған ісім – бір лиссабондық көпеске мынадай өтініш білдірдім: Лондондағы агентіңе мынаны тапсыр: ол әйелге чек бойынша жүз фунтты төлеп қана қоймайсын, оны тауып алып өз қолымен менің атымнан осы ақшаны берсін, онымен сөйлесіп, кедейшілігіне жұбату айтсын және мен тірі тұрғанда, оған әлі де көмектесе беретінімді жеткізсін. Және де мен дәл сол уақытта ауылда тұратын екі әпкемнің әрқайсысына жүз фунттан жібердім, әрине, олар менің қаражатыма қарап отырған жоқ, бірақ дәулетті өмір сүріп жатыр деп те айтуға келмейтін еді: біреуі тұрмысқа шығып еді, енді жесір қалды, екіншісінің күйеуі тірі болатын, бірақ оған ойдағыдай қарамайтын.

Бразилияға еш уайым-қайғысыз аттану үшін барлық таныстарым мен туыстарымның арасынан дәулетімді тұтастай сеніп тапсырар ешбір адам таппадым, бұл мені қатты абыржытты. Мен Бразилияға кетіп, сонда қоныстануды әбден шешіп қойғандай да болып едім – мен, былайша айтқанда, бұл елге сіңдім ғой; бірақ мені тоқтататын бір кішкене кедергі бар-тын, ол, атап айтақанда, – дін еді. Шынтуайтына келгенде, дәл осы кезеңде мені сапарға шығармай, жолымды бөгеп тұрған дін емес еді: мен бұрынғыдай, католиктердің арасында өмір сүрген соң, еш жасырмай, ашық түрде осы елдің дінін ұстанушы едім және оны күнә деп те санамадым; бірақ мәселенің мәнісі мынада еді – мен, бұрынғыға қарағанда, қазір бұл туралы анағұрлым көбірек ойланатын болдым, енді мен өзіме өзім католиктердің арасында өмір сүріп, солардың арасында өлетінімді айтатын болғанымда, кейде өзімді папашы деп танығаныма өкініш білдіретінмін және менің басыма – католик діні, бәлкім, ең жақсы дін емес шығар деген ой келіп және осы діннің аясында өлгім келмеуші еді.

Бірақ, алдында айтқанымдай, менің Бразилияға сапарға шығуыма кедергі болып тұрған басты себеп бұл емес еді, негізгі себеп – мен шынында да тауарларым мен ақшамды кімге сеніп тапсырарымды білмедім, ақыры бар байлығымды өзіммен бірге алып, Англияға жол жүруге бел байладым. Онда келісімен мен таныстар табамын деп, немесе, арқа сүйер туыс тауып аламын деп сендім. Енді мен жолға жинала бастадым. Үйіме оралмас бұрын мен өзімнің барлық істерімді бір ретке келтірейін деп шештім және ең алдымен (бразилиялық кемелер жүзіп кетуге дайын екенін білгендіктен) өз істерімнің толық та шынайы есебін беріп, маған Бразилиядан келген хаттарға жауап берейін деп ұйғардым. Мен августиндік монастырдың настоятеліне хат жазып, оның адалдығына ризашылығымды білдірдім және менен сый ретінде жұмсалмаған сегіз жүз жетпіс екі мойдор ақшаны қабыл алуын өтіндім, оның бес жүзін ғибадатханаға, ал үш жүз жетпіс екісін жарлы-жақыбайларға өз қалауынша таратып, мейірімді падреден мен үшін дұға қылуын сұрадым және т.б. Бұдан кейін мен олардың адалдығы мен әділдігінің лайықты бағасын бере отырып, екі сенім артқан кісіме хат жаздым; оларға сыйлық жіберуден мен тартындым: себебі

олар өте дәулетті адамдар еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий