Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Англияға келгенімде барлығына жат, ешқашан мұнда келмегендей сезіндім. Менің ақшамды сеніп тапсырған жарылқаушы әйел тірі екен, бірақ көп тауқыметті басынан кешіп, екінші рет жесір қалып, тұрмысы өте нашарлап кетіпті. Маған қарызбын деп уайымдамаңыз, ешнәрсе де талап етпеймін деп сендірдім. Сіздің маған шын берілгеніңіз бен қам жегеніңіз үшін деп шамам келгенше ол әйелге көмектестім. Мен бұдан бұрынғы жақсылықтарыңызды ұмытпаймын деп уәде бердім, ісім оңға басқасын мен ол әйелге көмектесе бастадым. Ол туралы уақытында айтып берермін.

Бұдан кейін Йоркшир қаласына келдім, бірақ менің әкем қайтыс болып, анам да о дүниелік болыпты, екі әпкем мен ағамнан қалған екі баладан басқа менің әулетінен ешкім де қалмаған екен; мені баяғыда өлдіге санап, әкемнен қалған мұрадан ештеңе қалдырмапты. Бір сөзбен айтқанда, мен ақша да, көмек те тапқан жоқпын, ал менің қолымдағы барым, жағдайымды жасау үшін тым жеткіліксіз еді.

Бірақ та мен ризашылық сезім көрінісін, өзім үшін мүлдем күтпеген жерден, оны пәле-қазадан сондай сәтті аман алып қалып, кемесін де, жүгін де құтқарып қалған кеме капитанынан таптым. Ол кеме қожайындарына мені әбден мақтап, матростарды қалай құтқарып қалғандығым жайында көп нәрсе айтқаны сондай, олар, жүкке мүдделі басқа көпестермен қосылып мені өздеріне шақырып, көңілге жайлы тиер көп сөздер айтып, қолыма екі жүз фунт стерлинг ұстатты. Алайда өз тұрмыс жағдайымды ойлай келе Англияда орнығып кетуіме үмітім аз болған соң, Лиссабонға барып қайтуды ойладым. Бразилиядағы плантацияма барып, мені әлдеқашан өлдіге санаған серігім туралы да хабар алғым келді. Осы мақсатпен Лиссабонға аттанып, сәуір айында сол жерде болдым, осы сапарда Жұма үнемі менің жанымда болды және өзіме адал берілгеніне әлденеше рет көзім жетті. Лиссабонға келе салып өзімнің зор қуанышыма орай алғаш рет Африка жағалауына жолаушы есебінде ала кеткен өзімнің ескі досым, португалдық капитанды сұрастыра келе тауып алдым. Ол қартайып, теңізге шықпайтын болыпты, ал кемесін ұлына тапсырыпты, ол да біраз жасқа келіп қалған екен, Бразилия мен сауда-саттықты үзбей кемені ұлы жүргізетін болыпты. Шал мені танымады, менің де оны тануым екіталай еді. Бірақ та оның жүзіне бажайлап қарған соң ғана оның бет әлпетін еске түсірдім, ол да, мен өзімнің кім екенімді айтқан соң, мені есіне түсірді.

Екі тараптан да болған қызу достық амандық-есендік сұрасудан соң, мен, әрине, өзімнің плантациям мен серігім туралы сұрауды да ұмытпадым. Шал маған, Бразилияда болмағаныма тоғыз жылдан асқанын, соңғы рет барғанымда серіктесің тірі еді, ал сенің плантация бөлігін сеніп тапсырған адамның екеуі де қайтыс болған деді. Соған қарамастан, оның ойынша, мен өз плантациям туралы және онда жүргізілген жақсартулар туралы дәл мәлімет ала алады екенмін, өйткені менің өлгеніме не суға батып кеткеніме әбден сенімді болған қамқоршыларым, менің плантациямнан түскен табыс туралы қазына шенеунігіне мәлімдеп отырған, ал ол болса, өз кезегінде, – егер мен оралмаған жағдайда, – бүкіл менің мал-мүкәмалымды тәркілеп, түскен табыстың үштен бірін қазынаға, ал үштен екісін әулие Августин монастырына және үндістерді католик дініне шоқындыруға жұмсауға қаулы еткен. Бірақ мен өзім келіп, болмаса біреулер арқылы өз құқымды талап етсем, жыл сайынғы табысымды есептеп, қайырым-дылыққа жұмсалған қаражат өзіме қайтарылады екен. Ол мені қазына табысын есепке алушы мемлекеттік шенеунік пен монастырь экономы серіктестернің жыл сайынғы кіріс туралы есебін қатаң қадағалап отырды деп сендірді.

Мен капитаннан плантация есебі қаншаға артты, онымен енді айналыссам пайда бар ма, егер мен өз құқығымды талап етсем, сіздің ойыңызша, еш кедергісіз өз иелігімдегі бөлікті иемдене аламын ба деп сұрадым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий