Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жеті рет берілген белгіден соң, күні бойы жүріп қалжыраған мен қатты ұйқыға кетіппін. Бір кезде зеңбірек тағы да атылды, даусынан шошып оянып атып тұрдым. “Губернатор, губернатор!” деген капитанның даусын бірден таныдым. Ол тауда, менің қамалымның алдында тұр екен. Мен оған тездетіп көтерілдім, ол маған құшағын жайып тұр екен, кеме тұрған жақты нұсқап: “Менің аяулы досым, құтқарушым, міне, сіздің кемеңіз. Кеме де, біз де сіздің құзырыңыздамыз”, – деді. Теңіз жаққа назарымды бұрғанда жағадан жарты миль жерде тұрған кемеге көзім түсті. Өзін командир есебінде сезінген капитан, сол сәтте-ақ зәкір түсіріңдер деп бұйрық беріпті. Қайыққа мініп, желдің ығымен маған жеткен екен.

Үйімнің түбінде тұрған кемені көргенде, қатты қуанғаннан есім шығып кетті. Менің де аралмен қош айтысар сәтім келді-ау. Басыма ақ күн туды десем де болады. Енді еш кедергі жоқ, көз алдымда қайда барамын десем де мініп кете берер үлкен кеме пайда болды. Қатты толқығаннан тілім күрмеле берді. Егер капитан қуатты қолдарымен қатты қысып ұстап тұрмағанда, құлап та қалар ма едім.

Есеңгіреп тұрғанымды түсініп, мен үшін әдейі алып шыққандай, капитан қалтасынан кішкене бір ыдысты аузыма тақап, бір жұтқызды да, сүйемелдеп жерге отырғызды.

Өз-өзіме келгеніммен, көпке дейін сөйлей алмай тілім күрмеле берді.

Байғұс капитанның да қуанғанынан есі шықты. Мені жас баладай жұбатып, маған шын жақындығын сездіріп, жылы сөздер айтты. Бірақ оның айтқандарын жөнді ұға алмадым, бақыттан басым айналып кетсе керек. Іштегі шерім көзімнен жас болып ақты, көңіл шері тарқаған соң барып, тіл қатуға шамам келді.

Есімді жиған соң барып досымды, құтқарушымды құшағыма алдым. Екеуміз де қуанышымызды жасыра алмадық. Мен оған сен құдайдың жіберген адамысың, біздің басымыздан кешкендеріміздің бәрінде бір құпия бар, мұндай оқиғалар әлемді билейтін бір тылсым күштің бар екендігінен хабар береді, әлемнің әр түкпіріндегі бақытсыздарға жаратушының өзі көмектеседі дедім.

Көкке қарап ризашылығымды білдіруді де ұмытқан жоқпын. Шөл далада жалғыз қалғанымда сүйеніш болған, жалғыздықтан есалаң болып кетпеуіме жәрдемдескен, бүгінгі қуанышты күнім үшін, игілік пен шаттықтың, қуаныштың бастауы болған жарылқаушыма алғыс айтпауға бола ма.

Біраз отырғаннан кейін капитан кемені ұзақ уақыт бойы иеленген оңбағандардың қорынан тауысып үлгермеген көңіл сергітерлік бір нәрсесін әкелгенін айтты. Капитан қайықта отырған теңізшілерге губернаторға арнап әкелген жүкті түсіріп, жиекке шығарыңдар деп бұйрық берді. Жүктердің көп болғаны сондай, егер мен аралды мекендей берсем, өмірімнің соңғы күніне дейін жетерліктей.

Әкелінген заттардың арасында қаздай тізілген көңіл сергітер сусындар, бұдан басқа екі фунт темекі, он екі бөлек сиырдың еті, алты бөлек шошқа еті, бір қапшық бұршақ, жүз фунттай кепкен нан, бір жәшік қант, бір жәшік ұн, қапшық толы лимон, екі бөтелке лимон суы және басқа да түрлі-түрлі тағамдар. Бәрінен бұрын досым маған ішіп-жер тағамнан гөрі мың есе қажеттілік тудырған киім-кешек ала келіпті. Ол маған жаңа көйлектер, алты мойын орамал, қолғап, қалпақ, башмақ, шұлық, мүлде киілмеген жаңа костюм ала келіпті, бір сөзбен айтқанда, мені бастан-аяқ киіндірді.

Менің сол кездегі жағдайым үшін бұл үлкен сый болғанын елестету қиын емес еді. Алғашқы кездерде бұл киімдерді кигенімде қобырап, үйлеспей жүрді. Олжалы заттарымызды қарап болған соң, оларды қамалға апарыңдар деп бұйрық беріп, содан кейін тұтқындармен не істеу керектігін кеңесе бастадық. Мәселе, капитан сенімсіз адамдар деп баға берген екеуін өзімізбен бірге алып жүрсек кесірлері тие ме, жоқ па дегенге тірелді. Біз бұларды тұтқын есебінде алып қол-аяқтары кісенделгеннің өзінде, бұл жексұрындарды алғашқы кездескен ағылшын колониясының сотына тапсыруымыз керек дегенді айтты. Бұл мәселе мені қатты мазасыздандырады деді капитан.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий