Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қойнауды кесіп өтіп, тағы бір адам қосып алып, олар ары қарай кетті. Осылайша шлюпкада екі адам ғана қалды. Мен олардың оны қойнаудың ең аяқталар тұсына апарып, дөңбекке байлап жатқанын көрдім.

Біз үшін қалыптасқан жағдайдың қолайлылығы бұдан артық болуы мүмкін емес еді. Жұма мен капитанның жәрдемшісін өз істерін тындыра беруге қалдырып, қалғандарына менің соңымнан еріңдер деп бұйырдым. Біз дұшпандарымыздың көзіне түспей қойнауды кесіп өтіп күтпеген жерден олардың алдынан шыға келдік. Бір матрос шлюпкада отыр екен де, екіншісі жағада жатып көз шырымын алып жатыр екен. Өзінен үш қадам жерде бізді көрген ол орнынан тұрам деп қимыл жасап та үлгерген жоқ, алдымызда келе жатқан капитан оны мылтықтың дүмімен бір-ақ ұрды. Содан кейін ана матростың да есін жидырып үлгіртпей:

«Беріл, әйтпесе өлесің!» деп айғайлап жіберді.Бес адамға қарсы өзі жалғыз екенін көріп тұрған, ол аз дегендей жалғыз серігі көз алдында соққыға жығылғанын көрген адамды берілуге көндіру үшін аса шешендіктің де қажеті шамалы еді. Және бұл матрос, қастандыққа өз еркімен емес, көпшіліктің қысымымен барған капитан айтқан үшеудің бірі болып шықты. Сондықтан ол сөзге келместен ә дегенде ақ мылтығын жерге тастап қана қойған жоқ, бірден, шамасы, шын жүректен шыққан болуы керек, өзінің біздің жаққа өткісі келетіндігі жайындағы тілегін білдірді.

Ал Жұма мен капитанның көмекшісінің осы кезде өз міндеттерін мүлтксіз орындағандары сондай, бұдан артық тілеудің де еш реті жоқ еді. Айқайлап, дыбыс беріп және жауаптарына үн қата жүріп, олар матростарды бүкіл аралды шарлатып, төбеден төбеге, орманнан орманға жетелеп отырып, қас қарайып, түн батқанша шығу еш мүмкін емес бір қалың жынысты түкпірге алдап апарған. Дұшпандарын қалай естен тандырғандарын олардың өздерінің діңкелеп келгендерінен де көруге болар еді.

Енді бізге теңізшілер қайтқан кезде қараңғыда оларды тосып алып, күтпеген жерден тарпа бас салумен естерін жиғызбай, нақты жайратып салу ғана қалып еді.

Жұма мен оның жолдасының оралғанына бірнеше сағат уақыт өтсе де, аналардан еш хабардың дерегі болмады. Ақыры, естідік: келе жатыр. Алдыңғылары соңғыларына тездетіңдер деп айғайласа, соңғылары аяғымызды әбден ауыртып алдық, шаршағаннан құлайын деп келе жатырмыз, сондықтан бұдан тез жүре алмаймыз деп жауап береді. Бұны есту бізге майдай жақты.

Міне, олар қайыққа жақын келді. Және бір айта кететіні, осы бірнеше сағат ішінде су қайтып, бағана айтқанымдай дөңбекке байланған шлюпка жағаға шығып қалып еді. Шлюпканың қайраңдап, ал адамдардың жоғалып кеткенін көргенде олардың қандай күйге түскенін суреттеп беру мүмкін емес. Олардың тағдырларын қарғап, не шайтандар не қарақшылар жайлаған дуаланған аралға тап келдік, не бізді өлтіреді, не қара күштер алып кетеді деген айғайын естідік. Олар бірнеше мәрте жолдастарының аттарын атап дауыстап еді, әрине, еш жауап болмады. Күннің батып бара жатқан әлсіз сәулесінің аясында біз олардың екі қолдарына тыным бермей жүгіргендерін, кейде жүгіруден шаршап қатты күйзеліс пен қайғыдан қайыққа мінгендерін, біресе қайтадан жағаға шығып әрлі берлі адымдап жүргенін, кейін осының бәрін тағы да тынымсыз қайталағанын көріп отырдық.

Менің адамдарым қараңғы түсісімен дұшпандарымызға бас салайық деп мені үгіттей бастады. Бірақ мен қан төкпеудің қандай да бір мүмкіндігі болса, оны болдырмауға тырыстым, әрі, ең бастысы, дұшпанның мұздай қаруланғанын білгендіктен де, өз адамдарымның өмірін оққа байлағым келген жоқ. Мен дұшпанның күші бөлінгенін күтуге бел байладым және ұрымтал тұстан әрекет ету үшін торуылды қайыққа жақындатып қойдым. Жұма мен капитанға бүлікшілер байқап қалмау үшін еңбектей жылжыңдар және тек қана тіреп қойып атыңдар дедім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий