Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Олар бұл қалыпта көп бола қойған жоқ, өйткені оларға өзгелерден бөлінген екі матрос пен бұрын айтылғандай бүлікке бастамашы болған, ал қазір мүлде еңсесі түсіп кеткен боцман жолығып қалып еді. Өзінің бақытсыздығына басты себепкер болған жанды сезген кезде капитан бар тағатынан айырылып, оның осы кезге дейін тек даусы ғана естіліп тұрғандықтан, ол ма, әлде ол емес пе деп көзін жеткізу үшін, оның тағы жақын келгеніне әзер шыдады. Ол жақындаған бойда капитан мен Жұма орнынан атып тұрып шүріппені басып қалды.

Боцман сол бойда жан тапсырды, екіншісінің кеудесін оқ тесіп өтіп жаралады. Ол да орған баудай құлады, бірақ екі сағаттан соң ғана жан тапсырды. Үшінші матрос қашып кетті.

Мылтық даусын естіген мезетте, саны жортуылды қосқанда сегізге жеткен, армиямның негізгі күштерін алға бастадым. Оның толық құрамы міне мынадай: мен – генералиссимус, Жұма – генерал-лейтенант, сосын капитан екі жолдасымен және олардың шын берілгеніне сеніп, қатарымызға қосып, мылтықпен қаруландырған үш тұтқын. Дұшпандарымыздың қасына әбден қараңғы түсіп, қанша адам екенімізді айыра алмайтын қас қарайған кезде келдік. Біздің қатарымызға өз еркімен жаңа ғана қосылған, қайықта қалған теңізшіге жолдастарыңның атын бір-бірлеп ата деп бұйрық бердім. Оқ атпастан бұрын олармен тілдесіп көрмек ойым болды, егер олар келісімге келсе, бұл істі адам шығынысыз аяқтағым келді. Менің есебім дұрыс болды, неге екені айтпаса да түсінікті еді. Оларға берілуден басқа амал да жоқ болатын. Менің елшім тамағын жырта: “Том Смит! Том Смит!” – деп айқай салды. Әлгі оны даусынан таныған болуы керек, “Сен кімсің, Робинзонбысың?” – деді. “Иә, менмін, менмін. Том Смит, құдай үшін қарсыласпа, мылтығыңды жерге таста, беріл, қарсылассаң, қазір-ақ көзіңді жояды”, – деді.

“Кімге беріл дейсің? Оларың қайда?” – деп сұрады Том Смит. “Сенің тура қасыңда!” – деді Робинзон. Біздің капитан да осы жерде, қасында елу адамы бар. Сендердің соңдарыңа түскеніне екі сағат болды. Боцман өлді. Виль Фрай жарақаттанды, мен тұтқындамын. Тап қазір өз еріктеріңмен берілмесеңдер, сендерді де атып тастайды”. “Ал берілсек, бізді жарылқай ма?” – деп сұрады Том Смит. “Капитаннан сұрап көрейін, жауабын қазір айтамын”, – деді Робинзон. Осы кезде капитанның өзі сөзге араласты. “Смит, қайдасыңдар, сендерге айтып тұрмын. Менің даусымды танып тұрмысыңдар? Егер мылтықтарыңды тастап, өз еріктеріңмен берілсеңдер, Вилль Аткинстен басқаның бәрін кешіреміз”.

“Капитан, құдай үшін, маған рақым ет!» деп өтінді Вилль Аткинс. «Менің басқалардан қандай кемдігім бар? Бәріміздің айыбымыз бірдей емес пе?” – деп Аткинс жалына бастады. Әрине, мұның айтқанының бәрі жалғантын, себебі бүлік шыққанда капитанның қол-аяғын байлап және өте дөкір мінез көрсетіп, жер-жебіріне жетіп жаман сөздер айтып, жәбірлеген де осы болатын. Бірақ капитан оған ешқандай шартсыз беріл, өмір сүресің бе, әлде өлесің бе, оны губернатор шешеді деді. Губернатор деп капитан және басқалары мені атайтын.

Қысқасы, бүлікшілер мылтықтарын тастап, рақым ету туралы жалына бастады. Менің бұйрығыммен менің елшім мен тағы бір-екі жігіт олардың бәрінің қол-аяғын матап тастады, бұдан кейін менің елу адамдық айбынды армиям, шын мәнінде алдыңғы шепте жүретіндерді қосқанда ол бар жоғы сегіз адамнан тұратын, оларды қоршап алып, шлюпканы қолға түсірді. Бірақ мен және Жұма, мемлекеттік тұрғыдан ойлап, тұтқындардың көзіне түскеніміз жоқ.

Біздің бірінші шаруамыз қайықты жөндеп алып, кемені қалай басып алуды ойлау еді. Енді бүлікшілермен еш кедергісіз сөйлесе алатын капитан, олардың өзіне жасаған қылықтарының пасықтығы мен жүзеге асыра алмай қалған жоспарларының барып тұрған жексұрындығының шынайы бейнесін ашып берді. Ол оларға мұндай істер жақсылықпен аяқталмайтынын, және оларды, бәлкім, дар ағашы күтіп тұрғанын да айтып өтті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий