Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мен сергек, көңілдене, батыл екпінмен сөйледім. Менің сенімділігім капитанға беріліп, біз қызу түрде іске кірістік. Кемеден екінші қайық түскен бойда біз тұтқындарды бөлек-бөлек айырып, жақсылап тұрып жасырып қойдық. Екеуін, ішіндегі ең сенімсізі ретінде (бұл, енді, олардың капитаннан алған бағасы) Жұма мен капитанның көмекшісінің бақылауында өз үңгіріме жөнелттім. Бұл тұтқындардың дауыстары естілмейтін және олардың орманнан жол тауып шыға алуы нейғабыл болғандықтан да қашып шығуы қиын, бір әжептәуір тасалау жер еді. Оларды байлаулы қалпында отырғызып, бірақ ас-су қалдырылып, тыныш отырсаңдар бір-екі күнде босатамыз, ал қашуға ниеттенген бойда – аямастан өлтіреміз деген сөз айтылды. Олар қамаққа төзімділік танытуға уәде беріп, өздерін ас-сусыз қалдырмағанына және Жұманың берген біздің қолдан жасаған бірнеше май шамдарымыздың арқасында қараңғылықта қалмайтындарына мың да бір рахметін білдірді. Олар Жұманың үңгірдің кіре берісінде күзетке қалғанына сенімді еді.

Қалған төрт тұтқынға жұмсақтық танытылды. Бірақ, капитан сенім білдірмегендіктен, екеуін әзірге байлаулы қалпында қалдырдық, ал қалған екеуін, маған деген адалдықтарына салтанатты түрде ант бергеннен соң, капитанның ұсынысы бойынша қызметке қабылдадым. Сонымен, осы екеуін және капитанды екі жолдасымен қоса есептегенде, қаруланған жеті адам болып шыға келдік, менің енді келуге тиіс он адамға әліміз жететініне еш күмәнім болған жоқ, оның үстіне, капитанның айтуы бойынша, олардың ішінде үш пе, төрт пе адал жігіттер бар екен.

Олар біз баркас қалдырған тұста аралға тақап келіп, жағаға табан тіреп, шлюпкадан түсті де оны жағаға сүйреп шығарды, мұнысына мен өте қуандым. Шынымды айтсам, мен олар сақтық танытып, жағаға жақындамай зәкірлерін түсіріп, біраз адамдарын шлюпканы күзетуге қалдыра ма деп қорықтым: онда біз оны басып ала алмас едік.

Жағаға түсе салысымен олар ең әуелі баркасқа ұмтылды, оның бүкіл жабдықтары мен барлық жүктері жоқ болып кеткеніне және түбіндегі аңырайып тұрған тесікті көргенде олардың қалай таң қалғанын елестету де онша қиынға соқпайды. Осы күтпеген жағымсыз сый жайында өзара ақылдасып алған соң, олар енді баркаспен келгендер естіп қала ма деген үмітпен дауыстап шақыра бастады. Олар ұзақ тамақтарын қарлықтыра айғайлады, бірақ еш нәтиже болмады. Енді олар алқа құрып тұра қалды да, бірі бірдей бір кісінің бұйрығымен мылтықтарын гүрс еткізді. Орман ішін ауыр жаңғырық алып кетті, бірақ бұдан олардың ісі алға жылжымады: үңгірде отырғандар ештеңе ести алмаушы еді; ал біздің қасымызда

болғандар, естісе де, жауап қатуға батылдары жетпеді.

Олар өз жолдастарының аяқ астынан ғайып болып кеткеніне абдырап қалғандары сондай (кейін өздері бізге айтып бергендей), кемеге оралып, баркас тесілген, ал адамдар, бәлкім, барлығы өлтірілген деп мәлімдемекші болған. Біз олардың шлюпканы асығыс суға түсіріп, оған отырып жатқанын көріп тұрдық.

Осы сәтке дейін кемені басып аламыз деп үміттеніп тұрған капитанның еңсесі тіпті түсіп кетті. Ол кемедегілер баркас командасының жоғалып кеткенін білсе, зәкірлерін көтеріп жолға шығады, онда менің барлық үмітіммен қош айтысқаным ғой деп қорқып тұрды.

Енді біразда оның қорқынышына жаңа бір себеп пайда болды. Жағадан жиырма сажын да ұзап үлгірмеген адамдары бар шлюпканың қайта оралып келе жатқанын біз көріп тұрдық: олар өзара ақылдаса келіп, жаңа бір шешімге келген болулары керек. Біз бақылауды жалғастыра бердік. Олар жағаға табан тіреп, қайықта үш адамды қалдырды да, қалған жетеуі, жоғалғандарды іздеу мақсатында болса керек, аралдың түкпіріне қарай жол тартты.

Іс біз үшін теріске айнала бастады. Біз жағаға түскен жетеуін қолға түсіргеннің өзінде, шлюпкадағы үшеуінен айырылып қалар болсақ, бұл бізге ешқандай пайда әкелмес еді: олар оралысымен кемедегілерге болған жайды бәрібір баяндап жеткізген кезде, кеме зәкірін көтеріп көз алдымыздан ғайып болар еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий