Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Капитан менің бұл ең ақылға сыйымды талаптарымды орындауға, қай уақытта, қандай жағдайда болмасын әзір екенін, өмірінің соңына дейін маған борыштар болатынына адамның ойына келуі мүмкін барлық ант-суды ішті.

“Онда ұрыста тұрыс жоқ, мырзалар», – дедім. «Міне, алдымен сіздерге үш мылтық, оқ-дәрі берейін. Ал енді біз сіздердің ойларыңызша не істеуіміз керектігін айтыңыздар» дедім. Бірақ капитан тағы да маған алғысын жаудырып, көсем болу сіздің тиесілі хақыңыз деп жариялады. Сонда мен: «Менің ойымша, біз батыл қимылдауымыз керек. Олар ұйықтап жатқан кезде кімнің аман қаларын құдайдың еркіне қалдырып, жасырынып барып оқ жаудыруымыз керек. Егер аман қалғандар берілетін болса, оларға рақым етуге болады». Капитан менің бұл ұсынысымды құптамады: бәрінің қанын төгуге болмайды, бұл ойдан аулақ болғанымыз жөн; кемеде бүлікшілік туғызған екі оңбағанның көзін құртпасақ, олар бізді қиын жағдайға душар етеді; көзден таса қылсақ, олар кемеге барып қалғандарын ертіп әкеліп, бізді қырып салады, – деді. “Онда менің ақылымды алған дұрыс шығар, бұл – құтылудың дұрыс жолы” – дедім мен. Оның екіойлы болып тұрғанын көріп: жолдастарыңмен қандай шешім қабылдасаң да өзің біл, – дедім.

Біз келіссөз жүргізіп тұрғанда уақытта теңізшілер ояна бастады, мен көп кешікпей олардың екеуінің түрегеліп келе жатқандарын көрдім. Бүлік шығарған екі бұзық осылар ма дедім капитанға. «Жоқ», деді ол. «Онда жөндеріне жүре берсін: оларға кедіргі келтірмейік» дедім мен. «Оларды оятып, құтылуға мүмкіндік беріп, көмектесіп тұрған құдайдың өзі шығар. Бірақ қалғандарын қолдан жіберіп алсақ, онда сіздің кінәңіз» дедім.

Бұл сөздер қамшы боп тиген капитан мушкетін қолына алып, тапаншасын беліне қыстырып, қаруланған жолдастарын ертіп, екпіндеп алға қарай ұмтылды. Оянған теңізшілердің біреуі бұлардың аяқтарының дыбысын естіп, қолдарындағы қаруларын көріп, дабыл қақты. Бірақ бәрі кеш еді: ол айғайлаған мезетте капитан көмекшісінің және жолаушының мылтығы қатарынан екі рет гүрс ете қалды; ал капитанның өзі сабыр сақтап, оғын үнемдеп қалды. Атқандар мүлт кетпепті: бір адам сол мезетте жан тапсырды, ал екіншісі ауыр жарақат алды. Бірақ жараланған атып тұрып басқаларын көмекке шақыра бастады. Осы кезде оның қасына капитан жетіп келіп: “Бауырым, енді көмекке шақыру кеш, одан да сен құдайдан өзіңнің сатқындығың үшін кешірім сұра” деді. Осы сөздерді айтты да капитан оны мылтықтың дүмімен басынан ұрып өлтірді. Енді үш адам қалды, біреуі жеңіл жараланған-тын. Осы кезде жандарына мен келдім. Қарсыласудың нәтижесіздігін ұққан олар жалбарынып рақым етулерімізді сұрай бастады. Капитан егер олар сатқындықдықтарына шынайы өкінетіндіктеріне сөз берсе, кемеге қайта ие болуға көмектесіп және оны қайтадан Ямайкаға алып баруға ант-су ішсе, кешіруге дайын екендігін айтты. Олар бірінің сөзін бірі бөліп өздерінің шынайы екендіктеріне сендіре бастады және капитанға сөзсіз бағынуға уәде берді. Бұлардың уәдесі капитан көңілінен шығып, оларға аяушылық жасайтынын айтты. Мен бұған қарсы болмадым, тек бұлар менің аралымда жүрген уақытта қол-аяқтары байлаулы болсын дегенді ескерттім.

Бұл оқиғалар болып жатқан кезде мен Жұма мен капитаның көмекшісін баркасқа жұмсап, желкені мен ескектерін алып келуге бұйырдым. Әлгі өздерінің бақытына қарай болмаған үш теңізші мылтық даусын естіп қайтып келді. Олар капитаның тұтқыннан жеңімпазға айналғаннын көргенде, еш қарсыласпастан сөзсіз берілді. Осылайша, біздің жеңісіміз толық болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий