Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жабайылар қаптап келіп қалмаса деген ой болмаса, біз төрт адамға көбейген соң, жабайылардан үрейленуді де, қорқуды да қойдық. Енді біз аралды еш қорқынышсыз кезіп жүре беретін болдық. Біздің бәрімізде бір ғана үміт болды, ол – бұл жерден құтылу; құтыламыз деген үміт үшін әрқайсысымыз (ең құрығанда бұл сөзді өзім үшін айта аламын) барымызды салуға тырысып бақтық. Аралды кезіп жүргенде кеме жасауға қолайлы деген ағаштарды Жұма мен әкесіне кесіңдер деп, ал испандықты олардың жұмысын қадағалауға жұмсадым. Мен оларға жуан ағаштардан жонып жасаған тақтайларымды көрсеттім де, сендер де дәл осындай етіп жасаңдар, мұны жасау үшін біраз тер төгілді дедім. Бұлар еменнен жасалған, ұзындығы отыз фут, ені екі фут, қалыңдығы екіден төрт дюймге дейін баратын мықты тақтайлар еді. Бұл жұмысқа қаншалықты тер төгілгенін өздеріңіз шамалап көріңіз. Осы аралықта мен мал басын көбейту жұмыстарымен де айналыстым. Ешкілерімді көбейту мақсатымен күнде екі адам жабайы лақтарды ұстауға шығып жүрдік, Жұма күн сайын,

ал испандық екеуміз кезектесіп шығатын болдық.

Тасалау жерде жайылып жүрген лақты, ешкіні көрсек, енесін атып аламыз да, лақтарын үйірге қосып жібереміз. Осылайша бізде мал басы жиырмаға дейін жетті. Бұдан соң піскен жүзімді жинау жұмыстары да күтіп тұрды. Бізде олардың мол болғаны сондай, әуелі бәрін кептіріп алдық, егер біз жүзімнен шарап дайындайтын Аликант қаласында болсақ, онда алпыс шақты бөшкені толтырар едік деп ойлаймын. Жүзім наннан басқа күнделікті қолданатын асымызға айналды, біз оны сүйсініп жедік. Мен бұдан басқа денсаулыққа пайдалы, сіңімді, нәрлі тағамды білмеймін.

Осындай шаруаларға алаң болып жүргенде, егін жинайтын мезгілдің де келгенін байқамай қалдық. Егініміз аса бітік шықпағанымен, мол болды. Енді ойымызды жүзеге асыра бастадық. Себілген жиырма екі бушель тұқымнан екі жүз жиырма бушель арпа, соған жақын күріш алдық; бұл өніміміз біздің (келетін он алты адамды қосқанда) ішіп-жеуіміз былай тұрсын, тіпті Американың қай шетіне сапар шексек те жетерлік еді.

Егінді жинап алған соң, бидайымызды салатын үлкен себеттер тоқуға кірістік. Испандық бұл істің хас шебері екен, ол маған неге қоршау шарбақ тоқып алмаймыз деп күңкілдеп жүрді, бірақ мен оған мұқтаж болғаным жоқ.

Келетін қонақтарымызға жетерлік азық-түлік қорын молайтқан соң, бар жабдықтарын дайындап, испандыққа оларды алып келу үшін аттануға келісім бердім. Мен оған ант қабылдаған кезде шалдың куә болуынсыз бірде-бір адамды алып келме дедім. Адам баласына ізгілік қана ойлаған, оны және оның елдестерін тұтқыннан құтқарып, одан кейін де құқықтарын қорғайтын, олардың қамын жейтін аралдағы адамға бағынышты екенін білсін дедім. Менің шарттарыммен келіскен әрқайсысы мұның бәрін қағазға жазып, қол қойсын дедім. Қонағым екеуміз жазбаша хаттың барысы жайлы сөйлесіп отырғанда, оның жолдастарынан не қалам, не қағаз, не сия табылмайтыны жөнінде ескермеппіз. Осы нұсқау бойынша испандық пен шал өздері келген қайықпен, турасын айтсам, менің аралыма өздерін құрбандық қыламыз деп алып келген қайықпен саяхатқа аттанды. Екеуіне де шығын қылмай, тек қауіп төнгенде ғана пайдаланыңдар

деп сегіз рет атуға жетерлік мушкет, оқ-дәрі бердім.

Мен оларды шын ықыласыммен, зор қуанышпен жолға дайындадым. Жиырма жеті жылдан артық уақыт ішінде бұл менің еркіндікке қол жеткіземін деген алғашқы талпынысым болатын. Мен өз елшілерімді көп күнге жетерлік, ал олардың елдестерін бір аптаға жетерлік азық-түлікпен қамтамасыз еттім. Міне, аттанар сәт те келіп жетті. Қайтар жолда олардың қайықтарын алыстан шырамыту үшін дабыл белгісін беріңдер деп, сәтті жол тілеп, сапарға аттандырдым. Менің болжамым бойынша олар қазан айының ай толған сәтінде, ауа сәл салқын тартқанда аттанды. Күннің, аптаның есебінен жаңылып қалған соң, менің жылдарды түзіп жүрген күнтізбем дұрыс па екен деп күмәндандым. Бірақ жыл

есебінен жаңылмағанымды содан соң білдім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий