Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Испандық менің бұл сөзіме шынайы ақ жүрегімен жолдастарымның жағдайлары өте нашар, олар өздерінің үмітсіз екендіктерін өте жақсы біледі, сондықтан мен, олар өздеріне қолұшын берген адамға ешқашан арам ниетте болады деп ойламаймын да дед; егер қажет деп тапсаңыз, үндіс шалмен бірге барып сіздің ұсынысыңызды айтып, жауабын алып келейін деді. Егер олар менің шарттарыма келіссе, олардан маған өздерінің командирі немесе капитанына сөзсіз бағынатынына ант алып келемін дегенді де айтты; мен оларды маған деген адалдықтарына және мен нұсқаған христиан еліне баруға дайын екендіктеріне қасиетті тәбәріктермен және інжілмен ант ішуге мәжбүр етемін деді; ол олардан өз міндеткерліктері туралы қағазға өз қолдарымен қол қойғыздыртып отырып оны сізге алып келемін деді.

Егер мен өзім қуып жібермесем, тірі тұрғанда мені тастап кетпейтініне ол әуелі өзі ант бергісі келетінін, егер өз тайпаластары маған берген антын бұзса, ол менің жағымда болып, мен үшін қасық қаны қалғанша аяусыз күресетінін айтты. Ол өз жерлестерінің сөзге берік, адал, қайырымды екендерін, оның үстіне ішер киімі, жейтін тамағы жоқ, жабайылардың қарауында, – турасын айтқанда, егер мен оларды құтқарсам, –

олар мен үшін өмірін беруге дайын екеніне сендірді.

Испандықтың елдестері үшін сенімді сөйлеп отырғаны менің күдігімді сейілтті, мүмкіндік болса, оларды құтқару үшін алдын ала сөйлесуге шал мен испандықты жіберіп алмаққа бекіндім. Сапарға әбден дайын болғанда испандық бұл жоспарды іске асыру үшін асығыстық жасау керек емес дегенді ескертті. Ол сондай ақылға сыйымды әрі сондай оның шынайылығынан хабар беретін пікірлерін айтқанда, онымен келіспеу мүмкін болмағандықтан мен оның кеңесі бойынша жолдастарын құтқаруды кем дегенде жарты жылға шегер тұруды жөн көрдім. Мәселе мынада болатын.

Испандық бізде бір айға жуық тұрып біздің тұрмыс-тіршілігімізбен танысып та үлгеріп еді. Ол менің қалай жұмыс істейтінімді және құдайдың көмегімен күнделікті нанымды тауып жеп жүргенімді көрді. Мендегі күріш пен арпа қорының қаншалықты екенін де анық білді. Әрине, бұл азық менің бір басыма артығымен жетер еді, бірақ енді менің отбасым төрт адамға артқанның өзінде, бұл азықты аса үлкен сақтықпен жұмсау керек еді. Сондықтан да, бізге тағы да он төрт адам келіп қосылар болса, мүлдем тырығып қалар едік. Және біз кемені жасап бітірген кезде ұзақ жолға азық-түлік қорын қамдап та үлгеруіміз керек-тін. Осылардың бәрін таразылай келе менің испандығым қонақтарымызды әкелмес бұрын олардың азық-түлігін алдын ала дайындап алу керек деген ой айтты. Оның жоспарының мәні міне осында болатын. Сіздің келісіміңізбен, деді ол, біз үшеуіміз жаңадан жер жыртып, сіздің бергеніңізше бар тұқымды себеміз; сосын біз егін орағын күтеміз, түскен өнімнен жасалатын нан біздің осында келетін отандастарымыздың бәріне жетерліктей болуы керек деді; өйтпейінше, оларды оттан әкеліп, шоққа салғаннан не шығады, жоқшылық алауыздық туғызады деді. “Израиль ұлдарын есіңізге түсіріп көріңізші, олар әуелі Египеттің езгісінен құтылғанына қуаныпты, шөл далада азықтары таусылған соң, өздерін құтқарған Құдайға қарғыс айтыпты” деді ол сөз соңында.

Қонағымның көрегендікпен айтқан сөзіне қарсылық білдіргенім жоқ, шын жанашыр екеніне көзім жеткеніне қуандым. Тапжылмастан тыңдаған мен оның айтқан сөздерінің жаны бар деп шештім. Уақытты текке оздырмау үшін төртеуміз жер жыртуға кірісіп кеттік. Ісіміз өнімді жүріп жатты (ағаш күрекпен мұндай істің қаншалықты нәтиже берерін білмеймін), бір айдан соң тұқым себер кезде, жерді едәуір жыртып тастаған екенбіз, жиырма бушель арпа, он алты бушель күріш дәнін септік. Алты ай уақытқа жетерлік дәнді үнемдеп, қалғанын сеуіп тастадық. Себебі егінді толық жиып алу үшін алты ай уақыт кетеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий