Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Маталған қол-аяғындағы арқанды кесіп, тұруына жәрдемдесейін деп едім, бірақ ол аяғынан тұра алмады, сөз айтар шамасы да жоқ, тек жалынышты үнмен ыңқылдай береді; бейшара оны өлтіруге апара жатыр деп ойлаған болуы керек. Жұма біздің жанымызға келгенде бұл адамның азат екенін түсіндірші дедім де, мынадан кішкене жұтқыз деп оған бір бөтелке ром бердім. Қуанышты хабардың әрі ромның қызуының да әсері болуы керек, байғұстың бетіне қан жүгіріп, ол қайықта біраз отырды. Әлгінің даусын естіп, жүзін көргендегі Жұманың қуанғанын көрсеңіз. Ол бас салып оны құшақтай алсын: біресе күліп, біресе жылады; сосын оны айналып секіре бастады, біресе басын, біресе бетін тырналап, бір сөзбен айтқанда, есуас адам сияқты күйге түсті. Сол кезде түсіне алмасам да артынан білдім, ол оның туған әкесі екен.

Досымныің бойындағы мұншама перзенттік махаббатты көргенде буын-буыным босап, соншалықты елжіреп кеткенімді сөзбен айтып жеткізу де мүмкін емес. Дөрекі жабайының ажал тырнағынан құтқарылған сүйікті әкесін көрген кездегі қуанышына көзге жас алмай қараудың өзі қиын еді. Бірақ солай бола тұрса да, сол сәттегі оның қуанғаны мен шын махаббатын айқындайтын оғаш қимылдарын көріп күлмей де қала алмас едіңіз. Ол қайыққа жүз мініп, жүз түсті; біресе әкесінің алдына тізерлеп отырып, баласын алдына алған ана құсап, оның басын өзінің кеудесіне апарады, біресе оның күс болып кеткен қол-аяғын сипайды. Әкесінің қол-аяғын роммен уқалауға кеңес бердім, ром оның бойына қуат кіргізгендей болды.

Қашқан жабайылар туралы енді ойлап қобалжудың да реті жоқ еді, олар көзден таса болғалы қашан, енді оларды қуып жетеміз деген ойдың өзі жайына қалды. Осылайша ойға алған қуғын жүзеге аспай қалды, және біздің бақытымызға орай деп те айтуға болады, өйткені екі сағат өтісімен-ақ, яғни біз ол кезде жолымыздың ширегін де жүріп өтпес едік, сұрапыл жел тұрып, түні бойы кәріне мініп бір тыншыған жоқ. Жел солтүстік-батыстан тұрып, тура қашқындардың маңдай алдынан соқты, сондықтан да олар бұдан есіп шыға алмады және енді туған жерлерін де көруден күдерін үзген шығар.

Енді Жұмаға қайта оралайық. Ол әкесінің қасынан айналсоқтап шықпай қойды, олардың арасына килігуге менің де дәтім жетпеді. Сағынышын әбден басып алсын деп, оны қасыма енді ғана шақырдым. Ол қуанышы қойнына сыймай бақытты, риза көңілмен жаныма жүгіріп келді. Әкеңе нан бердің бе деп сұрадым. Ол басын шайқады. “Нан жоқ, ит бәрін өзі жеп қойды” деп ол өзін көрсетті. Мен дорбамдағы азық-түліктерді алып – кішкене нан, екі ме, үш пе жүзім шашағын әкеңе бер деп қолына ұстаттым. Өзің де ромнан жұтып әлденіп ал деп қолына ұстатып едім, ол әкесіне ала жүгірді. Қайыққа жеткені сол еді, менің Жұмам басын ішіне қарай бүгіп алып, артынан тап бір шайтан қуып келе жатқандай, алды-артына қарамай бір жаққа жүгіре жөнелгенін көрдім. Бір айта кететіні – бұл жігіт өте желаяқ еді, мен есімді жиып та үлгіргенше, ол көзден ғайып болды. Мен оған тоқта деп айғайлаған болдым, – бірақ қайда, – шаңын ғана көрсетті. Бір қарасам, ол ширек сағаттан соң қайта оралып келеді екен, бірақ бұрынғыдай емес, қарқыны басылған.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий