Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Келе жатып әр түрлі ой басыма келіп, оларға оқ атуға тәуекелім бармай шегіншектей бердім. Олардың көптігі қынжылтты, бірақ қолдарында қарулары жоқ, тырдай жалаңаштармен соғыста мен жалғыз болсам да, жеңіс менің жағымда болары анық еді. Бірақ мені қинағаны басқа ой – арымның алдында таза болу.. “Мен не үшін өз қолымды адам қанына малуым керек? Оған не себеп итермелеп тұр. Тіпті маған ешқандай жамандық жасамаған және жасағысы келмейтін адамдарды өлтіруге менің қандай құқым бар? Менің алдымда олардың не күнәсі бар? Олардың тағылық дәстүрінде шаруам жоқ, бұл құдайдың қарғысы, аталарынан қалған сорлы мұра. Егер бұларға құдай қараспаса, бұларды айуан етіп жаратса, онда менің төреші я жаналғыш болу немді алған. Және әрі-беріден үшін ұлық кемістіктер үшін кек қайтарылмайды. Қысқасын айтқанда, қандай көзқараспен қарасақ та, адамдарды жайратып салу менің ісім емес еді. Жұмаға кек қайтарамын десе – жөні бар: бұлар – оның ата жауы; олар оның тайпаластарымен өш, ал соғыс кезінде өлтіруге рұқсат етіледі. Ал өзім жайлы бұлай деп айта алмасым анық еді». Мұның бәрі менің ойымда бұрыннан бар еді, ал енді тіпті дұрыс болып көрінді; сондықтан әзірше жабайыларға тиіспеу керек деген шешімге келдім. Орман ішінде жайлы жерге жайғасып, жағалауда өтер қанды оқиғаның басталып, аяқталғанына бақылайын да отырайын, ал бұл іске құдай өзі анық белгі берсе ғана кірісермін деген ойға табан тіредім. Осы шешіммен мен орманға кірдім. Жұма менің артымнан қалмай жүріп отырды. Біз аңдып басып, үн-түнсіз, аяқ дыбысын шығармай адымдап келеміз. Жабайылармен арамызды бірнеше қатар ағаштар ғана бөліп тұратын, жағаға жақын орналасқан орман шетіне келіп Жұманы қасыма шақырып алдым да, орманның тура шыға берісіндегі жуан ағашты көрсеттім: оған өрмелеп шығып жабайылардың іс-әрекеттері осы тұстан көріне ме, бақыла дедім. Ол айтқанымдай орындап, ағаштың басына өрмелеп шықты да, қайта оралып жабайылардың от басында отырғанын және алып келген тұтқындарының бірінің етіп жеп, ал екінші тұтқын сол жерде құмның үстінде байлаулы жатқанын, бірақ көп ұзмай оны да өлтіретінін айтты. Бұл хабарды естігенде жаным ашу-ызамен лапылдай бастады. Жұмадан жабайылардың екінші олжалары бұлардың жеріне қайықпен келген ақ адам, біздің тайпадан емес дегенді естігенде қаным басыма шапты. Ағаштың қасына жақын келіп, дүрбіммен қарап тұтқынның расымен де ақ адам екеніне көз жеткіздім. Ол қол-аяғын қамыспен, мүмкін, қамыс сияқты бір нәрсемен буып тастағандықтан еш қыбыр етпестен жатыр екен. Оның үстіндегі киімінен ғана емес, түрінен де еуропалық екені көрініп тұрды. Жағалауға жақындығы елу ярдтай жерде, төбешіктің үстінде, жабайылардан мылтық оғы жетер қашықтықтың жартысындай шамада, тағы бір ағаш өсіп тұр еді, біздің тұрған жеріміз бен жабайылардың отырған жерінің арасы әлдебір тал-шіліктің қалың жынысымен көмкерілгендіктен де ағашқа жасырын жетуге болады екен. Ашу кернеген мен бұталардың арасымен жасырынып барып, айтқан ағашқа жеттім, ол жерден оқиға алақанға салғандай ап-анық көрінді. Отты айналдыра қоршаған жиырма шақты адам бір-біріне жанасып, тығыз отыр. Бұл топтан оқшау, бірнеше қадам жерде тізерлеп еуропалық біреу отыр, қалған екеуі тұрып тұр, қасындағы еңкейгендер әлгінің қол-аяғын шешіп жатыр, – алып кетуге жаңа ғана келсе керек. Енді бір минут өтсе, бұлар оны да қой сияқты бауыздап, қол-аяғын бұтарлап, отқа қақтай бастар еді. Бір минут кідіруге болмайтын еді. Мен Жұмаға бұрылып, «Дайын бол» дедім. Ол басын изеді. “Енді маған қара, мен не істеймін, сен де соны істе” деп, мен жерге мылтығым мен бір мушкетімді тастадым, ал екінші мушкетпен жабайыларды көздедім. Жұма да мушкетін көздей бастады. “Дайынсың ба?” деп сұрадым. Ол мақұлдады. “Онда бас” дедім де, атып қалдым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий