Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қайықты теңізге түсіргеннен кейін, Жұманың оны өте ептілікпен бағыттай алатынына және өте шебер есетініне таң қалдым. Біз мұндай қайықпен теңізде жүзе аламыз ба деп сұрадым. “О, әрине, мұндай қайықпен қатты жел тұрса да, жүзе аламыз” деді ол. Сапарға аттанбас бұрын Жұмаға жұмбақ тағы да бір ойды жүзеге асырғым келді. Ол қайыққа діңгек, желкен, зәкір орнатып, арқан тарту еді. Діңгек жасау аса қиын емес-тін, себебі оны балқарағайдан жасауға болатын, ал арал толы балқарағай, оны тіпті кез келген жерден табуға болушы еді. Жақын маңайдан бір жас ағашты таңдап алдым да, Жұманы шақырып, мына ағаштың бұтағын кесіп, қабығын жонып тегісте дедім; қалай етіп жону керектігін өзім көрсетіп бердім. Бірақ желкеннің шаруасымен өзіме айналысуға тура келді. Менде әлі ескі желкендер, дұрысы – желкеннің бөліктері бар болатын; бұлардың менде жатқанына жиырма алты жылдан асып кеткендіктен де, мен оларды бір пайдаға асады ғой деп те ойламай, олардың бүтін күйінде сақталып қалуына онша көп басымды ауыртпап едім, тіпті олардың барлығы шіріп кеткендігіне сенімді болатынмын. Шынымен де оның көп бөлігі шіріндіге айналған екен; бірақ соған қарамастан мен желкеннің мықтылау екі бөлігін тауып алып, тігуге кірістім; қолымда тіпті ине де болмағандықтан менің бұл іске көп тер төгуіме тура келді; дегенмен де мен әйтеуір бір нәрсе жамап-жасқап шығарған болдым: оның біріншісі Англияда қолданылатын үлкен үшбұрышты желкенге ұқсайтын сиықсыз бір нәрсе, екіншісі – блинд деп аталатын кішкентай желкен. Мұндай желкендерді мен жақсы игере алатын едім, өйткені олар, мен әңгімемнің басында айтқандай, мен берберлерден қашқан баркаста болатын.

Қайықтың қаңқасын дайындау үшін тура екі айға жуық уақыт кетті, есесіне қайық керемет құрастырылып шықты. Айтып өткен екі желкеннен өзге қайықтың тұмсығына оны бағыттап отыру үшін мен үшінші желкенді орнаттым. Ең бастысы – рөлі, ол қайықты тиісті жерінде бұрып отыру үшін қажет еді, – оны да жасап, өз орнына орналастырдым. Әйгілі кеме құрастырушысы болмасам да, рөлдің міндетті түрде керек екенін біліп, оны дайындау үшін барымды салдым; тәжірибемнің жоқтығынан болған кейбір сәтсіздіктерімді есептемегенде, кеме дайындауға қанша уақыт бөлсем, рөлін жасауға да сонша уақытымды арнадым.

Бәрі сақадай сай болған соң, Жұмаға қайықты жүргізуді үйреттім; ол жақсы ескекші болса да, рөлді бұру, желкенді бағыттау дегеннен бейхабар екен. Менің рөлді іске қосқанымды, желдің бағытымен желкенді оңға, солға бұрғанда желкеннің ауаға толғанын көріп таңғалды. Дегенмен де ол бұл істі де тез меңгеріп, тәжірибелі теңізші болып алды. Алайда ол бір нәрсені ғана – құбылнаманы пайдалануды үйрене алмай қойды: бұл оның түсінік-пайымынан жоғары болатын. Бірақ та ол ендіктерде құрғақ маусым кезінде бұлт та, бұлыңғыр күндер де мүлдем дерлік болмайтын болғандықтан да, біздің сапарымызға құбылнаманың қажеттілігі де шамалы болды. Күндіз алыстан көрінген жағаны бағдар етіп жүзсек, түнде жұлдыздарға қарап бағытымызды түзеп отырдық. Ал жаңбырлы маусымның әңгімесі басқа, бірақ жаңбырлы маусымда бәрібір теңізбен де, құрғақ жермен де сапар шегуге болмайтын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий