Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Оның сұрағы мені таңғалдырды, мен көп көрген болсам да, оның тосын қойылған сұрағына жауап бере алмадым және айналып өтудің де ретін таппадым. Басында тіпті не дерімді білмей абдырап, естімегендей сыңай таныттым да, сұрағың қалай еді деп қайта сұрадым. Оның бұл сөздің жауабын күткені сондай, сұрағын үтір, нүктесіне дейін қалдырмай қайталады. Бұл уақытта мен ойланып алып: “Түптің түбінде құдай оның қатты жазасын береді, оны ар соты күтеді, оны тозаққа тастайды, ол тек оттың ішінде ғана өмір сүреді” дедім. Бұл айтқандарым Жұманың көңілінен шықпады, ол өз сұрағын қайталай бастады. “Түптің түбінде сот болсын, мен түсінбейді. Шайтанды неге қазір жазаламайды? Неге оны бұрын-бұрын жазаламаған?”. Сен одан да бұған дейінгі ақымақ істеріміз үшін құдай сені де, мені де не үшін жазаламады деп неге сұрамайсың, біз кешірім сұрадық, құлшылық еттік, міне, оның бізге рақымы дедім. Ол ойланып қалды. “Жақсы, жақсы” деді ол абыржып, – бұл жақсы, яғни сен, мен, шайтан жаман адамдар – жалбарын, өкін, құдай бізді кешір”, – деді ол. Бұл сөздерімен тағы мені ойландырды. Табиғат берген қарапайым түйсік, ақыл-ой бар тіршілік иелерін танымға жетелейді, құдіреті күшті жаратқанды құрметтеуге шақырады, болмаса бұл қасиеттер о бастан біздің болмысымызға тән, бірақ тек құдайдан келген уахи ғана бізге Иса Мәсіх және бізге сыйға тартылған күнәдән арылту туралы танымды береді және жаңа өсиеттің дәнекері және құдай күрсісінің құзырында болушы дегеннің не екенін түсінуге көмектеседі: қайталап айтамын, тек қана жоғарыдан келген уахи ғана біздің жанымызда бұл түсініктерді қалыптастырып, біздің құтқарушы құдайымыз Иса Мәсіхтің інжілі және адамдарға басшы және тазартушы ретінде уәде етілген құдай рухы ғана, – оларға құтқарылудың жолдары мен құтқарушы құдай танымын үйрететін адам жанының ең қажетті ұстаздары.

Сондықтан оқушым екеуміздің әңгімемізді басқа арнаға бұрып жібердім. Оның әрірек барып тұруын өтініп, үлкен шаруа күтіп тұрғандай орнымнан жедел тұрып, құдайға мына бейшара жабайының құтқарылуын үйретуіме көмектесе гөр, мына міскін надан жаратылыс иесінің жүрегін оз рухыңмен шабыттандыра көр, оған Иса Мәсіхтегі таным нұрын сыйға тарт, оның ұжданы толық иланып, көзі ашылып жаны құтқарылатындай менің аузыма құдай сөзін сала гөр және оны өзіңе қарат деп жалбарына бастадым. Жұма менің қасыма қайта жақындаған кезде мен оған әлемнің құтқарушысы адамның күнәсін арқалағаны жайлы және аспаннан түскен інжіл ілімі туралы, яғни құдайдың алдында тәубеге келу мен өзіміздің жалпыға рақым нұрын сыйлаушы құдайымыз Исаға деген сенім туралы айта бастадым. Одан соң күшім жеткенше оған неге біздің күнәмізден арылтушы періштенің бейнесін қабылдаудан бас тартып, Ибраһимнің ұрығынан тарағанын түсіндірдім; осы себептен, дедім мен, жолдан тайған періштелердің құтқарылудан үміттері жоқ, ал ол болса Ысрайыл үйінің күнәға батқан пенделерін құтқаруға келді және т.б. нәрселерді айттым.

Құдай куә, бұл бейшараға дін үйретемін деп ақыл-ойымды ғана емес, шынайы сезімімді де арнадым, менің қағидама сүйенгендердің бәрі менің әдісімді қолданады деп ойлаймын, оған әр нәрсені түсіндіремін деп жүріп, өзім білген, білсем де терең мән беріп көрмеген көп нәрсені өзім қайта үйрендім. Бір сөздің мағынасын түсіндіремін деп отырып, әр түрлі ойдың жетегінде болдым.

Жұма екеуміз әңгімелесумен ұзақ күнді кеш қылатын едік; бізде бос уақыт деген болмайтын; достығымыз берік болды: үш жылдың қалай өтіп кеткенін де сезбей қалдым. Егер осы өмірде бақыт деген бар болса, онда мен өзімді бақыттымын деп есептедім. Жабайым менен де мықты діндар болып алды. Менің күнәларым бұл бейшараныкінен көп болса, құдай кешірім береді деп ойлаймын, ал мен оның өмірімде пайда болғаны үшін де риза едім. Біз екеуміз де шын ниетімізбен бірдей құлшылық қылып жүрдік. Екеуміз де дін кітабын бар ықыласымызбен оқығандықтан жаратушыға бір табан болса да жақындай түскендейміз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий