Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жұмамен арадағы осы әңгіме туралы айтып отырғанымның себебі, бұл алдағы әңгіменің басы болатын. Әлгі әңгімеден кейін, “құрлық пен менің аралымның арасы қашық па, осы араға жеткенше қайықтары апатқа ұшырайтын жағдайлар көп бола ма” деп сұрадым. Жолы қауіпті емес, бірде-бір қайық суға кеткен емес, неге десеңіз, осы арадан көп ұзамай-ақ ағыс жүреді, жел ертеңгісін бір жағынан соқса, кешкісін екінші жағынан соғады деп жауап берді. Басында Жұманың айтқан ағысы туралы, судың көтерілуі мен төмендеуі деп түсіндім, артынан білдім, тіпті олай емес екен. Ағыс Ориноко өзенінің құйылысының жалғасы екен, оның теңізге құйып жатқан жері менің аралыма жақын болып шықты. Менің аралымнан мен құрлық деп ойлап жүрген, солтүстік-батысқа созылып жатқан жолақ жер, Ориноко өзенінің солтүстік сағасында жатқан Тринидад деген арал екен. Менің ол жер туралы және оны мекендеушілер жайлы қызығушылығым артып, оның жағасы қандай, қандай теңіз, жақын маңында қандай тайпалар тұрады деп Жұманы қаптаған сұрақтың астына алдым. Ол өз білгендерінің бәрін айтып берді. Одан ол жерді мекендеуші тайпалардың атауын да сұрап едім, көңілімді көншітерлік жауап ала алмадым. Ол “Кариб, Кариб” деп қайталай берді. Оның біздің географиялық картада көрсетілгендей, Американың сол жағалауынан бастау алып, Ориноко өзенінің жағасын өрлеп Гвинеяға шейін, одан әрі Әулие Мартаға дейін жайлаған карибтер туралы айтқанын ұғу қиын емес еді. Жұма маған “айдың ар жағында”, оның сөзімен айтсақ, айдың бататын жағында, басқаша түсіндірсем, оның отанының батыс жақ бөлігінде, көп адамдарды өлтірген, адамдарды мен секілді ақ адамдар (сіздерге бұрын баяндап айтқан, бұл кезде аппақ сақалымды көрсетті) тұрады дегенді айтты. Мен оның Америкаға көрсеткен жауыздықтарымен аты шыққан, олар туралы атадан балаға тек қанішерлер деген ұғым қалыптасқан

испандықтар туралы айтқанын ұқтым.

Менің ақ адамдарға біздің аралдан жүзіп баруға қандай да бір мүмкіндік бар ма деген сұрағыма: “Бар, бар, бұл болады; жүзу керек екі қайық” деп жауап берді. Мен ұзақ уақыт ол өзінің “екі қайығы туралы” не айтқысы келді екен деп түсінбедім; сүйтсем “екі қайық” дегені екі қайықтай үлкен кемемен деген сөзі екенін артынан әрең ұқтым.

Бұл әңгіме менің көңілімді жұбатты, сол күннен бастап кеудемде үміт оты алаулады, ерте ме, кеш пе, мен бұл қапастан құтыламын, ол үшін менің бейшара жабайым көмектеседі деп ойладым. Жұма екеуміз ұзақ бірге болып, әңгімелесіп бір-бірімізді түсінер деңгейге жеткен соң, мен оған дін негіздері туралы айтып, оның жан дүниесінде құдайға деген сенімді тудырғым келді. Бір ыңғайлы уақытта мен одан “Сені кім жаратты?” деп сұрадым. Байғұс мені түсінбеді, ол мен оның әкесі туралы сұрап тұр екен деп ойлады. Сосын мен оған басқаша: теңіз бен жерді, біз басып жүрген тау мен орманды кім жаратты сұрадым. Ол: “Бұлардың бәрін жаратқан Бенамуки деген шал, ол өзі өте биікте тұрады”, деп жауап берді. Ол маған Бенамуки туралы, ол теңіз бен жерден, ай мен жұлдыздан да бұрын жаралған дегеннен басқа жарытып ешнәрсе айта алмады. Мен оған неге онда жаратылыстың бәрі осы шалға табынбайды дегенімде, Жұма байсалды жүзбен жай ғана: “Жарық дүниедегілердің бәрі оған О дейді” деді. Сендердің тайпаларының адамдары о дүниелік болғанда не істейді дедім. Ол: “Олардың бәрі Бенамукиге барады”, деді. “Өлтіріп, етін жеген адамдар да Бенамукиге бара ма?” дегенімде, “Иә” деп жауап берді ол.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий