Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Адал жігіт туралы бұлай ойлауым күпірлік те шығар, артынан қатты өкіндім. Күдігім күшейген сайын, сақтық ойлап, Жұмаға салқын қарай бастадым. Осылайша бірнеше апта бойы дел-сал болып, өз-өзіме келе алмай жүрдім; қайталап айтайын: мын шынында да қатты қателесіп, жаңсақ ойға бой бергем екен; бұл дені таза, табиғатынан мейірімді жігіттің ойына жамандық жасау кіріп те шықпаған да сияқты; ол менің дініме де қарсы келген жоқ және мен, бақытыма қарай, оның адал дос екеніндігіне көз жеткізідім.

Бұның ойында арамдық бар деген күдікті ойдан ақыры арыла алмай-ақ қойдым: бір күні айла жасап оның ішкі ойын білгім келді. Оның әр сөзінің шынайылығы сондай, мен өзімнің ол туралы арам ойлағаным үшін ұялдым, сабырға келіп өз досыма деген сенімді арттыруға тырыстым. Ол тіпті менің оған деген көңілімнің қалғанын да сезбепті, – бұл да өз кезегінде оның маған деген көңілінің тазалығының тағы бір дәлелі еді.

Бір күні Жұма екеуміз сол төбеге тағы да шықтық (бұл сапарда теңіз беті тұманданып, құрлықтың шеті көрінбеді) мен оған: “Жұма, шыныңды айтшы, өз отаныңа, туғандарыңа қайтқың келе ме?”– дедім. “Иә, біздікілермен табыссам, өте қуанышты болар едім”, – деп жауап берді. “Сен онда немен айналысар едің, қайтадан жабайы адамға айналып, адамның етін жейтін бе едің?”– деп жалғадым сөзімді мен. “Жоқ, жоқ, Жұма ол жақта бәріне жақсы өмір сүріңдер, нан, ешкінің етін жеңдер, сүт ішіңдер, адам етін жемеңдер айтады” – деді. Ол маған бұрылып жай ғана: “Жоқ, өлтірмейді, олар жақсылықты үйренгенге қуанады, олар қайықпен келген сақалдылардан көп үйренді” – деді. “Сонымен, сенің үйіңе қайтқың келеді екен ғой” – деп мен сұрағымды қайталадым. Ол күлімсіреп: “Мен алыс жүзе алмаймын” – деді. Онда сен үшін қайық жасаймыз дегенімде ол, егер мен барсам ғана ол менімен бірге баратынын айтты. “Мен қалай барамын?” – деп қарсылық білдірдім. – Олар мені жеп қояды ғой. “Жоқ, жоқ, жемейді, – деді ол, – мен олар жемейтіндей етемін, мен олар тыңдайтындай жасай, сені көп жақсы көреді”. Менің адал Жұмам мынаны айтқысы келіп еді: ол өзінің жерлестеріне мен оның жауларын қалай өлтіргенімді, қалай ажалдан құтқарғанымды айтса, олар мені жақсы көріп кетеді. Содан кейін ол кекештеніп, тайпаластарының тағдыр айдап келген он жеті сақалдыға қандай мейіріммен қарағандары туралы айтты.

Сол кезден бастап, тәуекелге бел буып, Жұма айтқан он жеті адамды іздеп көрсем қайтеді деген ой келді. Ол он жеті адам испандықтар немесе португалдықтар болуы керек, егер оларды кездестірсем, бәріміз жиналып бір өркениетті елге барудың жолын табар едік, жалғыз, құрлықтан қырық миль қашық аралда тұрып, бұл жерден құтылудың басқа амалын көрмедім. Араға бірнеше күн салып, Жұмамен осы туралы әңгімені тағы жалғастырдым. Мен оған еліңе жету үшін қайық беремін деп, өз қайығым тұрған аралдың қарсы жағалауының шегіне алып бардым. Ішіндегі суын төктік те (көзден таса болсын деп суға батырып кеткенмін), екеуміз де қайыққа міндік. Жұма қайық есудің шебері екен, тура өзім сияқты тез жүрді. Біз жағалаудан алыстағаннан кейін мен оған: “Мінеки, Жұма, біз сенің жерлестеріңе барамыз”, – дедім. Ол маған таңырқай қарады: мұндай саяхат үшін қайығы тым кішкене болып көрінген болуы керек. Мен оған бұдан да үлкен қайығым бар деп, екінші күні өзім бір кезде сүйреп теңізге түсіре алмаған алғашқы қайығым тұрған жерге алып келдім. Қайықтың үлкендігі Жұмаға ұнады. Бірақ бұл қайықты жасағаныма жиырма екі, жиырма үш жыл болды, ашық аспан астында қалған соң, әбден күн жеп, жаңбыр мүжіп, ағашы кеуіп, шіріп кеткен екен. Жұма мұндай үлкен қайық әбден жарайды, жеткілікті етіп азық-түлік тиеп алып аттануға болады деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий