Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осылайша мен оған нағыз құдайды тануды үйрете бастадым. Мен оған әлемді жаратушы көкте дедім (бұл жерде қолыммен аспанды нұсқадым). Ол әлемді жаратушы, ол құдіретті, бізге не істеймін десе де еркінде, беремін десе береді, аламын десе алады деп түсіндірдім. Мен оның ақырындап көзін аштым. Ол мені зор ықыласпен тыңдады. Айса пайғамбар бізді күнәларымыздан арашалау үшін құдайдың жіберген елшісі дегеніме зейін қойды. Құдай көкте біздің құлшылық етіп айтқан әр сөзімізді естіп тұрады дедім. Бір ретте ол маған: “Егер сіздің құдай күннен де жоғары тұрып бізді естісе, онда ол құдіретті екен, ал Бенамуки одан төмен тұрса да біздің даусымыз оған жетпейді, онымен сөйлесу үшін тау басына шығамыз, әйтпегенде ол бізді естімейді”, деді. Сен өзің онымен сөйлесу үшін тау басына шықтың ба деп сұрадым мен. “Жоқ” деді ол, жас адамдар ол жаққа бармайды, тек қана біз Увокектер деп атайтын шалдар ғана барады (менің түсінгенім олар тайпа көсемдерін, я абыздарын осылай атаса керек). Увокектер тауға барады да, онда О бар (бұлардың тілінде дұға ету) дейді. Тайпаларына оралған соң Бенамукидің айтқанын елге таратады. Мұны естіген мен, дін туралы айтып бірін-бірі алдау жабайылардың арасында да бар екен ғой, дін өнерін жасырын түрде таратып, діншілдерді халық тарапынан құрметтеуді талап ету тек Римде ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі діннің бәрінде бар екен ғой деген пайымға келдім. Жаңағы айтылғанның бәрі – тауға шығып құдайға құлшылық ету, Бенамукимен сөйлесу, оның айтқандары деп шалдардың бөскендері өтірік, егер олар тау үстінде біреулермен сөйлесіп жүрсе, оны тек жын-шайтан деп білу керек деп Жұмаға барынша түсіндірдім. Осы арада шайтан туралы біраз әңгіме айттым: оның қалай пайда болғаны және оның құдайға қарсы келгені туралы; ол адам баласының дұшпаны екенін және оның себептері туралы; оның құдай сөзімен көзі ашылмаған халықтар арасында өзін құдай етіп көрсетіп, елді өзіне бағындырғысы келетінін; оның адам нәсілін аздыру үшін қандай қулықтарға баратынын, оның біздің құмарлықтарымызды қолпаштай отырып жасырын түрде жанымызға еніп кететіндігі туралы; оның қалай біздің бейімділіктерімізге икемделіп бізге қақпан құра алатындығы және осылайша адам баласын өзін-өзі азғыруға және өз

еркімен ажалға бет бұруға мәжбүрлейтіні туралы.

Құдайдың бар екені туралы түсіндіргенімнен гөрі, шайтан туралы айтып жеткізуім қиындау болды. Құдіретті күш бар, ол құпия түрде бізге әмірін жүргізеді, ол әлемнің билеушісі, бізді жаратқанын айғақтайтын қолмен ұстап, көзбен көретін дәлелдер бар. Ал қара ниет шайтандардың пайда болуы, бар екені, олардың әлемі туралы, бастысы, жауыздық пен жауыздық жасауға бейім тұратыны туралы көзге көрсетер айғақ жоқ. Бірде ол байғұс өзіме де жұмбақ болып жүрген ой туралы сұрақ қойды, қалай жауап берерімді өзім де білмей абдырадым. Мен оған құдайдың әмірі, оның құдіреті, оның күнәкарлар үшін жазасы аяусыз екенін, өтірік айтқаның үшін өртеп жіберетін от екенін, ол әрбіреуімізді қалай жаратса, бір сәтте солай әлемді де, бізді де құртып жіберетінін ұзақ айтып бергенімде Жұма мені тапжылмастан тыңдады.

Шайтан адам бойына еркін еніп кететін, зұлымдық пен жауыздыққа жол бастайтын, жаратушының қайырымдылығын қайырсыз қылар, құдайдың жалғыз жауы екенін айттым. Міне – сен айттың құдай ұлы, құдіретті деп; шайтанның құдіреттілігі мен күштілігі құдайдан кем емес қой деді Жұма. Иә, иә дедім мен, бірақ құдай шайтаннан мықты, ол одан жоғары, біз сондықтан жын-шайтанның пәлесінен аулақ қыл, күнәларымыз болса рақым қыл деп, оған жалынып-жалбарынамыз дедім.

Егер құдай шайтаннан да құдіретті, одан да мықты болса, онда ол жамандық қайталанбауы үшін шайтанды неге біржола жойып жібермейді деді Жұма.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий