Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жұмамен бірге құрлыққа аттанамын деген ойымның нақтыланғаны сондай, мен оған тура осындай қылып қайық жасап алсақ, үйге аттанамыз дедім. Ол бір ауыз сөз айтпай, түнеріп, жүзін қайғы басты. Саған не болды деп сұрағанымда: “Қожам не үшін Жұмаға өкпелі? Мен не істеді?”– деді. “Саған өкпелі дегенді қайдан шығардың, түк те олай емес, мен саған өкпелі емеспін” – дедім. “Өкпелі емес, өкпелі емес” – деп күңкілдеді ол. “Неге Жұманы үйіне жібересің?” “Өзің ғой барғым келеді деген” – дедім. “Иә, барғым келеді, тек екеуміз, Қожайын бармайды, Жұма бармайды, Жұма Қожайынсыз бармайды”. Бір сөзбен айтқанда, ол мені тастап кетпек түгілі, ол туралы бір ауыз сөз де естігісі келмеді. “Тыңдашы Жұма, мен онда не үшін барамын, мен не істеймін онда” дедім. Ол маған бұрылып: “Көп іс жасау, дұрыс жасау, жабайы адамдарды мейірімді болуға, татулыққа, құдайға құлшылыққа үйрету, оларға жаңа өмір беру”, – деді. “Кешір, досым” дедім мұнысына күрсініп, сен өзің де білмейсің не айтып тұрғаныңды. Өзгені ізгілікке үйрету менің қолымнан келмейді”, – дедім. “Жоқ”,

– деді, – “Мені үйретті ізгілікке, оларды үйретеді”. “Жоқ, Жұма, – дедім мен сенімді түрде, – баратын болсаң, өзің бара бер, мен осы жерде қаламын, бұрын қалай өмір сүрсем, бұдан кейін де солай өмір сүретін боламын” – дедім. Ол тағы да ойға берілгендей біраз үнсіз тұрып, бір кезде жүгіріп барып анадай жерде жатқан балтаны алып, маған қарай ұсынды. “Балтаны не үшін бердің?” – деп сұрағанымда: “Жұманы өлтір!”, – деді. “Мен сені не үшін өлтірем?” – деп сұрадым мен. Ол: “Жұманы не үшін қуасың қасыңнан?” – деп бажылдап қоя берді. Оның көңілі қатты бұзылды: мен оның жанарынан жас тамшыларын байқадым. Қысқасын айтқанда, оның маған бауыр басуы мен менің қасымда қалуға бел байлағандығының айқындылығы сондай, оған ол өз еркімен кетпейінше, оны ешқашан қумайтынымды айтып қайта-қайта түсіндірумен болдым.

Сонымен, Жұманың маған әбден берілгеніне түпкілікті көзім жетті; оның еліне қайтамын деген ыстық сағынышында жалғыз-ақ үміт сәулесі ұшқындаған: мен оның тайпаластарын ізгілікке үйретеді деген ғана тілек болған екен.

Аралдан кетемін деген үмітім арта түспесе, еш бәсеңдеген жоқ. Жұманың айтқан он жеті адамы менің аралымнан онша қашық емес жерде екенін білген соң, көруге ынтық болып, оларға жеткенімше төзімім таусылды.

Кешіктірмей Жұма екеуміз жолға шығу үшін қайық жасауға қолайлы жуан ағаш іздей бастадық. Аралда ағаш қисапсыз көп екен, қайық түгіл тұтас кеме жасасаң да жететіндей. Бір кездегі алғашқы қайықты құрастырғандағыдай білместік болмауы үшін, ағашты жағаға жақын жерден іздеу керек болды; сонда үлкен қайықты теңізге сүйреп түсіру еш қиындық тудырмайды.

Біраз іздеп жүріп, ақыры Жұма бізге қолайлы ағашты тапты; ол қандай ағаштың қолайлы екенін менен жақсы білуші еді. Біз кескен ағаштың нендей ағаш екенін білмеймін, түріне, иісіне қарағанда, сумах немесе никарагву дейтін ағаш сияқты. Жұма жабайылар жасайтындай ішін өртеп қуыс жасайық деді, бірақ мен мұны құралдармен қашап, ойып жасаған қолайлы деп түсіндірдім. Жұма бірден келісіп, біз қызу жұмысқа кірісіп кеттік; бар күшімізді салған соң, бір айдың ішінде қайық дайын болды. Біз оның сыртын балтамен жонып едік, көз алдымызда нағыз теңізшілердің қайығы пайда болды. (Жұма бұл жұмысты көзді ашып-жұмғанша меңгеріп алды). Теңізге түсіруге әлі екі аптадай уақыт керек болды, себебі біз астына ағаш қойып тартқанымызмен, орнынан сәл ғана жылжыттық.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий