Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жұма екеуміз әбден бір-бірімізге бауыр басып алған соң, мен оған не айтсам да тез түсінетін болды: өзі де ағылшын тілінде бір нәрселерді айтып түсіндіріп жүрді, ал мен оған аралға қалай келгенімді, қанша жыл тұрып, өмірімді қалай өткізгенімді түгел баяндап бердім. Оған мен ол үшін жұмбақ болып келген оқ-дәрілер мен оқтың құпиясын аштым, мылтық атуды үйреттім. Оған пышақ сыйладым, ол оған дән риза болды; қандай жағдай болмасын қару ретінде де, шаруаға да қолайы деп шапашот сыйладым.

Мен Жұмаға Еуропа елдері туралы, әсіресе туған жерім Англия туралы ұзақ әңгімелеуші едім. Тұрмысымызды, құдайға құлшылық ететінімізді, бір-бірімізбен қарым-қатынасымыз, кемеге отырып әлемді шарлап саудамен айналысатынымыз туралы да баяндадым. Өзім мінген кеменің апатқа ұшырағаны туралы айтып, орнын да көрсеттім. Мен оған өзімді құтқарған қайықтың қирандыларын да көрсеттім. Бұл қайықты бұрын орнынан қозғап жүруші едім, ал қазір қирап қалды дедім. Қайықты көріп Жұма ұзақ ойланып, үндемей қалды. Мен одан неге ойланып қалдың деп сұрадым. “Менің халқым тұратын жақтан мен осындай қайық көрдім” деді. Оның не айтқысы келгенін мен ұзақ уақыт түсінбедім. Екеуміз ұзақ уақыт дауласқаннан кейін барып әрең түсіндім, – ол тұратын жерге бұрын осындай қайық келген екен. Мен қандай да бір еуропалық кеме сол маңайда апатқа ұшырап, бұл қайықты толқын алып келген шығар деп ойладым. Неге екенін білмеймін, мүмкін бұл қайықтарда адамдар болған шығар деген ой басыма да келмепті. Мен қайталап сұрай берсем де, бар ойым қайықтың төңірегінде болды.

Жұма маған бәрін анықтап, қолмен қойғандай тәптіштеп айтып беріп сөзінің соңында: “Ақ адамдар батқан жоқ, біз оларды құтқардық”, – дегенді қосты. Мен ол айтып отырған оқиғаны көз алдыма келтіріп, қайықта адамдар болды ма деп қайта сұрадым. “Иә, қайық толған ақ адам” деді ол. “Олар қанша еді?” дедім. Саусағымен он жеті рет санады. “Олар қайда, тағдырлары не болды?” дедім. “Олар аман, біздің жақта тұрады” деді.

Осы сөздерден кейін маған әр түрлі ой келді: бұл он жеті адам былтыр менің аралыма келіп, тасқа соғылып қирайтын кеменің адамдары емес пе екен? Кеме жартасқа соғылып, қауіп төнгенін сезген олар қайыққа отырып жабайылардың жеріне келген шығар деп топшыладым. Мен Жұмадан: ақ адамдар тірі шығар, – деп қайта-қайта сұрап қоймай қойдым. Ол: “Мүмкін, мүмкін” – деп жауап беруден бір танбады. Олардың өзінің жерлестерімен бірге тұрып жатқандарына жақында төртінші жыл толады деді. Жерлестерім оларды ренжітпейді, тіпті тамақтандырады деген сөзді қосты. Олар ақ адамдарды қалай өлтіріп, жеп қоймады деген менің сұрағыма: “Ақ адамдар бізге бауыр болды” деді. Менің бұл әңгімеден түсінгенім – олар өзара бітімге келген сияқты. Жұма: “Біздікілер адамдарды тек соғыста жейді (тұтқындарды деп түсіндім)” – деді.

Бұл әңгімеден кейін де бірталай уақыт өтті. Бір күні екеуміз аралдың күншығыс жағындағы биік төбенің басына шықтық – күн бұлтсыз, тұмансыз ашық еді. Егер оқырмандардың есінде болса, бұрын мен осы төбенің басына шыққанымда, алыстан қарайып көрінген Америка құрлығын байқаған едім. Жұма сол бағытқа үңіліп ұзақ қарап тұрды да, бір кезде секіріп билей бастады, дауыстап мені қасына шақырды. Екеуміздің арамыз едәуір қашық еді. Келдім де, мән-жайды сұрастырдым. “Міне, бақыт, міне, той”, деді ол айқайлап, – әне, қараңыз “Анау жақта… қара… мына жерден көрінеді… менің жерім, менің халқым!”.

Қуанғаннан түсі өзгеріп, көзі жайнап сала берді, қуанғаны сондай, өзін-өзі ұстай алатын емес, қанат бітсе ұшуға да дайын. Мұның мұндай қуанышты қалпын, құлшынысын көрген мен құлыма сенімсіздікпен қарай бастадым. Мүмкіндігі табылса Жұманың еліне тайып тұратынына сенімді болдым, ол жаққа кетсе, өзінің жаңа дінін ұмытатыны ештеңе емес, ол менің алдымдағы міндеттерін де ұмытады. Мүмкін, өз тайпаластарына мені сатып та кетер, оларды жүздеп, болмаса екі жүздеп менің аралыма алып келетін шығар, өштескен тайпаларын жеңіп, қанды мерекелерін тойлағандай, мені өлтіріп, етімді де қиналмай жеуі де мүмкін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий