Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл жолы Жұма қашатын күнгі жағалауға түспей, менің қайығым тұрған жерге таяу орналасыпты. Бұл жағалау төмен, енді, тегіс және теңіздің кіреберісіне дейін ит тұмсығы батпайтын қалың ну. Жабайылардың менің үйіме таяу орналасқандары зығырданымды қайнатты, бірақ ашуымды шақырған ол жағдай емес, менің ызамды келтіргені – осы аралға қанды оқиғаны тойлау үшін келгендері. Таудан түскен соң оларды бас салып бірін қалдырмай қырып салу туралы шешімімді Жұмаға айтып, маған көмектесесің бе деп қайта сұрадым. Қорқынышы басылып, өз-өзіне келген ол (мүмкін, ром жігерлендірген шығар) сергек жүзбен қашан өл деп бұйырасың, сонда өлемін деді.

Қару-жарақтарды бөлісіп алдық та, ашу үстінде соларға қарай аттандық. Жұмаға бір тапанша беріп едім, ол беліне қыстырып алды, екі мылтық және бердім, ал өзім қалғандарын асындым. Керегі болып қалар деп ромды қалтаға салдым. Жұмаға ішінде оқ-дәрілері мен оғы бар үлкен қап арқалаттым. Артымнан бір қадам қалмай ілесіп жүр деп бұйырдым: дыбысыңды шығарма, мен бұйрық бермей мылтық атушы болма дедім. Ағашты тасалап тұрып оларға оқ жаудыру үшін көп жерді айналып жүруге тура келді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий