Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жұма маған қарағанда тура көздеген екен, бірден екеуін жайратып, үшеуін жарақаттады. Ал мен екеуін жарақаттап, біреуін өлтірдім. Біздің оқ жаудырғанымыз жабайыларды қалай әбігерге түсіргенін оңай елестетуге болады. Адам етінен дәмелілердің бәрі қайда тығыларын білмей тым-тырақай жағалауды бойлап әр тарапқа қаша жөнелді. Олар ажал қайдан төнгенін білмей де қалды. Жұма менің айтқанымдай менен көзін алмай отыр. Алғашқы атқаннан кейін мен мушкетті тастай сала, мылтықты алдым, мылтықтың құлағын қайырып, тағы да көздей бастадым. Жұма менің әр қимылымды бұлжытпай қайталады. “Сен дайынсың ба?” деп қайталадым мен. “Дайынмын” деді. “Онда ата бер, бізге құдай жар болады” дедім. Екі жақтан атылған оқ қалған жабайылардың тура ортасына тиді: бұл жолы біз оқ-дәрілермен оқталған мылтықпен атқаннан соң, жерге тек екеуі ғана құлады. Есесіне жараланғандар көп болды. Олар қан-қан болып, зәрелері ұшып, естері шыға жағалаумен жан-дәрмен жүгіре жөнелді. Үш адам қатты жарақаттанған болуы керек, орындарынан тұра алмай, сұлқ жатты.

Мылтығымды жерге қойып, мушкетімді көтеріп, “Жұма, ер соңымнан” дедім де, орманнан атып шықтым. Менің ержүрек жабайым менен бір қадам да қалған жоқ. Жабайылардың мені байқап қалғандарын сезіп, Жұмаға мен не істеймін, соны қайтала дедім айқайлап, барымды сала жүгіре отырып (асынған ауыр қару-жарақтарым болса да тез жеттім), от пен теңіз ортасында қалған бейшара құрбандықтың қасына жетіп келдім. Құрбандықты дайындап жатқан екі жаналғыш алғашқы мылтық даусы шыққанда-ақ зытып кеткен еді. Олар зәрелері ұшып, тағы да үш жабайыны қосып алып, қайықтарына мініп тайып тұрғанды. Мен Жұмаға бұрылып, оларды ат деп бұйырдым. Ол менің айтқанымды тез түсініп, қашқындарға жақындай түсу үшін, қырық қадамдай ұзап барып оларды атты, олар бір қайықта отырған соң, түгел өлген шығар деп ойладым, екеуі тұрды да, қорыққандарынан қайта құлаған сияқты. Қалған үшеуі сол жерде жан тапсырды, ал үшіншісі ауыр жарақаттанғанынан орнынан да қозғала да алмай қалды. Жұма жалғыз өзі қашқындарды жайратып салған соң, мен пышағымды алып, тұтқынның қол-аяғын буған жіпті кесіп, байлауын шештім. Оны қолтығынан демеп тұрғызған бойда, португал тілінде сен кімсің деп сұрадым. Ол латынша христианмын деп жауап берді. Әлі құрыған ол аяғынан әрең тұрып, зорға жауап беріп тұр. Мен қалтамдағы ромды алып, оның аузына апардым. Бір жұтып ал деп, артынан нан бердім. Ол жеп жатқанда мен одан ұлтың кім деп сұрадым. Ол испанмын деді. Өз-өзіне келген соң, ажалдан арашалағаным үшін қарыздар екенін айтып, алғысын жаудырды. Естіген-білгендерімді жиып-теріп мен оған испан тілінде “Мырза, сосын сөйлесеміз, қазір әрекетке көшу керек. Егер қорғана алар шамаңыз болса, міне, сізге қылыш пен тапанша, алыңыз, дұшпандарды жайратайық” дедім. Испандық қарудың екі түрін де қолына алған соң мүлде басқа адам болып шыға келді. Оған күш қайдан келді? Ол құйындатқан дауыл секілді екі жаналғышқа жетіп барып, көз ілеспес шапшаңдықпен оларды екіге бөліп тастады. Байғұс жабайылар мылтықтың даусы мен тосын шабуылдан қорқып кеткендері сондай, не қарсыласа, не қаша алмай қалды. Жұманың алғашқы қайыққа мініп қашқан бес жабайысындай, қайықпен қашқалы тұрған

алты жабайы да солардың жолын құшты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий