Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Көп ұзамай оны өлтіруге құлқым жоқ екенін айтып әрең түсіндірдім. Қолтығынан сүйеп тұрғызып, қарқылдап күліп, өлген лақты көрсеттім, ол жүгіріп барып оны алып келді. Баруын барса да, қалай өлгеніне сенбей, әр жерін шұқып, күйбеңдей берді, сенбей тұрғанын сездім де, мылтықты тағы оқтадым. Біраз уақыт өткен соң, маңайдағы бір ағаштың басында қаршығаға ұқсас бір үлкен құс отыр екен, аралық та онша қашық емес, оқ жететін жерде, көрдім де Жұманы қасыма шақырып алдым: бірінші құсты көрсеттім, қаршыға емес, тотықұс екен, сосын мылтықты, одан кейін құс отырған ағаштың түбіндегі жерді нұсқадым, құсты атқанда осы жерге құлайтынын көрсін деп ойлап едім. Артынша мен атып қалғанда ол құстың жерге жалп ете түскенін көрді.

Жұма бұл жолы да менің алдында түсіндіргендеріме қарамастан, зәресі ұшып кетті, оның таңданысының күшеюі мылтықты оқтағанымды көрмегеннен болды, сондықтан да болар, ол қарудың ішінде адамды да, аңды да, – қандай да болмасын жаны бар нәрсені алыстан тұрып қыра беретін сиқырлы қиратушы күш бар деп ойлаған шығар. Бұдан кейін де ұзақ уақытқа дейін мылтықтың не екенін, оның қалай өлтіретініне түсіне алмай аң-таң болып жүрді. Егер мен оған рұқсат берсем, ол маған да, менің мылтығыма да табынып, құлшылық қылатын түрі бар. Әуелгі кезде ол мылтықты қолымен түртуге де қорқатын, есесіне мылтық қасында тұрса, онымен тірі адам көргендей сөйлесетін болды. Кейінірек ол маған мылтықтан өзін өлтірмеуін өтініп сұрап жүргені туралы айтқанын айтып берді.

Сол күннің әңгімесін түгелімен айтып берейін. Жұма есін жиған соң, мен оған, атылған құсты әкеліп бер деп бұйрық бердім. Ол жүгіріп барды, бірақ құсты іздеймін деп ұзақ бөгелді, мен оны өлтірмей, қанатынан ғана қағып түсіргенмін, ол пырылдап ұшып біраз жерге дейін ұзап кетіпті. ӘйтеуірЖұма құсты тауып алып келді; менің байқағаным Жұма әлі мылтықтың қолданысын дұрыс түсінбеген, оның жоқтығын пайдаланып мылтықты тағы да оқтап қойдым, тағы да атып көрсетпек едім, бірақ бұдан былай құс та кездеспеді. Ешкіні үйге әкелдім де, келе салып терісін сыпырып алдым, ішек-қарнын тазалап, одан кейін бір кесек етінен қыш ыдысқа сорпа пісірдім, керемет дәмді болды. Өзім ішіп алған соң, сорпаны Жұмаға ұсындым. Оған өте ұнады, тек ол менің сорпа мен етке тұз сеуіп жеуімнің себебін түсінбеді. Ол маған тұз қосып ішкенде дәмсіз болады дегенді түсіндірді. Аузына кішкене тұз салып түкіріп тастады, одан жүрегім айниды дегенді ұқтырды, сосын аузын сумен шайды. Сосын бір кесек тұзсыз етті аузыма салып, қайта түкіре бастадым, тұзсыз ет маған дәмсіз дегенді ұқтырдым. Бірақ менің бұл әрекетім Жұмаға еш әсер етпеді, мен оған етке де, сорпаға да тұз қосып ішу керек екенін үйрете алмадым. Көп уақыттан кейін ғана ол тамағына аз-аздап тұз қосып жеуді үйренді.

Өзімнің жабайыма піскен ет пен сорпа беріп, екінші күні қуырылған ешкі етін бердім. Мен қуырылған етті біздің Англияда дайындайтындай ерекше әдіспен әзірледім. Оттың айналасына екі сырғауыл жерге қадап қойдым; бұлардың арасын бекіттім, оған үлкен кесек етті ілдім де, ол әбден қақталғанша айналдыра бердім. Жұма менің ісіме таңғалды, бір үзім етті аузына салғандағы оның таңғалысында шек жоқ еді, тағам оған өте ұнады, ол енді ешқашан адам етін жемейтінін айтып, мені қуантты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий