Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мен онымен бірге үңгірге түнеп шықтым, таң атқан соң тұрдым да, менің соңымнан ере бер деп белгі бердім. Мен оған сені киіндіргім келеді дедім, тырдай жалаңаш болған соң, ол бұл тілегіме қуанып кетті. Екі қуғыншыны өлтіріп, жерлеген жердің маңынан өте бергенде, ол қолдарын ербеңдетіп өліктерді көміп, өзі белгі қойған тұсты нұсқады, сосын өліктерді қазып шығарып жеу керек дегенді ишаралады. Адам етін жеуге болмайды, олай ету күнә және жиіркенішті дегенді айтып жеткізгім келді, бұлай ойлағанның өзінде-ақ менің жүрегім айниды, мәйіттерден аулақ кет, менің айтқандарымды орында және соған мойынсұн деп бұйырдым. Бұдан кейін мен оны жабайылардың кеткен, кетпегендігіне көз жеткізу үшін төбешіктің басына алып шықтым. Дүрбімді жабайылар келген жағаға бағыттадым, олардың іздері көрінбейді, бірде-бір қайық көзге түспеді. Жоғалған адамдарын іздеместен тайып тұрғандары түсінікті болды.

Жабайылар туралы білгім келіп, қызығушылығым артып, бойыма қайратымды қайта жиып алғаныма таңғалдым, өте шебер қолданатынына көзім жеткен соң, шапашот, садақ, жебелерімді құлыма артып, соңымнан ер деп бұйрық бердім. Бұлардан басқа жабайылар келген тұсты қарап қайту үшін, бір мылтығымды оған асып, қалған екеуін өзім алып, маған олар туралы нақты мәліметтер керек болған соң, жабайылар асыр салған жерге келдік. Жағадағы көріністі көргенде, менің қаным қатып, жүрегім соқпай қалды. Расымен де куә болғаным өте шошынарлық оқиға еді. Әрине, Жұма үшін бұл көрініс – үйреншікті. Жағада шашылған адам сүйектері, жердің беті шашыраған қан; әр жерде қақталған адам еттері, мүжілген сүйектер және басқа да айуандар тойлаған қанды мерекеден қалған белгілер көп. Мен адамның үш бассүйегін, бес қолын, әр жерде шашылған үш не төрт адам аяқтарын, қаңқаларының бөліктерін таптым. Жұма ишарамен жабайылар төрт тұтқын әкелгенін, үшеуін жегендерін, төртіншісі өзі екенін айтты. Оның түсіндіргеніне қарағанда Жұманың тайпасы мен өзге тайпа арасында үлкен қақтығыс болған сияқты. Жұманың жаулары көп адамды тұтқындап, осы жолғы келгендегілері сияқты, қанды мереке жасау үшін, оларды азық қылу үшін әр тарапқа алып барған сияқты.

Мен Жұмаға бүкіл бас сүйектерді, шашылған адам етінің қалдықтарын жинап, өртеп жіберуге бұйрық бердім. Менің байқағаным, күйбеңдеп жүргеніне қарағанда, менің құлыма адам еті ұнайтын сияқты, дегенмен тағылық қанында бар ғой. Мен оған арам ойдан аулақ бол, егер айтқаныма көнбесең, өзіңді өлтіремін дедім.

Қанды мерекенің белгілерін түгелімен жойып, біз қорғанға оралдық, келе салысымен мен оны киіндіре бастадым. Ең әуелі мен оған қираған кемеден алынған сандықтың ішінен шыққан кенеп шалбарды кигіздім, кішкене қысқартқан соң, оған құйып қойғандай болды. Содан кейін бар шеберлігімді салып (мен бұл кезде керемет тігінші болып алғам), ешкінің терісінен жейде, қоянның терісінен өте қолайлы, әдемі етіп бас киім тігіп бердім. Менің құлымның киімдері өте келісті болып шықты, тіпті ол қожайынынан айнымай қалды деуге болады. Әрине, ол басында ыңғайсызданып, ұялып жүрді, әсіресе ол шалбарға үйрене алмады, иә, екі жеңі де қолтығының астын қысып, иықтарын қажады, сондықтан қолайсыз тұстарын қайта тігуге тура келді. Қалай болғанда да, оның киімі өзі үшін қолайсыздық тудырды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий