Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сол күйбеңмен жылдан астам уақыт жүрдім, бұл бір нәтижесіз іс екен деген де ой түсті. Бір күні таңертең аралдың мен жақ жағасынан үндістердің бес бірдей қайығын көріп таңғалдым. Олардың бәрі бос тұр, жабайылар бір жерге жасырынып қалған болуы керек. Әдетте, әр қайыққа төрт-бес, кейде одан да көп адамның отыратынын білетінмін. Мені шақырылмаған қонақтардың көптігі қобалжытқанын жасыра алмаймын. Жалғыз өзім жиырма-отыз шақты жабайыға қалай төтеп беремін деп берекем қашып, қорғанымда тұнжырап отырсам да, олар шабуылдай қалса мен де қарап қалмаспын деп алдын ала қамдана бастадым. Жабайылардың тұсынан дауыс естіле ме деп, құлағымды тоса бастадым, шыдамым жетпей мылтығымды баспалдағымның астына қойып, өзім құрған жоспар бойынша төбе басына қарай өрмелей бастадым. Төбенің басына жеткен соң, басымды қайта-қайта қылтита бермейін деп, дүрбімді алып қарадым. Жабайылар отыз адамнан кем емес екен. Олар жағада от жағып, бір нәрсені қақтап жатыр. Қақталып жатқан не нәрсе екеніне көзім жетпеді, анық көргенім – олар ебедейсіз қимылдарымен секіріп, отты айналып билеп жүрді.

Бір кезде топ адам билеп жүргендерден бөлініп, қайық тұрған жаққа қарай жүгіре жөнелді де көп ұзамай екі бейшараны сүйреп отқа қарай алып жүрді; бұл екеуі қайықта байлаулы жатқан құрбандық болса керек деп топшыладым. Алып келе жатқанның біреуінің басынан қатты бір нәрсемен қойып қалды да (шоқпар ма, қылыш па, жабайылар неніпайдаланатынын білмеймін) әкелушілер сол арада шаруаларына кірісті: ішін жарып жіберіп, қарнын ақтара бастады. Екінші тұтқын да өз ажалын күтіп тұрды. Сол сәтте байғұс қашып құтыламын деп үміттеніп тұрған болуы керек, алға қарай атылып шықты да, көз ілеспес шапшаңдықпен құм басқан жағалаумен тура менің үйім тұрған жаққа қарай зулады.

Ол маған қарай жүгіріп келе жатқанда зәрем ұшып кетті: күллі тайпа оның артынан қуып келе жатқандай елестеді. Менің түсімнің алғашқы жартысы өңіме айналып, қашқын менің бауыма келіп паналады; бірақ мен түсімнің екінші жартысы дәл келеді, қалған жабайылар қуғынды тоқтатып, құрбандықтарын менің бауымнан таба алмай қалады деп үміттене алмас едім. Тасадан бақылап тұрып қашқынның артынан тек екі-үшеуі ғана қуып келе жатқанын көрдім, қашқынның жанұшыра жүгіріп келе жатқанына көңілім жұбанды. Қуғыншылар мен қашқынның арасы алыстай берді. Енді бір жарты сағаттай осы екпінімен жүгірсе, шаңын да көрсетпей кетеді деп пайымдадым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий