Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сол түнгі аласапыран ойларым туралы айтып жеткізе де, санамды жайлаған мың түрлі ойды тізіп те бере алмаспын. Менің көз алдыма аралға келгенге дейінгі және келгеннен кейінгі оқиғалардың бәрі бірінен соң бірі жіпке тізгендей елестеді. Құмдағы адам ізіне куә болғаннан кейінгі өмірімнің екінші кезеңін, қамсыз, алаңсыз, бейқам өткен өмірімнің бірінші кезеңімен салыстырдым. Өзім көргенге дейін жабайылар менің аралыма бұрын-соңды келмеген деп ойлауым ақиқатқа қанша жанасар екен, мүмкін, олар менің аралда болған алғашқы жылымнан бастап жүздеп-мыңдап келіп-кетіп жүрген болар. Бірақ мен ол кезде ештеңе сезген жоқпын, менің жан дүниемде ешқандай қорқыныш болған жоқ, тыныш және бақытты тірлік кештім. Себебі қауіп барын білмедім, сондықтан алаңсыз тірлік кештім. Бұдан кейін, біз елеп-ескере бермейтін қиыншылықтан, қауіп-қатерден мейірімі шексіз жаратқан үнемі қорғап жүреді екен ғой деп тағы ойладым. Қауіп-қатерге толы өміріміз алдын ала біздің көзімізге тұтас көрініп тұрса, рухымыз мүжіліп, жан дүниеміз оған төзе алар ма еді? біздің қаннен-қаперсіз тірлік кешіп жүргеніміз қауіптің көзімізге көрінбейтінінде, қауіптің төніп тұрғанын алдын ала сезбейтінімізде.

Қаптаған ойдың артынан осы жылдар аралығында небір қауіп-қатерден қағыс қалған екенмін деп ойладым, өз қожалығымдамын деп еш қамсыз аралды кезіп жүре беріппін. Тау-тастың қуысы, түн я басқа да жағдайлар мені сұм ажалдан, жабайы-тағылардың тырнағынан құтқарған екен. Жабайылардың уысына түсер болсам, олар қылмыс жасап жатқандарын еш сезбестен, менің ешкі мен тасбақаны немесе көгершін мен балықты азық қылғаным сияқты, мені де тәбеттері ашыла жер еді. Осы тарапта қамқоршы Ұлы жаратушыма шексіз ризашылығымды білдірмесем, күпірлік болар еді. Қауіп-қатерден сақтаған, ажал аузынан арашалаған құдірет алдында басымды идім.

Бұдан кейін ой ағысы басқа арнаға ауды. Тағылар туралы ойладым, олардың адам етін жеу себебін түсінгім келді. Рахымы күшті, мейірімді, құдіретті күш иесі өзі жаратқан тіршілік иелерінің мұндай азғындыққа, турасын айтсам, адамдықтың шегінен шыққан, айуандықтан да сорақы, жыртқыштардан да жауыз болуына қалай жол берді екен деймін өзіме өзім. Бұл сол кезде мен жауабын таба алмаған сұрақ болатын. Енді мен бұл жабайылар әлемнің қай бұрышында тіршілік етеді, олардың жері менің аралымнан қашық па, олар не үшін осыншалықты қашық жерге келеді, қайықтары неден жасалған, олар менің аралыма келгенде, мен олардың жеріне кетіп қалсам қайтеді деген сұрақтардың шырмауында болдым. Құрлыққа жетсем қайтпекпін, қандай өмір күтіп тұр, егер олар маған шабуылдаса, құтылар амал бар ма деген сұрақтармен бас қатырмадым. Мен оларға көрінбей құрлыққа жетудің қандай да бір мүмкіндігі бар ма, жеткен жағдайда қалай азықтанамын, дұшпандарымнан құтылған жағдайда қайда бағыт аламын деп те бас қатырмадым. Бұлардың бірде-біреуі туралы ой басыма келген жоқ. Менің ойым – қайыққа отырып, қалайда құрлыққа жету. Сол кездегі халімді өте бейшаралық күйде елестеттім: менің халімнен тек өлім ғана төмен шығар. Егер мен құрлыққа дейін қайығыммен жағалап отырып, бір елді мекенге жетсем, қол ұшын беретіндер табылар, мүмкін, мені ала кетер еуропалық кеме ұшырасып қалар деп те ойға берілдім. Егер жаратушыдан жәрдем болмаса мені өлім күтеді, өлген соң бар қайғыдан өзінен-өзі арыламын. Әрине, бұл ойлар мені көңілім құлазып жаным күйзелгесін, сабырым азайып азабым бір басымнан асып үмітім алданғасын маңайлап алды. Қирап қалған кемеге де тірі қалғандары болар деген үмітпен, бұл қай жер, қалай аталады, бұл аралдан шығудың жолы бар ма деген ниетпен бас бұрған едім. Бір ойға бір ой түрткі болып, мені қатты мазалады, құдайға құлшылық қылу ниетінен айныдым. Құрлыққа аттану туралы ой өн бойымды жаулап алып қарсылық білдіруге шамам қалған жоқ, тіпті өз-өзімді меңгеруден қалдым десе де болғандай.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий