Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тірлік деген осы – біреу жан сақтаса, екінішісі жан береді. Кім екені беймәлім бұл адамдар су астында мұндай жартастардың болатынын білмегендіктен кемелері түнде солтүстік шығыстан соққан желдің екпінімен келіп қатты соғылған болуы керек. Егер кемедегілер бұл жерде арал барын байқаса (олардың байқауы екіталай), қайықтарын ағытып, жағаға жүзіп келер еді. Мен алауды жаққаннан кейін олардың зеңбіректі атқылауы үсті-үстіне күшейе түскені менің басымда бірталай болжамдарды тудырды: мен кейде олар мен жаққан отты көре салып, қайықтарына мініп жағаға қарай есе бастады, бірақ қатты толқынды игере алмай, суға батып кетті деп те ойладым, кейде жоқ, олар апатқа ұшырамай тұрып-ақ барлық қайықтарынан айырылған ғой деп те ойладым, өйткені кеме батып бара жатқанда қайықты сыртқа лақтыруға не сындыруға тура келетінін мен білетінмін. Мүмкін, дабыл қағылып белгі болған соң екінші кеме апатқа ұшырағандарға көмекке келіп, адамдарын құтқарған шығар. Тіпті бұлай да болуы ғажап емес: қайыққа отырған кеме экипажы қатты ағыстың иіріміне ұшырап, ығысып ашық теңізге шығып кетуі де мүмкін. Онда олардың ажалы жетті дей беріңіз, себебі бұл байғұстар аштықтан бірін-бірі жеп тынатыны айдан анық еді. Шындығында қираған кеменің тағдыры не болды екен, маңайлап жүрген бір кеме көмек қолын созбаса, мұндай дауылдан адам баласы аман қалады деп ойлаудың өзі қиын. Бірақ бұл болжам ғана еді, өкінішке қарай, бұл маңда басқа кеменің өзі түгілі ізі де көрінбеді.

Кемені көрген кездегі менің үмітімді, зарымды жеткізе алар сөзді қайдан табарымды білмеймін. Өз еркімнен тыс: “Құдай-ай, егер екі-үш… ең болмағанда бір адам аман қалып, жағаға жетсе, қасымнан тірі жан табылып, мен де адам баласы емеспін бе, тілдесіп шер тарқатар едім,” – дедім күбірлеп. Ұзақ жыл тақуа адамдай тірлік кешсем де, ешқашан да жалғыздықтың зарын дәл сол сәттегідей сезінбеппін.

Құштарлықтың өз құпиясы болады, ол көзге түсер қозғалыстағы бір нәрсеге деген құштарлық болуы мүмкін немесе көзге көрінбеуі де мүмкін; біздің түйсігіміздегі, қиялымыздағы құштарлық жан дүниемізді еріксіз жаулап алады және ол құштарлықтың орнын енді ешнәрсе де толтыра алмайды.

Қираған кемеден ең болмаса бір адам аман қалса деп қатты тіледім. “Бір адам! Бір адам!” деген сөздерді мың рет қайталадым. Бұл тілегімді саусақтарымды жиырып алып, қолымды қатты қысып, қалшылдап тұрып айттым: алақанымда жұмсақ бірнәрсе болғанда сөзсіз үгітіліп кетер еді, қатты тістеніп алғаным сондай, жағым қарысып қалды. Бұл адамның қандай жайдағы халі екенін дәрігерлер айта жатар, мен тек өз басымнан өткен жағдайды ғана баяндадым. Бұл жағдайға қалай түскенімді білмеймін, бір анығы, бұл кеше ғана қандастарыммен табысуға ынтыққан менің қиялымдағы шын бақыттың көрінісі, менің құштарлығымның

шегі болды деп айта аламын.

Тағдырдың жазуы ма я қырсық шалды ма, мұндай бақытқа жете алмадым, тек жағаға қалқып шыққан нәрселер қираған кеменің құрдымға кеткенінен хабардар етті. Аралдағы өмірімнің соңына дейін қираған кемеден тірі жан қалды ма, жоқ па, – біле алмадым. Бірнеше күннен кейін тағы да қайғылы оқиғаға куә болдым: кеме қираған тұсқа қарсы жақтан су бетіне өлген адамның мүрдесі қалқып шықты. Үстінде кенеп көйлегі, шалбары, сыртында теңізшілер киетін шолақ жейдесі бар. Оның ұлты кім екенін ажыратарлық еш белгі болмады; қалтасында екі алтын ақша мен мүштіктен басқа ештеңе жоқ боп шықты, – әрине, мен екіншісі үшін қуанғанымды осы жерде жасыра алмаймын.

Дауылдан кейін тыныштық орнаған соң қайыққа мініп кемеге дейін барғым келді. Өзіме керек-жарақтар табатыныма сенімді болдым, бірақ ниетім басқа – кемеде тірі жан қалған болса деп үміттендім. Бұл ой мені әбден жаулап алды: құдайдың құдіретімен кемеге жетпейінше күндіз-түні жаным жай таппасын білдім. Мен өз еркіме бағына да, қарсы да келе алмадым, – бұл құдайдың қалауы, орындамасам, ар алдында айыптымын деп ойладым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий