Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Менің күндерім дабыл қағумен өтіп жатты, ерте ме, кеш пе, мейірімсіз айуандардың тасқынына төтеп бере алмасымды білдім. Күнделікті қажеттіліктерім үшін де үңгірімнен шығудан қалдым, үнемі жан-жағыма жалтақтаумен болдым. Мал өсірудің қажеттігін білген кезімде оларды қамауда ұстауым керек деген ойымның қаншалықты оң болғанын енді білдім. Аралдың жабайылар келер тұсында мылтығымды да атудан қалдым. Олар мылтық даусынан үркіп қашып кетіп, келесі жолы екі жүз, үш жүз болып қайықпен қайта оралар болса, мені не күтіп тұрғанын көз алдыма оңай елестеттім.

Жыл толып үш ай асқан кезде жабайыларды тағы көрдім. Егер менің көзіме түспей қалып жүрмесе, осы уақыт ішінде олар аралға келген жоқ. Негізі олар бұл маңда көп тұрақтамайды да. Мен аралға аяқ басқан жиырма төртінші жылдың мамырында (менің есебім бойынша) олармен бір тамаша кездесу болды, оны керек жерінде айтып берермін. Осы он бес айдың мен үшін қаншалықты үрейге толы болғанын айтып жеткізе де алмаймын: өте жайсыз ұйықтап, күнде қорқынышты түс көріп, жиі-жиі шошынып жүрдім. Кейде түсімде жабайыларды өлтіріп, күнәмнан арылудың жолын таба алмай аласұрып жүремін. Күндіз де жанымды қоярға жер таппаймын. Бұл жайлы әңгімемді кейінге қалдыра тұруды дұрыс көріп отырмын.

Өз күндерімді белгілей бастаған менің ағаш күнделігіме жүгінсек, мамырдың ортасында, тура он алтысы күні, күндіз-түні найзағай ойнап, дауыл тұрып, табиғаттың бұл қаһары түнге ұласты. Мен бұл уақытта өзімнің тым жадау, тым жұпыны тірлігімді ойлап, Інжіл оқып отыр едім. Бір кезде маған теңіз жақтан шыққан сияқты боп көрініп зеңбірек даусы естілді.

Шошынғанымнан қалшылдап кеттім, бірақ бұл тағдырдың одан кейін көрсеткен сыйларымен салыстырғанда түк те емес еді. Басыма неше түрлі ойлар келді. Санаулы уақытымның бір минутын да зая жібермеуге тырысып, орнымнан атып тұрып, баспалдақты қойып, тауға өрмелей бастадым. Мен биігіне жете бергенде, отшашу аспанға атылып, артынан тағы зеңбірек атылды. Бұл бір ретте мен теңізге қайықпен шыққанымда, ағыс мені алып кеткен маңай екенін зеңбірек тарсылы шыққан тұстан аңғардым.

Бұл апатқа ұшырап, маңайынан өтіп бара жатқан кемеге құтқару дабылын қағып, көмек сұраған кеме екенін бірден білдім. Қобалжып тұрсам да өз-өзіме келіп, егер мен бұл адамдарды апаттан құтқарсам, бәлкім, олар мені ала кетер деп ойладым. Жалма-жан қолыма түскен ағаштарды жинап алып тұтата бастадым. Желдің болғанына қарамай құрғақ ағаш лап етіп, жалын бірден биікке көтерілді. Алаудың көкке көтерілгені сондай, егер кемеде адам бар болатын болса, олардың от ұшқындарын аңғармауы мүмкін емес еді. Олар да аңғарған болулары керек, жалын көкке көтірілген бойда, олар бірнеше дүркін зеңбіректерін қайта-қайта ата берді. Мен алауымды таң атқанша тұтатып отырдым, таң атып, көктің жүзі сейілгенде, тұман болғандықтан ба, дүрбімен де анық көре алмадым, солтүстік жағалаудағы теңіздің бетінен желкен бе, әлде кеменің бір бөлігі ме, – бір нәрсе қарауытты. Күні бойы қарауытқан нәрседен көз алмадым, ол орнынан қозғалмады. Бұл зәкір тастаған кеме шығар деп болжадым. Болжамымның дұрыстығына көз жеткізгім келіп, шыдамсыздана қолыма мылтығымды алып, жағаның оңтүстік шығысына, мені бір кезде ағыс алып кеткендегі жартасқа қарай жүгірдім. Тұман сейілді, бар маңай ап-анық көрініп тұрды. Өкінішке қарай, бұл қираған кеме болып шықты. Желдің күшімен ығып келіп су түбіндегі биік тасқа соғылған, сол жерде қирап, қайырлап барып шөккен екен. Су астында мұндай тастардың бар екенін қайықпен жүргенде көріп едім: ол тастар теңіз суы тасығанда қарсы ағыс туғызады, теңіздің тасып, судың жағаға шығуына бөгет болады, менің тағдырым қыл үстінде тұрғанда аман қалуыма осындай жағдай себеп болған екен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий