Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Итке тамақ бердім де, кеменің үстіне шықтым. Бірінші көргенім – кіре берісте екі адам өліп жатыр, қолдары айқасып, қарысып қалған. Кеме тасқа келіп соғылғанда үстерін су басып, сірә, тұншығып өлген; қалғандары қатты толқынның екпінімен суға батып кеткен болу керек, иттен басқа тіршілік иесі көрінбеді. Кеменің ішіндегі заттардың бәріне су тиген екен. Трюмде бір-екі бөшке көрінді, оның шарап екенін әлде басқа бір нәрсе екенін біле алмадым, – тым үлкен, қозғап әуре болғаным жоқ. Бірнеше сандық жатыр, шамасы, теңізшілердікі болу керек; екеуін қайыққа әкеліп салдым, аузын ашып қарағаным жоқ, ішінде не бар, не жоғын білмедім. Егер кеменің алдыңғы жағы қирап, арт жағы бүтін қалғанда, мен көп олжамен оралады екенмін: екі сандықтағы жүкке қарағанда кеме бағалы заттар тасыған болуы керек. Кеме Буэнос-Айрестен немесе Бразилияны жағалап Рио-де-Ла-Платыдан Гаваннаға немесе Мексика шығанағына жетіп, сол арадан Испанияға бет алған болу керек. Бұл кемеде қазынаның мол болғандығы күмәнсіз, бірақ өлім аузында қалғандар үшін қазынадан не қайыр, ал адамдардың тағдыры жайлы

ол кезде ешнәрсе білгенім жоқ.

Арақ-шарап құйылған болу керек, сандықтан өзге тағы бір бөшке алдым. Бөшке онша үлкен емес, ішіне жиырма галлон су кететіндей, бірақ көтеріп қайыққа әкелу өте ауыр болды. Каютадан бірнеше мушкет, сауытқа салған төрт қадақтай күкірт таптым; мушкетті емес, күкіртті алдым, өйткені күкірт керек еді. Бұлардан басқа күрек, қысқаш, екі бақыраш, жез шәйнек алдым. Жүктерді тиеп, итті қайыққа салып, су көтерілісімен, кідірместен жүріп кеттім, сол күні түнгі сағат бірдің шамасында әлім бітіп, әбден қалжырап аралыма жеттім. Қайыққа түнеп шығып, ертеңіне тиелген заттарды үйге емес, үңгірге тасығым келді. Тамақ ішіп әл жиып алдым да, әкелген жүкті жағаға түсіріп, тексеріп қарай бастадым. Бөшкеге құйылған ром екен, бірақ дәмі біртүрлі, ішуге келмейді. Сандықтан өзім зәру болып жүрген нәрселер табылды, мысалы, асты-үсті бітеу бір әдемі ыдыс, іші толған ликер құйған бөтелке (бөтелкенің әрқайсысында үш понтке жақын ликер бар), бөтелкесі жай емес, тығыны күміс, түрі әдемі, екі банкі тосап, мұның да аузы жақсы бекітілген, ішіне бір тамшы су кірмеген сол қалпы тұр, тағы бір банкі болған, оның ішіне су кіріп, бүлініп қалыпты, сандықтан жаңа көйлектер де табылды, мен киімге өте зәру едім; жиырма шақты бет орамал және мойынға салатын орамалдар да бар екен. Мен одан сайын қуандым, ыстық күнде тершіген маңдайды жұмсақ орамалмен сүртудің өзі керемет қой деп көз алдыма елестеттім. Сандықтың түбінде үш дорба ақша: шамасы, бір мың бір жүз пиастр, қағазға оралған үш алтын дублон және бірнеше алтын табылды, алтынның ауырлығы бір қадақ шамасы болады-ау деп шамаладым.

Екінші сандықта көптеген киім-кешек бар екен, бірақ бәрі де жарамсыз. Ішіндегілеріне қарағанда бұл сандық қатардағы зеңбірекшінікі болу керек: үш ыдысқа бөліп салған екі қадаққа жақын оқ-дәрі бар, бұл мылтықтікі болу керек. Бұл сапарымда қажетті деп тапқан нәрселерім өте аз болды. Алтынның мен үшін құны төмен, алтынымның бәрін жинап-теріп аяққа киер үш-төрт башмаққа, бір шұлық үшін бере салар едім, – мен шұлық, башмақ дегенді көрмегелі қай заман. Осы барғанымда төрт жұп башмақ алдым, екеуін өлгендерден шешіп алдым да, екеуі сандықтан шықты. Бірақ іздегенім табылса да, сапасы да, түрі де ағылшындардікіне ұқсамайды, башмаққа да келіңкіремейді, кебіс сияқты. Бір сандықтың түбінен түрлі ақшалар табылды, бірақ алтын емес. Бірінші сандық офицердікі де, екіншісі жай адамдікі ме деп ойладым.

Ақшаларды үңгірдің ішіндегі кемеден алған өз ақшаларыма үстеп, тығып қойдым. Қираған кемедегі қазынаға толық ие бола алмағаныма өкіндім, ондағы мүліктерді түгелімен қайығыма тиеп, бірнеше рет келіп-кетуге болатын еді. Егер күндердің күнінде құдай жарылқап, Англияға жетер күн туса, үңгірдегі ақшаны сәті туғанда алып кетер едім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий