Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кемеден алынғандарды үңгірге тасыдым да, қайыққа қайта келіп, оны жағадағы бұрынғы орнына әкелдім, сосын төте жолмен үйге қарай тарттым; үйім орнында, бәрі сол қалпы екен. Кішігірім үй жұмыстарымен айналысып, бұрынғыдай мамыражай қалыпта тірлік кеше бердім. Бірақ сіздер білесіздер, соңғы жылдары мен өз күзетімді күшейтіп, үйден шығуымды да сиреттім. Тек аралдың күншығыс тұсынан келер қауіп-қатер жоқ: жабайылардың ол жаққа келмейтініне әбден көзім жеткен соң, мылтығымды асып жүруді сиреттім.

Пенделік күйбеңмен екі жылды артқа тастадым (басыма небір жаман ойлар келді), бірақ осы уақыт ішінде көңілімді мұң басып, ішім шерге толды, мүмкіндігі болмаса да, аралдан қашып шығу туралы небір ойлар келді. Қираған кемеден іске татырлық түк қалмаса да, тағы барып көргім келді. Тәуекелге бел буғым келді, бірақ күмәндандым. Егер менің Салехтан қашып шыққандағыдай қайығым болса, мініп алып, ағыс қай жаққа әкетсе де қайығымда алаңсыз отыра берер едім. Өзімнің басымнан кешкендерім мен көрген-білгенімді сараласам, құдай мен табиғаттың бергені өз алдына, қайғыны адам баласы өздеріне өздері тілеп алады екен. Әке-шешемнің айтқанына көнбей кеткендігімді сөз қылмай-ақ, одан кейінгі де күнәларым мені қазіргі қайғылы жағдайыма алып келді. Егер Бразилияда аяқ асты байып кетпей, қарапайым ғана тірлік құрып, тұрмысымның біртіндеп жақсарғанына шүкіршілік еткенде, онда осы уақытта, аралда өткен жылдарды айтамын, Бразилиядағы ең бай плантаторлардың бірі болуым да мүмкін еді. Сол кездегі табысыммен шаруашылығым жүз есе артып, одан әрі де шалқып өмір сүре береріме сенімді едім. Бастаған ісімді, гүлденген плантацияны тастап құлдар тиеу үшін Гвинеяға не үшін келгенімнің жауабын таба алмаймын, жылы орнымды суытпай-ақ, жергілікті зәңгілер көбейген кезде оларды жұмысшы күші ретінде сатып алар едім ғой. Рас, оларды сатып алу үшін көп ақша жұмсар едім, бірақ менің сол тәуекелімнің құны менің өз өмірімнің құнынан артық емес еді. Адасушылық – жастыққа тән шығар, өмір жолы айқындалған ересектер де адасады, ал жастардыкі – албырттық. Менде де албырттық болды. Енді өз халіме, жағдайыма қайғырып, көңілдегі алаңым басылмады. Үнемі қайырсыз аралдан қалай шығамын, бұл қапастан қалай құтыламын деп қашып шығудың неше түрлі амалын ойлаумен жүрдім. Бұл бір тірі жанды түңілдірген, дұшпанның басына да тілемейтін бейнетті күндер болды; жанымды жүдеткен мекеннен қашып шығу туралы алғашқы ойларды, оны іске асырмақ болғаным жайлы сіздерге баяндап берсем, артық

болмас деп ойлаймын.

Қираған кемеге барып-қайтқаннан соң, қайығымды орнына қойып, мамыражай тірлігімді қайта жалғастырдым. Рас, менде ақша көбейді, бірақ маған одан келер қандай пайда бар. Перуға испандықтар баса-көктеп кіргенге дейін, үндістер үшін ақшаның қалай құны болмаған болса, мен үшін де оның солай еш құны болмады.

Аралға табаным тигеніне жиырма төртінші жыл толған наурыз айының ішінде бір күні жаңбырлы маусым басталып, күні-түні толассыз жаңбыр құйып тұрды. Аспалы кереуетімде денім сау, ешнәрсені ойламай, өзімді өзім керемет сезініп жатсам да, көзім бір сәтке де ілінбей қойды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий