Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бірақ мен ол кезде бұл туралы білгенім жоқ, сондықтан сәт сайын жабайылардың шабуылын күтіп үнемі үрейленіп жүрдім. Мен және менің шағын әскерім қашанда ұрысқа дайын болды: біз енді төртеуміз де жүз жабайы қаптаса да, қорықпай ашық майданда да соғысуға әзір едік.

Жабайылардың қарасы көрінбегесін, менің қорқынышым да аз-аздап сейіле бастады, құрлыққа аттансам деген ескі қиялым қайта қол бұлғады. Және Жұманың әкесінің: “Сізді жерлестеріміз өздерінің жарылқаушысы ретінде құшағын жайып қарсы алады” деген сөзі де қамшы болды.

Испандықпен арадағы салмақты бір әңгімеден кейін бұл жоспарды жүзеге асырудың қажеті бар ма, жоқ па деп күмәндана бастадым. Әңгіме барысында ұққаным, жабайылар қираған кемеден құтқарылған он жеті испандық мен португалдықты паналатса да, оларды жәбірлемесе де, бұл ақ адамдардың халі төмен екен, тіпті кейде ашығып қалатын күндері де болады екен. Олардың апатқа ұшыраған кемелері туралы сұрағанымда, менің қонағым бұл кеме Рио-де-Ла-Платыдан Гаваннаға келе жатқан испандық кеме, Гаваннаға бағалы аң терісі мен күмістерден тұратын жүктерін қалдырып, ол жерден қандай да бір еуропалық тауарлар тиеуге ниет еткендерін айтты. Ол тағы да апатқа ұшыраған португалдық кемеден бес матросты мінгізіп алғандарын, ал өздерінің экиажының бес адамы апат төнген бойда қазаға ұшырап, қалғандарының бірнеше күн ажалмен бетпе-бет келіп, ақыр соңында адам жегіштердің жағалауына тоқтауға мәжбүр болып, әр сәт сайын жабайыларға азық боламыз деген қорқынышпен өмір сүргені жайлы әңгімелеп берді. Олардың мылтықтары болғанымен күкірттері мен оқтары болмағандықтан қолдана алмаған: қайыққа өздерімен бірге алған оқ-дәрілері жолда бәрі дерлік су болған, ал қалған оқ-дәріні тамақ табу үшін аң аулаған кезінде-ақ бітірген. Мен одан, қалай ойласың, сендерді жабайылар елінде қандай тағдыр күтіп тұр және ол жерден құтыламын деп ешқашан талпынбадыңдар ма деп сұрадым. Ол: бұл жайында көп ақылдастық, бірақ бәрі де көзге жас алу және торығумен аяқталатын, өйткені бізде кеме де, оны жасайтын құрал-сайман да және ешқандай азық қорымыз жоқ еді деп жауап берді.

Бұдан соң мен тағы да одан – егер мен оларға қашу жоспарын жүзеге асыру үшін менің аралыма жиналайық деген ұсыныс айтсам, олар келісер ме еді, қалай ойлайсың, деп сұрадым. Мен сатқындық пен опасыздыққа ұрынып, олардың қолдарына алданып түсіп қалам ба деп қорқатынымды оған жасырмай айттым. Өйткені рахмет айту адамға тән кісіліктердің қатарына кірмейді және адамдар өз іс-әрекеттерінде мойнына міндет қылып алған парыздарынан гөрі пайданы көбірек басшылыққа алады. Жаңа Испанияда олардың тұтқынына түскен бірде-бір ағылшынның әлі құтылғанын көргенім жоқ, сондықтан, дедім мен оған, олардың тұтқынына айналу үшін ғана адамдарды бәледен құтқарсам, оның өкініші естен кетер ме; дін адамдарының тырнағына ілініп, инквизицияның түрмелерімен таныс болғанша, мен жабайылардың жеп қойғанынң өзі жақсы. Мен тағы оған: егер осы жерге оның бүкіл жолдастары жиылса, осыншама қол жабылып кеткенде Бразилия аралдарына не осы жерден солтүстікте жатқан Испания иеліктеріне біз бәріміз де аман-сау жете алатын кеме жасап алатынымызға анық көзім жетеді дедім. “Әрине, егер олар менің жасаған жақсылығымды аяқ асты етіп, өзім берген мылтықты өзіме қарсы бұрса, өздерінің көптігіне сүйеніп, мені еркімнен айырып, тұтқын есебінде еліне апарса, сонда күнім не болмақшы, қазіргімнен де ауыр халге душар боламын ғой”, – дедім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий