Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Менің даусым төбеден түскендей болған болуы керек, бәрі де селк ете түсіп, дауыс шыққан жаққа қарады да айуанға ұқсас тірішілік иесін көргенде одан да бетер зәрелері ұшты. Олардың біреуі де ләм-мим деп тіл қатпады, шамасы, олар маған қашпақ болғандай боп көрінді. Мен енді оларға ағылшын тілінде сөйлей бастадым: “Мырзалар, қорықпа-ңыздар, мен сіздерге дос шығармын”, – дедім. “Олай болса, сені көктен жіберген ғой, біз адам баласының көмегінен күдер үзгендерміз”, – деп бас киімін шешіп, біреуі сұңқылдап қоя берді. “Бар көмек құдайдан, мырза”, – дедім мен. “Сіздердің халдеріңіз адам қызығарлық емес, бөтен адам сіздерге көмегін аямас еді. Мен сіздерді алып келгенге, сіздердің жалбарынғандарыңызға және ол оңбағандардың сіздердің бастарыңызға қанжар ойнатқанына – бәріне куә болдым”, – дедім. Осы сөздерді естігенде бейшараның көзінен жасы сорғалап, тұла бойы қалтырап: “Менімен сөйлесіп тұрған Құдай ма, адам ба, періште ме, пенде ме?”– деді. Күдігіңізге күмән келтірмейміз, мырза, сіздің алдыңызда тұрған адам баласы, сенімді болуыңызға болады деп жауап бердім. “Сеніңіз, егер сізге құдай періште жіберсе, ол мен сияқты киініп, мен сияқты қаруланбайтын шығар. Өтінемін, қорқынышыңызды басыңыз. Мен адаммын, ағылшынмын, сізге қол ұшын бергім келеді. Көріп тұрсыз, біз екі адамбыз, мен және менің қызметшім. Біздің қару-жарағымыз бар және жеткілікті. Сіздерге қандай көмек керек, ашық айтыңыздар. Мұндай күйге қалай душар болдыңыздар?”.

“Басымыздан кешкенді баяндауға ұзақ уақыт керек, ал жауыздар айналамызда жүр. Мырза, қысқа ғана қайырып айтсам, былай: мен кеме капитанымын, арамызда үлкен жанжал шығып, бұлар мені өлтірмекші болды, жалынып-жалбарынып өмірімізді арашалап алдым, олар мені, көмекшімді және бір жолаушыны, өздеріңіз куә болғандай, шөл далаға тастап кетпек болды. Бізді тіршілік белгісі жоқ аралға тастап кетпек болғанда, ажалымыз жетті деп ойлағанбыз. Енді сіздермен тосын ұшырасқанымызды қалай жорырымызды білмей тұрмыз”, – деді.

Мен: “Ол айуандар – сіздердің қас дұшпандарыңыз қайда, – деп сұрадым. «Өздері қалай қарай кетті?” “Олар ағаштардың астын көлеңкелеп жатыр”, – деп орман жақты нұсқады ол. “Бізді көріп даусымызды естіп қала ма деп, қорқыныштан тұла бойым қалтырайды, егер қолдарына түссек, бәрімізді де өлтіреді” деді. “Олардың қарулары бар ма?”– дедім мен. Ол: “Екеу ғана, біреуін қайыққа қалдырып кетті”– деп жауап берді. “Тамаша,– дедім мен, – қалған істі өзім реттеймін. Олар қатты ұйқыға кеткен сияқты; бізге оларды қырып салу түкке тұрмайды, бірақ оларды тұтқынға алғанымыз жөн емес пе?”. Капитан олардың ішіндегі екеуіне рақымшылық етуге болмайды, олар өте қауіпті адамдар, осы екеуінің көзін құртсақ, қалғандары айтқанға көніп, өз міндеттерін атқара алады деді. Мен капитанға ол екеуін көрсетіңіз деп өтінгенімде, арамыз қашық болғандықтан қалғандарынан ажырата алмайтынын, бірақ менің әміріме бағынып, бұйрығымды орындайтынын айтты. “Мұндай жағдайда, әрірек барып тасалайық, әйтпесе оларды оятып жібереміз” – дедім мен. Үшеуі де менің соңымнан еріп, біз дұшпандарымыздың көзінен таса болдық. “Мырза, тыңдаңыз, – дедім мен, – мен сіздерді құтқаруға тырысып көремін, бірақ менің әуелі қояр екі шартым бар…”. Ол менің сөзімді аяқтатпады. “Қандай әміріңіз болса да, мен сіздің құлдығыңыздамын, мен және менің кемем қарақшылардың қолынан азат болған болса, тірі тұрғанда сіздің құлыңыз болып өтемін, қайда жұмсасаңыз, сол жерден табыламын, жер бетінде жүрсем, сіз үшін жанымды қиюға да дайынмын» – деп уәде

берді. Екі жолдасы да осы сөзді мақұлдады.

“Онда, мырзалар, – дедім мен, – менің шарттарым: біріншіден, сіздер менің аралымда болғандықтан, билікке таласпайсыңдар, керек кезінде сіздерге мылтық берсем, оны өзіме қайтарасыңдар. Маған және менің қарамағымдағыларға жаман ниетте болмайсыңдар, менің өкіміме бағынасыңдар, екіншіден, егер кемелеріңді қолға түсіріп алсақ, мені және менің қызметшімді Англияға дейін ақысыз-пұлсыз апарасыңдар”, – дедім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий