Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Капитан екеумізге тек басымыздан кешкендерімізді бір-бірімізге бастан-аяқ баяндап беру ғана қалды. Ең әуелі мен басымнан өткендерді баяндадым. Ол бар ықыласымен тыңдап отырды. Қираған кемеден азық-түлік, мылтық, басқа да керекті заттарды алуға мүмкіндік берген ғажайып кездейсоқтыққа қатты таңғалды. Менің әңгімем оны қатты таңғалдырғанына таңырқаудың да еш қажеті жоқ еді, өйткені менің аралдағы өмірім өзі толықтай таң қаларлық оқиғалардан тұратын. Менің ерекше тағдырымнан оның ойы табиғи түрде өз тағдырына ойысып, менің мұнда тек оны құтқарып қалу үшін ғана аман-есен сақталып қалғандай боп көрінгенде көзінен жас парлап, әрі қарай бір ауыз сөз айтуға да шамасы келмеді.

Осыдан кейін мен оны және оның екі жолаушысын өз қорғаныма шақырдым, онда біз менің әдеттегі жолыммен, яғни үйдің шатыры арқылы кірдік. Мен қонақтарымды тамақтандырып, содан кейін ұзақ жылдар жалғыз тіршілік еткендегі небір айла-амалмен құрастырған үй шаруашылы-ғыммен таныстырдым.

Олар менің айтқандарымның бәріне таң-тамаша болды. Айналасы баумен қоршалған, бұл күнде тоғайға айналған менің қорғаныма капитан аса таңданыс білдірді. Расымен де, шөлді аймақтағы менің еккен өсімдіктерім жиырма жылда қара орманға айналды, өзім әдейілеп жасаған жалғызаяқ жол болмаса, бұл жерге бас сұғу мүмкін емес еді. Мен жаңа таныстарыма бұл менің басты ордам, бірақ сырт жақта өзім анда-санда барып жүретін сарайларым да бар: сарайымды реті келгенде көрсетермін, ал қазір қарақшылардан кемені құтқарып қалу жөнінде ақылдасуымыз керек дедім. Капитан менімен келісетінін толық білдіре отырып, кемеде әлі жиырма алты адамның бар екендігін, және бұған енді қалай кірісерін білмей басы қатып отырғанын айтты. Олардың барлығы заң бойынша өлім жазасына бұйырылатын қылмысқа, яғни астыртын әрекетке қатысы болғандықтан да соңына дейін өз бүліктерінен қайтпай, ең шетін жағдайларға дейін барады деді. Олар қолға түссе Англияға немесе қандай да бір ағылшын отарына келісімен өздерінің дарға асылатындықтарын жақсы біледі. Ал осындай жағдайларда әлсіз күштермен, олармен соғысудың өзі ақылға сиымсыз нәрсе. Капитанның сөзі мені ойландырып тастады. Оның болжамының негізі бар. Солай болғанына қарамастан енді бір шешімге келу керек еді: не оларды алдап тұзаққа түсіріп, аңдаусызда үстерінен тап басып түсу керек те, не болмаса олардың жағаға шығуын және бізді қырып салуына кедергі келтіруіміз керек. Бірақ осы жерде маған бір ой келді, кемедегілер қайықпен кеткен өз жолдастарының тағдырына алаңдап, екінші қайықты оларды іздеу үшін көп кешікпей аттандыратын болады. Бұл жолы олар қаруланып келеді де, біздің оларға әліміз жетпей қалуы да мүмкін. Капитан менің болжамдарым негізсіз емес деді. Меніңше, дедім мен, біз әуелі қарақшылар бірінші партия тиеліп келген баркасты кері алып кетпеуіне қам жасауымыз керек дедім, ол үшін біз оны жүзуге жарамсыз қылып тастауымыз керек. Біз сол сәтте қайыққа аттанып, одан қару-жарақ, оқ-дәрі салынған сауыт, екі бөтелке – бірінде су, екіншісінде ром, бір қапшық кепкен нан, үлкен қапшық қант (бес-алты фунт шамасында) түсіріп алдық. Бұл олжамыз үшін қатты қуандым, әсіресе, арақ пен қант үшін: өйткені онысын да, мынасын да

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий