Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Не болса да ақырына дейін төзімділікпен күтуден басқа жол жоқ еді. Жеті адамды түсіріп жіберген соң, үш адамы бар шлюпка жағадан әжептәуір ұзап барды да зәкірін түсірді, сөйтіп бізді өзіне жетудің бар мүмкіндігінен айырды.

Жеті барлаушы жұбын жазбастан менің үйім тұрған төбешікке қарай көтерілді. Біз оларды анық көріп тұрғанымызбен, олар бізді көре алмайтын еді. Бәріміз бірдей оларға оқ жаудыру үшін, олар бізге жақынырақ келер ме екен деп, не болмаса, керісінше, олар алысырақ кетіп, біз бой тасалап отырған жерімізден шығуға мүмкіндік берер ме екен деп үміттендік. Бірақ түйетайлы орманды аңғарлармен теңізге қарай түсетін, төбесінен қарағанда аралдың бүкіл солтүстік-шығыс бөлігі көрінетін шоқының жотасына жетісімен, олар тоқтап, тағы да дауыстары қарлыққанша айғайлап шақыра бастады. Ақыры, жағадан және бір-бірінен алыс кетуге қорықса керек, олар бір ағаштың түбіне отыра қалып өзара кеңесе бастады. Алғашқы лекпен келгендердей бұлардың тек ұйықтаулары ғана қалып еді; онда біздің іс оңға басар еді. Бірақ қорқыныш ұйқыға жетелемейді, өздеріне қандай қауіп төніп тұрғанын және оның қай жақтан келерін білмесе де, бұл адамдардың бойын үрей билеп алып еді.

Осы кезде капитанның басына бір тапқыр ой келді, нақтылай айтқанда, егер олар жоғалған жолдастарына тағы да мылтық атып белгі беретін жағдай туа қалса, олар мылтықтарын қайта оқтап үлгергенше, біздер тарпа бас салуымыз керек, өйткені олардың мылтықтары оқталмаған болады деді. Сөйтіп оларға енді берілуде басқа ештеңе қалмайды және іс қантөгіссіз аяқталады деді ол тағы да.

Жоспар жаман емес еді, бірақ оның жүзеге асуы мына бір шартты орындағанда ғана жүзегі асуы мүмкін-тін: біз, жау дүркін оқ атқан мезетте, олар мылтықтарын қайта оқтап үлгергенше, оның қасына жетііп үлгеретіндей әжептәуір жақын қашықтықта болуымыз керек еді. Бірақ дұшпан атуды ойына да алған жоқ. Көп уақыт өтті. Біз бәріміз, қандай іске бел шешерімізді білмей, торуылда отыра бердік. Ақыры мен: меніңше, қараңғы түскенше бізге бірдеңе істеймін деп ойлаудың да еш реті жоқ дедім. Қас қарайғанша жетеуі қайыққа оралмаса, онда біз түн қараңғылығымен жағаға жасырын келіп, қайықта отырғандарды алдап қолға түсіреміз дедім.

Уақыт тіпті де жылжымай қойды. Жауымыздың қозғалар түрі жоқ. Біз бұлардың кеңесі бүгін аяқталмас деп ойлағанбыз, ал олар орындарынан тұрып, теңізге қарай нық қадам басқанда, біздің қалай көңіл күйіміз түсіп қалғанын көрсеңіздер ғой. Шамасы, белгісіз қауіптің қорқынышы жолдастық сезімнен жоғары болса керек, енді олар барлық іздестірулерін қойып, кемеге оралуға бел байлады.

Олардың жағаға бет алғандарын көргенімде, мен оқиғаның мән-жайын бірден түсіндім. Менің қаіпімді тыңдап болып, капитанның ұнжырғасы тіпті түсіп кетті. Бірақ осы жерде менің басыма кенеттен дұшпанды кері оралтудың жоспары келе қалды. Бұл жоспар менің ниетіме керемет сай еді.

Мен Жұма мен капитанның көмекшісіне қойнаудан батысқа қарай, Жұманы азат ететін күні жабайылар жағаға табан тіреген жерге қарай барыңдар деп бұйрық бердім; сосын, төбеге жарты мильдей қашықтыққа көтеріліп, теңізшілер естігенше жандарыңды салып айқайлаңдар дедім; аналар жауап берген кезде, орын ауыстырып, тағы да дыбыс беріңдер, осылайша үнемі орын ауыстыра отырып, жауды олар адасып кететіндей болғанша орман түкпіріне алдап шақыра беріңдер де, өздерің мен көрсеткен айналма жолмен маған қайтып келіңдер дедім.

Қойнау жақтан Жұма мен капитанның көмекшісінің даусы естілгенде теңізшілер қайықтарына отырып та жатыр еді. Олар бірден жауап қатты да дауыс шыққан тұсқа жағаны бойлап жүгіре жөнелді; бірақ қойнауға жеткен кезде тоқтауға мәжбүр болды, себебі су көтеріліп, қойнаудағы су өте жоғары тұр еді. Олар ақырында өзара кеңесіп алып, шлюпкада қалғандарға жақындап, бізді ана жағалауға жеткізіңдер деп айғайлай бастады. Менің күткенім де осы еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий