Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мұндай қатал шешім губернатормен қылжақтауға болмайтынын түсіндіруге тиіс еді. Қалай болғанда да, олардың менің талабымды орындамасқа амалдары жоқ-тын. Бес тұтқынның қабылдаған анттарынан айнымауы енді кепілге алынғандардың өздерінің және осыны оларға жақсылап тұрып жеткізуге тиіс капитанның бас ауыртар уайымына айналып еді.

Сонымен, енді біз мынадай әскери күшке ие болдық: 1) капитан, оның көмекшісі және жолаушы; 2) бірінші партиямен келгенде қолға түскен екі тұтқын, – капитан олар үшін кепіл боламын деген соң, екеуіне де еркіндік беріп, қолдарына қару ұстаттым; 3) қолдарын байлап, саяжайға апарған екі тұтқын, – оларға да капитанның өтініші бойынша еркіндік бергенмін; 4) ақырында, ең соңынан еркіндік алған бес адам: кепіл есебінде үңгірде қалған бесеуін есептемегенде барлығы он екі адам.

Мен капитаннан осы күшпен кемеге шабуылдауды мүмкін деп ойлайсыз ба деп сұрадым, өйткені Жұма екеуміздің бұл арадан алыстауымыз қолайсыздық туғызады, себебі бізде жеті тұтқын бар, оларды бөлек-бөлек күзетіп, тамақтандырып тұру керек екенін айттым.

Үңгірдегі бес тұтқынға қатаң тәртіп орнаттым. Жұма оларға күніне екі рет ас-су апарып беріп тұрды. Саяжайда жатқан екі тұтқынға да азықтарын жеткізіп тұрды. Бірде саяжайдағы екі тұтқынға капитанмен бірге ілесіп келдім. Капитан оларға менің губернатордың сенімді өкілі екенімді, тұтқындарды бақылап тұруды губернатор маған тапсырғанын; оның рұқсатынсыз бір қадам аттай алмайтындарын, егер қарсылық көрсете бастаса, қолдарына кісен салып, қамауда ұстайтынын айтты. Осы уақытқа дейін олардың губернатор есебінде көздеріне түспесем де, қызметтегі адамның кейпіне еніп, әлгілердің көзінше, губернатор, гарнизон, абақты, тағы да басқа сөздерді айту маған аса қиын болған жоқ.

Капитан енді екі қайықты да жабдықтап, біреуінің түбіндегі тесігін жамап, оларға отыратын адамдарды тағайындауға кірісті. Ол бір қайыққа жолаушыны командир етіп тағайындап, қарамағына төрт адам берді; ал өзі және көмекшісі, бес теңізшімен екінші қайыққа отырды. Олардың аттанысы сәтті болғаны сондай, түн ортасында кемеге барып жетіпті. Кемедегілердің дауыстары естілетіндей жерге жеткенде капитан Робинзонға: бастапқыда кемедегілерді дауыстап ұзақ іздеуге тура келді, қайық пен адамдарды жіберіп отырмыз деп, сосын әңгімеге тартып алаңдату керек деді. Бұл өтірік әңгімеге алаң боп тұрғанда, қайық кеменің түбіне келіп жетті. Кемеге жеткен бойда капитан мен көмекшісі тездетіп палубаға шығады да, мылтықтың дүбімен капитанның екінші көмекшісі мен кеме шеберін ұрып жығады. Палубадағылардың бәрін өз теңізшілерінің көмегімен тұтқынға алып, содан кейін төмендегілер шығып кетпеуі үшін люктің аузын бекітеді. Сол кезде кеме тұмсығы жағынан екінші қайық келіп үлгерді, бұл топ кеме асханасы арқылы түсетін жақтан люкке кіріп, үш адамды тұтқындады.

Дұшпандарды құрықтағаннан кейін, капитан көмекшісіне үш теңізші отырған каютаның есігін бұзып, бүлікшілер тағайындаған жаңа капитанды алып шығыңдар деп бұйырды. Бір дүрмектің боларын сезіп қаруланған іштегілер, тойтарыс беруге дайындалған екен, капитан көмекшісі өз адамдарымен каютаның есігін ашпақ болғанда, іштегі жаңа капитан мен оның жақтастары бұларға қарсы ұмтылды. Көмекшінің қолына оқ тиді, екі теңізші де жарақат алды, бірақ ешкім өлген жоқ. Капитан көмекшісі өзінің жарақатына қарамай жедел каютаға еніп, жаңа капитанның басына тапаншасын тақап тұрып атты, оқ аузынан кіріп, құлағынан бір шықты. Бұл оқиғадан кейін

қалғандары сөзге келмей беріліп, ешбір қан төгілген жоқ.

Жағдайды жайластырған соң, капитан жеті рет атыңдар деп бұйрық берді. Бұл іс сәтті өткен соң, маған берілер белгі еді. Сағат түнгі екіні көрсеткенше мен осы хабарды күттім, қалай қуанғанымды өздеріңіз түсінерсіздер.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий