Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Капитан кемеге аттанған бойда мен бес тұтқынды алдырып, олардың алдағы тұрмысы жайлы әңгіме қозғадым. Сендердің таңдауларың дұрыс болды дедім мен, сөзімді қайталап, егер отандарыңа оралар болсаңдар, сендерді тек өлім жазасы күтіп тұрар еді деп, кеме желкенінде керіліп тұрған жаңа капитанның жансыз денесін көрсеттім.

Олардың аралда шын көңілдерімен, қуана-қуана қалып тұрғандарына көзімді жеткізген соң, аралдағы өмірлерінің алғашқы кезінде қиындыққа душар болмасын деп, аралдағы өмірімнің тарихымен таныстыру ниетімен, әңгімемді бастап кеттім. Мен оларға аралға келген күнімнен жүзім жинағанымды, күріш, арпа еккенімді, нан пісіруді үйренгенімді түгел тәптіштеп тұрып айтып бердім. Мен оларға қорғанымды, егістігімді, қотанымды көрсеттім, – бір сөзбен айтқанда, оларды мейілінше ыңғайлы орналасуы үшін қолымнан келгеннің бәрін аямадым, сондай-ақ, жуырда оларға он алты испандықтың келетінін де айтуды ұмытпадым; мен оларға келетін қонақтарға деп хат беріп, оларды өз қауымдастықтарына тең құқықты жағдайда қабылдайтындықтары жайлы уәделерін алдым.

Мен оларға барлық қару-жарағымды, атап айтқанда бес мушкет, үш аңшы мылтығын және үш шпага, сондай-ақ бір жарым бөшке күкірт қалдырдым; оның менде мұнша көп қалған себебі, алдыңғы екі жылды айтпағанда, мен мылтықпен атпадым десе де болады. Мен оларға ешкілерді бағу, сауу, сүт алу, ірімшік жасау жайлы да көп кеңес бердім. Келтесінен қайырсам, оларға аралда өткен бар күндерімді жайып салдым. Сөзімді қорыта келе, капитаннан сендерге тағы жарты бөшке бытыра, жеміс-жидектер тұқымын қалдыру жөнінде өтінемін дедім. Капитанның маған әкелген бір қапшық бұршағын да тұқымдыққа сақтаңдар деп соларға бердім.

Осы ақыл-кеңесімді оларға айтып, екінші күні таңертең кемеге келіп жеттім. Бірақ аттануға қанша асықсақ та, сол түні зәкірімізді көтеріп жолға шыға алмадық. Келесі күні, таң ата бес тұтқынның екеуі қалған үшеуіне қатты шағым айтып, кемеге жүзіп жетті. Олар Иса мәсіһтің атымен жалбарынып, одан кейін асып қоятын болса да өзімізбен бірге ала кетуімізді сұрады, өйткені, олардың сөзіне қарағанда, егер олар аралда қалса бәрібір өлім күтіп тұр екен.

Олардың өтініштеріне жауап ретінде, капитан менің рұқсатымсыз оларды ала алмайтынын ескертті. Бірақ ақырында, олар түзеліп, өздерін үлгілі ұстайтындықтарына салтанатты түрде ант қабылдатуға мәжбүр етіп, біз оларды кемемізге алдық. Біраз тоқмаш жеп және дүреленген соң олар өте әдепті және көнгіш жігіттерге айналды.

Су көтерілген соң капитан аралдағы тұрғындарға берген уәдесі бойынша, заттарды тиеп шлюпка жіберді. Менің өтінішім бойынша бұл заттарға ол олардың киім-кешектері салынған сандықты да қосты, олар бұған керемет риза болды. Мен де оларды ұмытпайтынымды айтып, егер жолшыбай кеме кездессе сендерге жіберемін деп уәде беріп, көңілдерін бір көтеріп қойдым.

Аралмен қош айтысып, өткен күндерден белгі ретінде өзіммен бірге ешкі тымағымды, қолшатырымды және бір тотықұсты алдым. Бір кезде сіздерге айтқан ақшаларды алуды да ұмытпадым, бірақ олар қолданыссыз өте көп жатқаны сондай, әбден күңгірттеніп және тот басып кетіпті, тек жақсылап тұрып тазалағаннан кейін ғана олар қайтадан күміске ұқсай бастады; мен сондай-ақ испан кемесінің қирандыларынан тапқан ақшаларды да алдым.

Осылайша мен жиырма сегіз жыл, екі ай, он тоғыз күн дегенде аралмен қош айтысып, кеме күнтізбесі бойынша 1686 жылы, желтоқсанның 19-ы күні аралдан аттандым. Аралмен қоштасқан уақытым, баяғыда Салех маврларынан қашып шыққан уақытыма тура келеді.

Теңізде ұзақ уақыт саяхаттап, отыз бес жыл уақыт өткесін, 1687 жылы маусымның 11-і күні Англияға жеттім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий