Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сіз қарсы болмасаңыз, мен бұларды өз еріктерімен осы аралда қалдыруларын жалынып сұрайтындай етіп берейін дедім. “Әрине, мен бұған тек қуанатын боламын” деді капитан.

“Жақсы, – дедім мен, – қазір мен оларды адамдарымды жіберіп алдырып, сіздің атыңыздан сөйлесемін”. Сосын Жұманы және екі тұтқынды (біз оларды босатқанбыз) шақырып алып, үңгірдегі бес тұтқынды алып саяжайға баруға бұйрық бердім, мен келгенше қол-аяғын шешпеңдер дедім. Біраз уақыт өткеннен соң мен оларға жаңа костюмімді киіп, бұл жолы губернатордың өзі ретінде бардым. Бәрі жиналып, капитан да қасымнан орын алған соң, аяқ-қолдары байланып жатқандарды алып келіңдер дедім; мен оларға капитанға жасаған қастықтарың, кемеде көрсеткен зорлық-зомбылықтарың бүге-шігесіне дейін мәлім етіп, құдай көмекке келмегенде қарақшылық істерің жалғасын таба берер ме еді, енді, міне, біреуге ор қазып, өздерің түсіп тұрсыңдар дедім. Мен оларға менің өкімім бойынша кеме заңды иесіне қайтарылады және жорыққа аттанғалы тұр, енді сендер таңдаған жаңа капитанды сатқындығы үшін лайықты жаза күтіп тұр; оны көп ұзамай рейде асылып тұрғанын көресіңдер дедім. Сосын мен олардан өздеріңді ақтап сөйлейтін сөздерің бар ма, өйткені мен сендерді де қарақшы деп танып, дарға

асуға толық құқым бар дедім.

Олардың арасынан біреуі шығып: біздің ақталар сөзіміз жоқ, бірақ капитан рақым етеміз деп уәде берген, сондықтан сізден мойынсұна кешірім өтініп, жанымызды аман алып қалуды жалбарына сұраймыз деп барлығының атынан жауап берді. Мен оларға: “Шынымды айтасам, сендерге қандай қайырымдылық көрсетерімді де білмеймін. Мен барлық адамдарыммен аралды тастап кетуге бел шештім; біз кемемізбен Англияға аттанамыз. Ал сіздерге келетін болсақ, капитан мен оларды Англияға келісімен бүлік пен сатқындықтары үшін сотқа беруге аяқ-қолдарына кісен салып қана өзіммен бірге алып жүре аламын деп отыр. Ал сендерді бұл үшін дар ағашы күтіп тұрғанын жақсы білесіңдер. Сондықтан сендерді өзімізбен бірге алып жүргеніміз қайырымдылық бола қояр ма екен. Егер менің ойымды білгілерің келсе: мен сендерге аралда қалуға кеңес берер едім; осы жерде орын тебуге тырысып көріңдер: тек осы жағдайда ғана, – өйткені маған осы жерден кетуге рұқсат етілгендіктен де, – мен сендерге рақымшылық жасай аламын».

Олар менің ұсынысымды қуана қабылдады және маған шексіз алғыстарын білдірді, олар дар ағашының тұзағына іліну үшін ғана Ангилияға барғаннан гөрі, шөл далада өмір сүргеніміздің өзі артық дегенді айтты.

Капитан ұсынысыма қарсы болғандай кейіп танытып, оларды мұнда қалдыруға батылым бармайды деді. Сол шақта мен де, өз кезегімде, оған ашуланғандай түр көрсеттім. Мен оған: «Бұлар менің тұтқыным, сіздікі емес. Мен оларға рақым етемін деп уәде беріп едім және сөзімде тұрамын; егер сіз менімен келісуді мүмкін деп таппасаңыз, мен қазір оларды бостандыққа қоя беремін, сосын оларды қалай ұстайты-ныңызды өзіңіз білесіз» дедім.

Оларға ара түскенім үшін тұтқындар тағы да маған ыстық алғыстарын жаудырды, осылайша іс өз ретіне келіп те қалған еді. Мен олардың қол-аяғын босатуға бұйрық беріп оларға: “Енді орманның біз сендерді алып кеткен тұсына барыңдар; мен сендерге бірнеше мылтық, киім-кешек қалдыруға бұйрық беремін және алғашқы кезеңге қажетті кеңес айтамын. Егер қаласаңдар, бұл жерде жаман өмір сүрмейсіңдер» дедім. Осы келіссөздерден кейін үйіме келіп, жолға жинала бастадым. Мен капитанға ескерттім; келесі таңға дейін дайын болмайтынымды айтып, сіз менсіз кемеге барып оны жорыққа дайындай беріңіз, ал маған таң ата қайық жіберерсіз» дедім. Айтпақшы, деп сөзімді жалғадым мен, осы жерде қалатын ана бесеуіне сабақ болсын, өлген капитанның денесін желкенге керіп қойыңыздар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий